«Қиын балалар немесе ерекше назардағы оқушылардың психологиялық ерекшелігі» тренинг Мақсаты


Қиын баланың мінез-құлық ерекшеліктері



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі21,93 Kb.
#121842
1   2   3
Байланысты:
«Қиын» балалармен жұмыс

Қиын баланың мінез-құлық ерекшеліктері:
Мінез-құлқы бұзылған балалар өз қылықтарына жауапкершілікпен қарамайды, ата-анасының рұқсатынсыз жүріп-тұрады, сабақтан қашады, қаңғырып кетіп қалады, алкоголизм, наркомания және т.б. тұлғаның патологиялық даму формалары да көрініс береді. Қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғанады, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмайды, көңіл-күйдің құлазуына бейім болады, сондықтан басқалармен жиі керісіп қала береді. Құрбыларымен де дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар көбінесе өзінен үлкен немесе кішкентай балалармен жиі тіл табысады. Бұндай балалардың оқу үлгерімі төмен болады және оқу дағдылары өз деңгейінде қалыптаспайды. Сонымен қатар өздерінің әлеуметтік теріс қылықтарын жасырмайды, өйткені олардың өзімшілдік сезімі өте жоғары болады. Ал алып жатқан ескертулер мен жазалар тек ішкі қарама-қайшылығын күшейте түседі. Мұндай балаға әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды (мысалы, елдің көзінше ұрсу, жиналыстарда талқылау т.с.с). Сол сияқты оның бағасын төмендететін позициялардан «Олай етуге болмайды», «Өзіңді олай ұстама», «Сенің олай етуге қалай дәтің барады» аулақ болған жөн.

«Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары:
1.Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; 2.Оның жақсы қасиеттеріне сүйену; А.Бебельдің: «Әр адамның бойында ояту және жетілдіру ғана керек сан-алуан қабілет болады» деген керемет сөзін есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту. 3.Оның бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу.
Сынып жетекшінің қызметі:

  1. Оқушы және оның отбасының жағдайы туралы білу;

  2. Отбасымен қарым-қатынас құра білу;

  3. Тәрбие мақсатын орынды қоя білу және іс-шаралардың баланың жас ерекшелігіне қарай құру;

  4. Ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру;

  5. Оқушының мектепке келуін және сабақ үлгерімін қадағалау;

  6. Әр оқушының көңіл-күйіне және жеке ерекшелігіне назар аудару;

  7. Әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай үйірмелерге тарту;

  8. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту;

  9. Егер сыныбында ерекше назардағы бала болатын болса, мамандарға алғашқы болып сұраныс жасау және бала туралы алғашқы мәліметтерді беру;

  10. Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Қорытынды: Дана халқымыз «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген екен сондықтан келешек ұрпағымызға сапалы білім саналы тәрбие беру біздің басты міндетіміз. Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем берейік.


Агрессивті бала


Сотқар бала



Беймаза бала



Өтірікші бала




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет