Денешынықтыру алаңы жалпы бағдарламалық және қосымша денешынықтыру сабағын, қимыл-қозғалысты ойындар өткізуге, спорттық көңіл көтерулер мен мейрамдар өткізуге арналған. Өлшемі балабақшаның сиымдылығына байланысты 2-3 топқа 150м2, 4 топтан көп болса 250м2 есебінен алынады. Балабақша кешенінде жалпы ауданы 400м2 болатын екі денешынықтыру алаңы қарастырылады және олар жерден 5-7см биіктетіліп, ортасынан шет жақтарына қарай, жауын сулары жылдам ағып кетуі үшін ылдилау етіп жасайды, беті жартылай қатты, топырақ, ағаш, резеңке-битум немесе асфальт, жартылай
шөптесін етіп жабылады. Спорт алаңдарын айландыра, ұзындығы 100-150 метр жүгіретін жол жасалады.
Кеңдігі 1,5м айналма жолдар топтық алаңшалармен жалғастырылып серуендерге, велосипедтермен, педальды машиналармен, самокаттар, дөңгелекті конькилер, шана, шаңғылармен ойнауға арналады. Бұл жолдар – көлік жүруін реттейтін жол белгілерімен, бағдар шамдармен, жаяу жүрудің көрсеткіштерімен, яғни көшеде жүру ережелерін үйретуге арналған көрнекті құралдармен жабдықталады.
Мектепке дейінгі балалардың топтық бөлімдерін бірінші және екінші қабатқа орналастыруға болады. Мұнда, төрт топқа, ортақ бір есік болуға рұқсат етіледі. Бұл жастардағы балалардың топтық бөлімнің құрамына: шешінетін, ұйықтауға арналған бөлмелер, топтық бөлме, дәретхана және буфет бөлмелері кіреді. Аталған бөлмелердің биіктігі 3 м кем болмауы керек. Топтық және ойын бөлмелерінің дұрыс бағыты оңтүстік, ұйықтау бөлмесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 450, солтүстіктен шығысқа қарай 450 болғанда дұрыс деп алынады.
Ойнау, топтық ұйықтау бөлмелері есік, терезе арқылы табиғи желдету немесе бұрыштық желдетумен қамтамасыз етілуі керек, ал, ІҮ климаттық аудандарда олардан басқа, тамақ дайындайтын бөлмеде, кір жуып, кептіретін және өтектейтін бөлмелерде қосымша жасанды желдету қарастырылады. Ересектер және дайындық топтарында ұл балалар мен қыз балаларға арналған дәретханалар бөлек болуы керек. Тоқсан бес, немесе одан көп орынға есептелген мектепке дейінгі мекемелерде гимнастика мен әуен жаттығуларына арналған жеке залдар жоспарланады.
Бұл бөлмелер денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасын жүзеге асыруға, яғни гимнастикалық жаттығуларды, қимыл-қозғалысты ойындарды еркін өткізуге арналған.