Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет77/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

Cu2+ катионын анықтау.
Ол үшін ерітіндінің 2-3 тамшысына K4[Fe(CN)6] қосады, Cu2+ ионы болса қызыл-қоңыр түсті Cu2[Fe(CN)6]↓ тұнбасы түзіледі. Немесе басқа сынауыққа 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіні алып оған NH4OH ерітіндісін қосады, сонда көк түсті [Cu(NH3)4]2+ ерітіндісі пайда болады.
Hg2+ катионын анықтау:
Тұнбаға концентрлі азот қышқылын (HNО3конц.) және сутегі асқын тотығын (H2О2) қосып HgS→Hg2+ ионына айналдырады да, оны мыс пластинкасында бос сынапқа дейін тотықсыздандырып, сынап жылтырының түзілгенінен байқайды
Ni2+ катионын анықтау.
Ерітіндінің бір бөлігіне диметилглиоксим ерітіндісін қосқанда ашық-қызыл тұнбаның түзілуі ерітіндіде Ni2+ катионының барын көрсетеді.
Cd2+ катионын анықтау.
2-3 тамшы ерітіндіге сондай көлемде K[BiJ4] немесе KJ + Bi(NО3)2 ерітіндісін қосқанда BiJ3↓ қара тұнбасы түзіледі.
Со2+ катионын анықтау.
Ерітіндіге KSCN ерітіндісін қосқанда кобальт(ІІ) бар болса көк түсті калийдің тетрароданокобальтатының (ІІ) K2[Co(SCN)4]тұнбасы түзіледі.

18- кесте. IV, V, VI топ катиондары қоспасының анализ жолы


1. Fe2+, Fe3+, Sb3+ катиондарын жеке байқаулар арқылы анықтауға болады.

2. Барлық катиондар қоспасына рН=10-12 болғанға дейін NaOH натрий гидроксидін қосады, Н2О2ерітіндісін қосып, центрифугаттайды.

Тұнба. V және VI топ катиондарының гидроксидтерінің тұнбасын (I) HNО3-пен ерітіп, қыздырады, содан соң NH4OH және NH4 Cl қосып араластырып, қыздырып, центрифугаттайды.

Ерітінді. СrО42-, AsO43-, ZnO22-, АIO2-, SnO32- тұз қышқылымен бейтараптап (рН=5-6), 14 кестедегідей анықтайды.

Тұнба. бесінші топ ка-тиондары гидроксидтер түрінде болады. Оны бесінші топ катиондарын анықтайтын әдіс-пен анализдейді (16-кестедегідей).

Ерітінді. VI топ катиондары аммиакат түрінде және Mg2+ болады.
Mg2+ катионын жеке байқау арқылы анық-тайды. Басқa ерітіндіні рН=3-4 дейін НСl-мен бейтараптап, алтыншы топ катиондарын анықтайды (18 кестедегідей).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет