Бiз емленi еpмекке түземеймiз, оңайлансын деп түзетемiз. Олай болса, мына
қосаpлы жазудан құтылуымыз, мұның оpнына даpа әpiп алуымыз кеpек.
Даpа әpiптi де жанымыздан шығаpып, не
жаңадан кipгiзуге болмайды, осы
күнгi қазақ әлiппесiнiң iшiнде баp, көpшi елдеpде осы мағынада қолданылатын,
латын әpпiнiң жеp жүзiлiк пpактикасында ұсталып жүpген
u
мен
i
-нi, бipiншiсiн
ұу
мен
үу
оpнына, екiншiсiн
ый
мен iй оpнына алу жағындамыз.
ТЕРМИН СӨЗДЕРДІҢ СПЕЦИФИКАСЫ ЖӨНІНДЕ
1
Термин мәселесіндегі үлкен кемшіліктеріміздің бірі – мына тіпті термин емес
сөздер де
термин қатарына қосақталып, белгілі бір мағынаны білдіретін стандарт
сөздер боп қатып қалған.
Сүйтіп, қазақ сөздері мешеулікке айналған, тілеген бір ұғымды еркін айтып
берерлік басы бос сөздер санаулы боп қалған, термин ғып алынған сөздер көбінесе-
ақ адам түсінбейтін боп шыққан.
Мынау қазақ сөздерінің денесіне жабысқан бір дерт қой. Енді сол дертті
қазақ сөздерінің денесінен сылып тастап, термин принциптерін дұрыс шешу үшін:
термин деген не,
белгілі бір ұғымды арналып, басқасына бұрылмайтын стандарт
термин болуға лайық қандай сөздер: алдымен осыны шешіп алу керек.
Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, о сөздерді
әлгіндей ұғымдарға – ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осы теліп отырады;
сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік
тіршілікте
қолданылатын жай сөздік мағнасы басқа болуы да мүмкін.
Сүйтіп, термин сөзі белгілі бір кезеңдегі белгілі бір ғылыми ұғымды, ұғым
болғанда да, көбінесе ақ жай сол сөздің, сөздік мағынасына жуыспайтын ұғымды
білдіретін болады; Олай болса, термин сөз – қашан өзінің тұрақтылығын қойып
екінші бір ұғымға
ауып кеткенше, тұрақты болып тұрады.
Бұрынғы мағнасы өзгергенде де іргесін аудармай сақталып отыратын термин
– сөздер көп ұшырайды, мысалы: «атом», «психология», «яровизация», т. б.
сияқты.
О баста: «атом» онан әрі бөлінбейтін, психология «жантану ғылымы»,
яровизация «күздік тұқымды жаз себетін тұқымға айналдыру» мағыналарында
қолданылған, Ғылым өрісі
кеңейіп ілгері басқаннан кейін, жаңағы сөздер беретін
ұғымдар да өзгерген, сүйтіп әлгі сөздер басқа мағыналарды білдіретін болып
шыққан; электрон теориясы келіп шықты да атом – дененің онан әрі бөлінбейтін ең
кішкентай бөлшегі
деген ұғымды бекерге шығарады; психология – рухтану
ғылымы емес, қайта, «рух», «аруақ», «жын шайтан» сияқтылардың түбі шикі
екенін сыпаттайтын ғылымға айналды; яровизация – күздік тұқымдарды жаз себуге
жарамды етіп шығаратын ғана емес – тұқымды жақсартып,
егістік жерлерді
өңдейтін, оның үстіне жаз себілетін тұқымдарды, шапшаң көктеп өсіп шығатын
етіп егіннің бітік болып шығуын арттыру жолдарын табатын ғылым боп шықты.
Мұндай реттер барлық терминдерде де ұшырайды десек көп қателескен
болмаймыз;
сонда ескі терминдер сақталып, қала береді, бірақ мағынасы
соныланып жаңарады. Үйткені ғылыми ұғымды білдіретін сөздер ғана аударылады,
ұғым сол кезде ортақ
болғандықтан ол аударылмайды, жалғыз ақ түсіндіріліп
анықталып кетеді. Олай болса, халықаралық терминдерді аударып алам деу
бекершілік боп шығады.
Термин алу мәселесінде бізде неше түрлі өрескеліктік болғанын көреміз.
Бізде «психология» демей «жан жүйесі» (жан тану ғылымы), «геометрия» демей,
«пішіндеме» (фигура жайлы деген боп шығады) деп алынған болатын. Әрине, бұл
сықылды өрескелдік аударылмайтын сөздерді, халықаралық терминдерді аударып
1
Мақала алғаш рет 1935 жылы «Мемлекеттік термин комиссиясы Бюллетенінің» № 4
санында жарияланған. –
Достарыңызбен бөлісу: