«Қиын» балалардың мінез – құлқын түзетудің психологиялық мәселелері


Педагогикалық жағынан сауатсыз жанұя



бет3/5
Дата05.08.2023
өлшемі42,32 Kb.
#105046
1   2   3   4   5
Байланысты:
киын бала

3. Педагогикалық жағынан сауатсыз жанұя. Бұл жанұядағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді. Тек мектеп пен мұғалімді кіналап, баланың көзінде беделін түсіреді. Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін кеңейтуге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын жанұя. Бұндай жанұядағы бала өзімшіл болып келеді, ата-анасы баланың бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады. Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа жанұядағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін жанұя. Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайды ата-аналар, әдетте бұл ұйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді. Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көзін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екенін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмысына ата-ананы араластыру қажет. Себебі педагогикалық іс-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қатынасын өзгертеді.

Мектеп психологының «қиын балалармен» жұмыс әдістемесі
Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын балалармен» жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.
Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн : «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.
1.«Баланы жастан» немесе «Баланы бесігінен түзе»
Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. Тәртіп бұзушылыққа бейімділік белгілері көріне бастаған баламен бірінші күннен саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жеке жоспары жасалады. Оқушы мінез-құлқындағы теріс белгілердің ең алғашқы көрініс беруінен-ақ байқау, ауытқушылықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.
2. «Өнер үйренсең қор болмайсың».
Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу бекершілік. Тек оқушының қызығушылығын туғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса басқаша. Мұндай істер қатарында әр түрлі үйірме жұмыстарын айтуға болады. Өйткені үйірмеге бала ешкімнің зорлығынсыз, өз еркімен келеді. Ал «қиын» балалар көбінесе сенім туғызатын әңгімеге мұқтаж. Жеке назардың, қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.
3. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады».
Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. «Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады» демекші, баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Жас ерекшелігін ескере отырып, жеткіншектермен, жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек. Қиын балаларды сен «қиынсың» деп кеудесінен нұқымай жалпы балалар тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұл оларды одан әрі есіртіп жібереді, «көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп кетеді. Осыдан барып еш нәрсеге құлқы жоқ, немқұрайлы болады.
4. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» келеңсіз отбасыларымен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал ету жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет