-тсия (-ция) болып бітетін сөздердің соңы не
-сия болып
қысқарады, немесе
-тсия түрі өзгермей алынады. Бұлайша қолданыс түбірдегі
дауысты-дауыссыз дыбыстардың сөз соңында кездесуіне байланысты. Мысалы:
пунксия , бірақ үнді
«р», «л», «н» және дауысты дыбыстардан соң:
пропортсия, диперенсия, нумератcия, проексия .
Просент сөзі де соңғы
«т» әрпінсіз
жазылады.
5. Кейбір сөздердің біз қабылдаған жаңа тұлғалары алғашқыда орайсыз
көрінуі де ықтимал.
Қараңыз:
түзу – түзулер, шексіз көп шама, қисық – қисықтар, шекті шама, жоғарғы табан, жақ – бет мағынасында т.б. шексіз аз шама, Бірақ мұндай сөздер қысқартылған күйінде сіңісіп кетуі тиіс; түрлі сызық
таңбалар, немесе толықтырма сөздерді айтып, жаза беру – тексті ауырлатып кетеді
деп есептелді.
6. Кей сөздердің емлесі бұрыннан қазақ тіліне лайықталып өзгертіліп
алынғаны ескеріліп, сол күйінде қабылданды.
М ы с а л ы: минот – мүйнет емес, доға – дуға емес, секунт – секонт емес, но'л – нул емес т.б. 7. Бұрын айтылып жүрген:
шаршы, текше, тікше, үшкіл, төрткіл, бірлік 1 , ондық, жүздік , яғни бүтін сандардың
бірлері, ондары, жүздері қолайсыз деп
табылып,
квадрат, куб, бірге жазылатын:
үшбұрыш, төртбұрыш, ондар, бірлер, жүздер «өлшем» деп өзгертілді. Бірақ, үш бұрышы бар затты атау керек болса,
1
Бірлік – «өлшем» мағынасында. – Е. Ж.
«үш бұрышты» деп, төрт бұрышы бар затты атау керек болса,
«төрт бұрышты» деп, сандық анықтауышын айырып, бөлек жазамыз.
8. Арифметика амалдарының аттары және әр амалдағы сандардың аттары
былай деп алынды (қабылданды):