Сабақтың тақырыбы:«Жаман әдеттен аулақ бол!»
Мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу.Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу Сынып сағатымыз «Аулақ бол жаман әдеттен » тақырыбы аясында өткізілмек.
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Сұрақ қою. “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен.
Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”
Назар аударайық! Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
Темекі құрамындағы заттар»
Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр түтін арқылы адам өкпесіне түседі.
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады.
Есірткі
Есірткі- ғасыр тажалы. Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады.
Ішімдік
Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы.
Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса, аяғымыздыжерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.
- Бала жаттығулар жасаса;
- Бала ағашқа өрмелесе;
- Бала ауыр заттарды көтерсе;
- Бала басқа баланы итеріп жіберсе;
- Бала сіріңкемен ойнаса;
- Бала терезені сындыратын болса;
- Бала қолын жуса;
- Бала күнге қыздырынса;
- Бала мұз балмұздақты көп жесе;
- Бала балаларға қарай жөтелсе;
Жұмбақ шешу. 1)Қол ұшын беріп,
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып,
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос) 2)Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын,
Үйді таза сақтайтын,
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты) 3)Түймесін де қадайтын,
Сабақтан да қалмайтын,
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор) 4)Ән де айта алатын,
Би де билеп беретін,
Домбырада күй ойнап,
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі) Қорытынды:
- Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?
Жүректен – жүрекке
Апайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.
-Деніңіз сау болсын!
-Күн сізбен бірге болсын!
-Жаныңыз сұлу болсын!
-Таза су сізге күш қуат берсін!