2. Балаға дегенбақылауы, қадағалауы жоқ отбасы. Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеуі қажет?
Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.
3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы. Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді. Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.
Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы. Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.
Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы. Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.
Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.