Орталық Азия қауіпсіздігінің бір-
сыпыра мәселелеріне біздің серіктестеріміздің назарын аударды.
Атап айтқанда, біз
Арал проблемасы бойынша донорлық
конференция өткіздік, еҚыҰ пішімінде су ресурстарының
тапшылығын сезініп отырған өңірде суға қатысты проблемаларды
құқықтық реттеудің халықаралық негізі ретіндегі
«Су және құқық»
бағдарламасын қабылдау идеясын ұсындық. Бұл жаһандық
142
G
- GL
OBAL
үдерістерді ескеріп, еҚыҰ экономикалық-экологиялық себетінің
мөлшерін
жаңартуға қосқан қазақстандық үлес болды.
Біз сондай-ақ Ұйымдағы әріптестеріміздің назарын жаһандық
қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру
жолын
жұмыла іздеу қажеттігіне аудардық. Қазақстан еҚыҰ-ның Маастрихт
стратегиясын сапалы орындау және оны дағдарыстан кейінгі
жағдайға бейімдеу жөнінде жұмыс жүргізуді ұсынды.
Үшінші, гуманитарлық себет шеңберінде Қазақстан көпұлтты әрі
көпконфессиялы мемлекет ретінде мәдениетаралық және дінаралық
үнқатысу идеясын белсенді түрде ілгері бастырумен болды.
Жалпы алғанда Қазақстанның еҚыҰ-дағы төрағалығы
оның күллі
жұмысына серпін берді.
Біз бұл мәртебелі борышты атқаруға зор жауапкершілікпен қарадық
және алға қойған мақсаттарымызды толық атқарып шықтық.
Астана саммитінде сөйлеген сөздерінде мемлекеттер мен
үкіметтердің басшылары, делегациялардың жетекшілері
біздің
еліміздің еҚыҰ басындағы жігерлі іс-әрекеттеріне жоғары баға
берді.
дегенмен, сірә, қазақстандық төрағалықтың ХХі ғасырдағы жаңа
әлем сипатын қалыптастыру үдерісі үшін маңызы зор нәтижелерінің
бірі жаһандық геосаяси сөз қорына
«Еуратлантикалық және
Еуразиялық қауіпсіздіктің ортақ әрі бөлінбес кеңістігі» ұғымының
берік енуі болар.
еҚыҰ-ның «Қауіпсіздік қауымдастығына барар жолда» деп аталған
Астана декларациясы еҚыҰ еуразиялық векторын тұңғыш бекітіп
берді. онда еҚыҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік көрші өңірлердің, әсіресе,
Жерортатеңізі аймағы мен Азияның қауіпсіздігімен ажырағысыз
байланысты екені айрықша атап көрсетілген. осы тарихи құжатты
қабылдай отырып, Астанадағы саммит әрі тұжырымдамалық
тұрғыдан, әрі қазіргі заман мен болашақтың да саяси практикасы
ретінде
еуразиялық континенттік қауіпсіздікті заңдастырып берді.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
143
Еуразия қауіпсіздігінің континенттік тұғырнамасы
еҚыҰ Астана саммиті аяқталған соң түн жарымы ауғанда болған
қорытынды баспасөз конференциясында мен онда қабылданған
шешімдерді өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында Берлин
қабырғасының қирап, еуропаның батыс және шығыс бөліктерін
біріктіруге мүмкіндік берген оқиғалармен салыстырғаным бар.
мен Астанада біртұтас құрлықты - еуропа мен Азияның екі бөлігін
мыңдаған жылдар бойы айырумен келген
басқа бір қаусаған
қабырғаны қайта монтаждау үдерісі басталғанын айттым.
Қазір алыста қалған сонау 1994 жылғы наурызда лондондағы
халықаралық қатынастардың «Chathat House» король институтында
сөз сөйлеп тұрып, мен
Қазақстан өзінің теңдесі жоқ геосаяси
орналасуының мәнін түсінетінін айтқан едім.
Біздің елімізден басқа тағы екі мемлекет бір мезгілде әрі
еуропада, әрі Азияда орналасқан, олар - Ресей мен түркия.
сондықтан ба біз
бүкіл құрлықтағы қауіпсіздікті нығайтудың
аса маңызды орталықтарының бірі болуға әзірміз. сол жолы осы
сөздерден кейін лекцияға қатысушылардың көпшілігінің жүзінен
шүбәланушылық табын байқауға болатын еді.
1995 жылғы қазанда мен халықаралық мәселелер жайында
үлкен сұхбат бердім.
ол баспасөзге
«Еуразиядан «күтімтарлық белдеуін» алу
қажет» дейтін тақырыппен шықты. менің ондағы басты идеям
еуропа мен Азияның болашағы көп ретте ажырағысыз және
өздерін сөзсіз Батысқа немесе шығысқа жатқызу қиынға соғатын
бірқатар «жарым-жарты» елдердің ұстанымына байланысты дейтін
сенімімде болды. Бұл мемлекеттерді мен «күтімтарлық белдеуі»
деп атадым. сол кездің өзінде-ақ мен
Еуразияның екі бөлігін
біріктіретін «қауіпсіздіктің жаңа жүйесі» қажет екеніне сенімді
болатынмын.
144
G
- GL
OBAL
Қазақта «Бірлік болмай тірлік болмас» дейтін даналық сөз бар. оны
елдер мен халықтардың арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты
айтуға да әбден болады.
Қазақстанның еҚыҰ-да төрағалық етуі
Еуропа мен Азия, Батыс
пен Шығыс арасындағы қатынастардың жаңа кезеңін бастап
берді, еуразияның кең-байтақ континенттік кеңістігіндегі өзара сенімді
нығайтуға жағдай жасады.
Біріншіден, Қазақстан макроөңірлік сұхбаттың, жалпыеуразиялық
қауіпсіздік пен ынтымақтастық құрылымын жасау идеяларының
белсенді іске асырушысы болды.
Қауіпсіздіктің еуро-Атлантикалық және еуро-Азиялық біртұтас
кеңістігін құрау, менің пайымдауымша, ең алдымен, Аөсшк мен
еҚыҰ-ның геосаяси тоғысуы негізінде болмақшы.
Бұл тұрғыда Аөсшк үдерісін дамыту мен соның негізінде құнды
халықаралық ұйым - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім
шаралары ұйымын (АӨСШК) құру жөніндегі жұмыстың зор мәні бар.
Екіншіден, Қазақстан Батыс пен ислам дүниесі арасындағы
үнқатысуды ретке келтіру жөнінде бастама көтеріп, ол ислам
дүниесінде болсын, батыс дүниесінде болсын зор ықылас туғызды.
Бұл тұрғыдан алғанда мұсылман және батыс елдері сыртқы істер
министрлерінің 2008 жылы Астанада өткен
«Ортақ дүние: әртектілік
арқылы өрлеу» халықаралық форумы өрісті сұхбат алаңы ретінде
көрінеді.
Қазақстанның 2011-2012 жылдары мұсылман елдерінің
қауымдастығында төрағалық етуінің өркениетаралық сұхбатты
реттеуде айрықша маңызы болды. ислам конференциясы ұйымын
Ислам ынтымақтастық ұйымы етіп қайта құру туралы шешім нақ
Астанадағы министрлер кездесуінде қабылданғанын атап көрсету
керек.
Үшіншіден, Қазақстан еуропа мен Азияның арасындағы эко-
номикалық ықпалдастықта маңызды рөл атқаруға ұмтылуда.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
145
континенттің еуропалық және азиялық бөліктерінің арасына
экономикалық көпір болуға ұмтыла отырып, біз «Батыс еуропа
- Батыс Қытай» жобасын орындаудамыз. оны жүзеге асыру
еуразияның аса ірі екі бөлігін қуатты көлік коммуникацияларымен
жалғастыруы керек. оған
7,5 миллиард доллар салу жоспарланып
отыр.
сөйтіп, бұл бағзы заманда-ақ Азия мен еуропа халықтарын
жақындастырған
Ұлы Жібек Жолын нақты жаңғырту болмақшы.
Төртіншіден, біз еуроатлантикалық және еуроазиялық жауап-
кершілік аймақтарының елдері үшін біріктіруші факторларды
іздеуге үлес қосуға ұмтылып келеміз. Әсіресе қауіпсіз және тұрақты
орталық Азияны құруға айрықша мән берілуде.
Бесіншіден, Қазақстан өне бойы мәдениетаралық және
конфессияаралық сұхбатқа ықпалдасумен келеді.
Біздің еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді
нығайту жөніндегі оң тәжірибесі бүкіл еуразиялық кеңістікте пайдалы
болмақшы. Бұл проблематиканы мен осы тараудың келесі бөлігінде
егжей-тегжейлі ашып көрсетпекшімін.
мақсаттар мен міндеттердің бірлігі, дамудың ортақ ретін түзу, саяси
сұхбаттың сенімді тетіктері - Еуразия қауіпсіздігінің болашақтағы
Континенттік тұғырнамасының негіздері осылар.
төрт мұхиттың шегінде бірыңғай кеңістік қалыптастыру
оңай
іс емес екенін мен түсінемін. дегенмен оның бүкіл дүние үшін
тағдыршешті маңызы бар, өйткені
еуразиялық қауіпсіздік бүкіл
дүниежүзіндегі қауіпсіздіктің кем дегенде бестен төртіне тең.
Еуратлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздіктің Континенттік
тұғырнамасын жасау - G-GLOBAL принциптерінде дүние сипатын
жасаудың қажетті құрамдас бөлігі.
146
G
- GL
OBAL
4. мӘдениеттеР мен діндеРдің үнҚАтысуы:
ҰлттыҚ тӘЖіРиБе ЖӘне ЖАһАндыҚ ҚыРлАРы
Этносаралық және конфессияаралық келісім –
ХХІ ғасырдың талабы
ХХ ғасыр бастан-аяқ дерлік ушыққан идеологиялық текетірес
жағдайында өтті. «Қырғиқабақ соғыстың» аяқталуы дүниедегі
келісім мен бірлік дәуірінің жақындағанына деген үмітті
туғызды.
Бірақ 90-шы жылдары біз жанталасқан этносаралық және
конфессияаралық қақтығыстардың куәсі болдық. олар ксРо-ның,
Югославияның ыдырау үдерісімен қатар жүрді. таяу шығыстағы
қарама-қарсылық жаңа айналымға түсті. Африка Руандадағы
зұлматтың сұмдығын басынан өткерді, ол ұзаққа созылған екі
«конголық соғысқа» ұласып, оған әртүрлі дәрежеде континенттің
9 мемлекетін тартты. сомалидегі жанжалдардың, кашмирдегі
ушыққан
үнді-пәкістан
текетіресінің,
шығыс
тимордағы
қақтығыстың және басқа да толып жатқан шиеленістердің этнодіни
қитұрқысы болды.
кеңестіктен кейінгі кеңістікте - таулы Қарабахта, днестр
бойында, оңтүстік осетияда, Абхазияда бірталай
«ыстық
нүктелер» өртке оранды.
одақтық орталықтың дәрменсіздігі, әсіресе, 1991 жылғы тамыз
бүлігінен кейін
Таулы Қарабахтағы этносаралық шиеленісті
одан әрі ушықтырып жіберді. 1991 жылы біз Ресей президенті
Б. ельцинмен бірге оны реттеу жөнінде
делдалдық борышын
атқарып, Бакуде, ереванда, степанакертте болдық. сапар
барысында бірлескен коммюникеге қол қойылды, алайда көп
кешікпей үдеріс тұйыққа тірелді - тараптардың ешқайсысы ырық
бергісі келмеді.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
147
этносаралық және конфессияаралық керістің халықтарды
қандай қауіпке ұрындырып, қандай қайғы-қасірет шектіретінін мен
нақ сонда көзіммен көрдім.
«өртше лаулаған» жанжалды
өшіру өте қиын. мен қайткен күнде
де этносаралық татулықты сақтау керек, оқиғалардың шиеленісе
дамуына жол бермеу керек дейтін бірмәнді берік байламға келдім.
сол шақта планетаның үстінен
«өркениеттер қақтығысының»
елесі қылаң берді. Адамзаттың этникалық және діни
«айырмашылығы» қайшылықтар мен қақтығыстардың күрт өршіп
кетуіне алаңдаушылық туғызды.
дүние діни соғыстардың заманын әлдеқашан бастан өткеріп,
артқа тастағандай еді, бірақ
жаһандану құдды өркениеттік,
діни тақырыпты саяси және зияткерлік мейнстримге қайта
оралтқандай болды.
БҰҰ 2001 жылды - жаңа мыңжылдықтың алғашқы жылын -
Өркениеттер үнқатысуының жылы деп жариялады. дегенмен
нақты жағдай әлдеқайда шиеленісті болып шықты.
2001 жылғы
11 қыркүйекте «Аль каеда» халықаралық лаңкестік ұйымының
мүшелері нью-йорктағы дүниежүзілік сауда орталығының егіз екі
мұнарасын шабуылдап, талқандады.
сол-ақ екен, халықаралық лаңкестіктің қуатты орталықтарының
бірі бекініп алған
Ауғанстанда көпұлттық коалицияның
лаңкестікке қарсы кең құлашты операциясы басталды. осы
оқиғалардың бәрі дүниеде
исламнан шошыну толқынын туғызды
да, ол тек дүниедегі конфессияаралық шиеленісті ушықтырып
жіберді. дүниежүзілік қауымдастық үшін бетбұрысты осы
оқиғалардың бәріне көзқарасымды мен 2003 жылы жарияланған
«Сындарлы онжылдық» дейтін кітабымда егжей-тегжейлі
баяндаған болатынмын.
Бұл үдерістер туралы ортақ пікір болған емес. саясаткерлер
мен сарапшылардың бір парасына «өркениетаралық күйреудің»
148
G
- GL
OBAL
ықтималдығы мұражайлардың шаң басқан қоймасынан алынған
көненің қалдығы сияқты көрінді. Басқа біреулер, керісінше,
«өркениеттер қақтығысының» болмай қоймайтынын айтып, одан,
ең бастысы,
төл өркениеттердің рухани негіздері ретіндегі
«діндер қақтығысын» көргендей болды.
мен адамзат өркениеті халықтардың этникалық және
конфессиялық ерекшеліктерімен байланысты шиеленістердің
болмай қоймайтынына «бағдарламаланған» деп
ешқашан санаған
емеспін. Жанжалдасатын халықтар немесе діндер емес,
саясаткерлер. елдер арасындағы немесе ел ішіндегі - қоғамның
әртүрлі топтары мен бөліктерінің арасындағы қайшылықтарды
тиісті «түстермен бояйтындар» - солар.
Этносаралық және дінаралық шиеленістер ешқашан жазмыштық
болған емес, болып та отырған жоқ және болмайды да.
Ұлты әртүрлі адамдар арасындағы төзімділіктің, достық
пен өзара көмектің жеке басымдағы сабағын мен сонау бала
шағымда-ақ алған болатынмын. оны маған соғыстың ауыр
жылдарында сталиндік режим бойынша туған жерлерінен қуылып
келген босқын балқарлардың отбасын қабылдап алып, аман-сау
қалуларына көмектескен ата-анам
шешем Әлжан мен әкем Әбіш
берген еді. менің туған ауылым шамалғанда жұрттың бәрі солай
етті: ешкім ұлтына қарай бөліну дегенді білген емес, ал адамдардың
достығы мен өзара көмегі дағдылы өмір салты болатын.
Жаһандық
діни-мәдени сұхбаттың қажеттігі туралы ойлағанда сол күндер
менің есіме жиі оралатын.
Бүгінде тәуелсіз Қазақстан даму жолына түскен Ұлы еуразия
даласы көптеген мыңжылдықтар бойы белсенді ықпалдастық
пен қарқынды өркениетаралық байланыстар орны болумен келді.
ол ықылым заманалар бойы алуан түрлі діндерді - тәңіршілдікті,
зороастризмді, буддизмді, христианшылдықты, иудаизмді, исламды
және басқаларды ұстанған халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
149
біріктірген
үлкен континенттік коммутатор болды. Атам заманнан
бері
біздің жеріміз, сауда мен мәдени алмасулар арқылы, еуропа
мен Азияның, Батыс пен шығыстың аралығындағы өзіндік бір
байланыстырушы буынның қызметін атқарды.
Қазір де ол – көптеген этностар мен діни сенім өкілдері үшін өз үйі.
мынадай бір тарихи деректі келтірейін. Археологтар еліміздің
оңтүстігінен
ХІІІ ғасырдағы Қойлық қалашығын тапты. ғалымдар
анықтағандай, онда будда пагодасы, мешіт пен христиан шіркеуі
бір мезгілде жұмыс істеп тұрса керек. ғасырлардан бері жалғасып
келе жатқан далалықтар ділінің сипатты белгісі ретіндегі діни
төзімділігінің үлгісі осы емес пе?
Исламдық, христиандық, буддистік және конфуцийлік
сияқты төрт ұлы өркениеттің өзіндік бір қиылысына айналған
қазақ жеріндей тарихи-мәдени алуандығы бар өзге елді дүниеден
көп таба қою қиын.
көптеген ғасырлар бойы әралуан этностар мен мәдениеттердің
мол мұрасымен байыған Қазақстан халқы
төзімділік пен ашықтық,
ақкөңілділік пен қонақжайлылық сияқты қасиеттерді бойына
сіңірді. міне, сондықтан да біз ғасырлар бойы қалыптасқан осы
ізгі қасиетті бүкіл адамзатқа жеткізуді борышымыз деп білеміз.
Құдайдан безген сталиншілдік дәуірінде рухани, мәдени-
діни факторлардың маңызына күмәнмен қарап, бірінші кезекке
таза материалдық факторды шығару әрекеттері жасалды.
тоталитарлық билік жауынгер атеизмді тықпалап, рухани, діни
өмірдің мәнділігі мансұқталған кездер біздің жадымыздан әлі өше
қойған жоқ. ондаған жылдар бойы священниктер мен олардың
діндарлары қуғындалып, қорланумен және айыпталумен болды,
шіркеулер мен мешіттер жабылды, діннің, мәдениет пен тарихтың
шынайы ескерткіштері жойылды.
Бақытымызға қарай, ол күндер келмеске кетті. Біз
рухани
көзқамандық пен адамгершіл жұтаңдықтың кезеңімен,
150
G
- GL
OBAL
адамның сенуге деген құқығының өзі үшін кескілескен күрес
заманымен қош айтыстық.
тек Қазақстанның тәуелсіздік алуымен ғана
біздің азамат-
тарымыз діни бостандық құқығына ие болды. Бірақ қатаң
тоталитарлық жүйенің жаныштауы жағдайында да рухани өмірдің
өскіндері сақталып қалған болатын, ал ол жүйе құлаған соң солар
тез өркен жая бастады.
1990 жылы Қазақстан аумағында небәрі
670 діни бірлестік бар еді,
2010 жылға қарай олардың саны шамамен 6 есе өсті. Бізде қазір 2400-
ге таяу мұсылман діни бірлестіктері (1990 ж. небәрі 46 болған), орыс
православиелік шіркеуінің
290 приходы (1990 ж. - 62), Рим-католик
шіркеуінің
86 приходы (1990 ж. - 42) бар. Христианшылдықтың
көптеген протестанттық бағыттары кең өрістеген. Барлық
облыстарда иудейлік және буддалық діни бірлестіктер жұмыс
істейді.
діндарлардың қарауына
3200-ден аса діни ғимараттар берілген,
солардың ішінде
2500-дей мешіт, 270 православиелік және 80-
нен
аса католиктік шіркеулер, 6 синагога мен 500-ден астам
протестанттық мінәжат үйлері бар.
Қазір республиканың діни бірлестіктері
38 атаулы мерзімдік
баспа басылымдарын шығарады, ал бұрын олардың бірде-бір
газеті немесе журналы болмайтын. Барлық ірі діни орталықтардың
діни оқу орындары бар.
Қазақстан тмд елдерінде алғашқылардың бірі болып
«Діни
сенім мен діни бірлестіктердің еркіндігі туралы» Заң қабылдады.
Батыс пен шығыстың түйіскен жеріне орналасып, халқының
мұншама бірегей конфессиялық әралуандығы бола тұрып, біздің
еліміз діндер арасындағы ұдайы сұхбаттың қажеттігін түсінеді
және соны белсенді түрде жүзеге асырады. Біздің іс-әрекетіміз
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы сұхбаттың тек
керектігін ғана емес, мүмкін екендігін де дәлелдеп отыр.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
151
ХХі ғасырда ол бүкіл дүние дамуының тұрақтылығы тұрғысынан
пайдалы әрі жемісті.
менің түбегейлі сенімім бойынша, кез келген моножүйе бүкіл
адамзат былай тұрсын, тіпті оның бөлшегінің де теңдестігін,
тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ете алмайды. ол бойында
қашанда жанжал мен жарылыс қаупін сақтайды.
тек
әртектіліктегі бірлік формуласы ғана дұрыс.
түбегейлігі мен мәнділігі жөнінен еш кем түспейтін тарихы, өзінің
нышандамасы мен ділі бар басқа да өркениеттер, мәдениеттер,
діндер болатынын түйсініп, сонымен санасу қажет. Әрі оны
ешқандай күштеу және зорлау әдістерімен бұзуға болмайды.
Жаһандық үдеріс қалай қанат жайса да
халықтар өздерінің
тарихи, рухани және мәдени ерекшеліктерінен бас тартпайды.
дүние ешқашан да әмбебап бір жобаның негізінде құрылмайды,
ол - бос қиял.
тарих пен бүгінгі күннің осы өзекті элементін түсіну аса маңызды.
Әрбір мәдениеттің, кез келген өркениеттің өмір сүруге және өзіне
ұқыпты қарауды талап етуге заңды қақысы бар. Әрі бұл - адамзат
тарихының өз барысы алдын ала айқындаған шындық, ал онымен
есептесу қажет.
Қоғамдық қатынастарды бөтен өлшемдермен құрмақшы болған
әрекеттер өзара түсіністікке ешқашан жеткізе алмайды. керісінше,
қатаң мәдени өктемдік одан да қатаң қарсылық туғызады.
тек өзге халықтардың тарихи дәстүрлерін сыйлау, өркениеттерге,
діндер мен халықтарға қатысты әділдік пен адалдық қана
келісім
мен руханият әлемін қалыптастыра алады.
планетадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі күш-
жігердің басында жекелеген елдердің де, әртүрлі өркениеттердің
де арасындағы
ашық сұхбат болуы тиіс.
мұндай үнқатысу болмайынша планетаның мәдени алуан
түрлілігінің өзі қатерге ілінуі мүмкін. Бұл ретте өркениетаралық
152
G
- GL
OBAL
сұхбаттың негізіне
дүниенің алуан түрлілігін адамзаттың
әмбебап құндылығы деп мойындау алынуы керек.
өкініштісі, қазір шалағай журналистердің кесірінен геосаяси
қайшылықтар көп ретте мәдени-өркениеттік реңк алатын болып жүр.
сондықтан қазір жұрттың бәрінен дүниежүзілік тарихтың қай
кездегісінен де артық дәрежеде
жаңа тәртіптің жауапкершілігі
талап етіледі. Жаһандық қауіпсіздік күштің тепе-теңдігіне
емес, ашықтық, үнқатысушылық және сенім қағидаттарына
негізделген жаңа құрылымын жасауға бастай алатын құқықтық
және тарихи-мәдени басымдылықтардың іргетасында өзара
ықпалдасуы қажет.
G-GLOBAL әлемінің сипатын жайластырудың мәні осында.
Қазақстан қашан да халықаралық ұйымдардың қызметіне
өркениетаралық қырларын қосуды жақтап келген болатын.
мәселен, Аөсшк бірінші саммитінде қабылданған декларацияда
қатысушы мемлекеттер Аөсшк-ны «әртүрлі мәдениеттер мен
дәстүрлердің елдерін қамтитын
бірегей Азиялық форум» деп
қарайтыны, ал бұл оны «өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы
сұхбатты алға бастыру үшін неғұрлым маңызды тетіктердің біріне
айналдыратыны» атап көрсетілген.
2007 жылы мен
2010 жылды Мәдениеттер мен діндерді
жақындастырудың халықаралық жылы деп жариялау жөнінде
бастама көтердім. БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясы бұл
ұсынысты қолдады. Жылды өткізудің табысты болуының арқасында
Қазақстанның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Юнеско
2013-2022 жылдарды
Достарыңызбен бөлісу: |