Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Қалайы (ІІ) хлоридінің әсері



бет19/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
6. Қалайы (ІІ) хлоридінің әсері
Hg (I) тұзының 1 тамшы ерітіндісіне 2-3 тамшы жаңадан дайындалған SnCl2 ерітіндісімен әсер еткенде ақ тұнба түзіледі, біраз тұрғаннан кейін қарайып [Hg2]2+ ионы металдық сынапқа дейін тотықсызданады:


Тәжірибе: Сынап (І) нитраты ерітіндісінің 2 тамшысына 2 тамшы жаңа дайындалған ерітіндісін қосады, біртіндеп қараятын ақ түсті тұнба каломель түзіледі.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) реакцияның жүруіне сынаптың (ІІ) тұзы кедергі келтіреді.
7. [Hg2]2+ -ионының бос сынапқа Hg дейін тотықсыздануы
Тәжірибе: Мыс пластинкасына Hg (I) тұзының ерітіндісін тамызып, қал-дырып қою керек. Бірнеше минуттан кейін пластинкада сұр дақ – металл күйіндегі бос сынап пайда болады. Пластинканы сумен жуып және дақты мақтамен немесе фильтр қағазымен сүрткенде жылтырайды:
Hg2(NО3)2 + Cu → Cu(NO3)2 + 2Hg↓
Тәжірибені жүргізу жағдайлары:
1) мыс пластинканы зімпарамен немесе егеу қағазбен тазарту керек.
2) күшті тотықтырғыштар реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
3) реакция кезінде тотықсыздандырғыштардың болмауы тиіс.
8. Дифенилкарбазон [Hg2]2+ катиондарымен сия көк және көк түсті қосылыс түзеді.

NH-NH-C6H


О = С
N = N-C6H5 Р-ция теңдеуін жазу керек


Тәжірибе:
Заттық шыныға зерттелетін ерітіндіні тамызып, оған 2% азот қышқылын және дифенилкарбазон қосқанда тамшы көк немесе сия көк түске боялады. Мұндай түске Hg(ІІ) катионы және CrО42- ионы да боялады.
Тәжірибенің жасалу шарттары:
1) Hg2+ катионы және СrО42- анионының болмауы шарт.
2) Сu2+, Fe2+, Fe3+, Cr3+, Со2+ катиондары бейтарап және сірке қышқылы ерітінділерінде боялған қосылыс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет