Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

қабылдауға  әзір  екенін  атап 

198
G
 - GL
OBAL
көрсету  керек.  еҚыҰ  саммиті,  қысқы  Азиялық  ойындар  -  2011, 
сондай-ақ  әртүрлі  халықаралық  форумдар  сияқты  ірі  шаралардың 
өткізілуі Қазақстанның аса қуатты әлеуетін танытады және Астананың 
2017 жылғы еХРо-ны лайықты қарсы алатынын білдіреді.
Астанадағы еХРо-2017 
Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінде 
тұңғыш өткізілген халықаралық көрме болады.
Астана  ең  үздік  дүниежүзілік  жасалымдар  мен  трендтерді 
әйгілеудің алаңына айналып, әлемдік ғылым мен бизнестің көшбас-
шыларын жинайды.
Біздің астанамыздың экспо-2017-ні өткізу құқығы үшін күрестегі 
табысы - бүкіл Қазақстан халқының табысы.
көрме  елге  ірі  инвестициялар,  жаңа  технологиялар  мен  инно-
вациялар тартуға көмектеседі, барша республиканың экономикалық 
және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандырады.
керек  десеңіз,  елдің  өзі  де  «Болашақтың  энергиясына»  көшу 
бейілділігінің  идеясын  көрсетуі  тиіс.  Алдағы  бес  жылда  Қазақстан 
жаңа қуат түрлерін жасау мен енгізу саласында жаңғыртушылық 
қарқын танытуы керек.
экономикамызды  жаңғырту  жобаларын  жасай  отырып,  біз
 
«Назарбаев  Университетінің»  Энергетикалық  зерттеулер 
орталығын  құрдық.  онда  жоғары  қуаттар  физикасы,  қуат 
сақтаушы және қайталанбалы қуат ресурстары - жел, күн, жылу, 
геотермикалық және биоэнергетикалық ресурстар технологиялары 
саласында жұмыс жүргізілетін болады.
Әсіресе,  бірінші  және  екінші  буын  күн  фотоэлементтерін,  әсіре 
өткізгіштер, ең жаңа отын элементтерін, ядролық синтезге (шағын 
ядролық  реакторларға)  негізделген  дербес  қуат  көздерінің 
жобаларын жасау жөніндегі зерттеулер өте келелі.
еХРо-2017 «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қуат сақтаудың 
және қайталанбалы, баламалы қуат көздерін, соның ішінде күннің, 
желдің,  ыстық  сулардың  және  басқалардың  қуатын  енгізудің 
проблемаларын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
199
сөйтіп,  2012  жылғы  маусымда  бүкілдүниежүзілік  Рио+20 
конференциясында  Қазақстан 
Жаһандық  энергиялық-эколо-
гиялық  стратегиясын  таныстырып,  оны  өңірлік  деңгейлерде 
жүзеге асырудың алғашқы практикалық қадамын - «Жасыл көпір» 
серіктестік бағдарламасын ұсынды.
тұтастай  алғанда  Қазақстан  ынтагерлікпен  ұсынған  Жаһандық 
энергиялық-экологиялық  стратегия  энергетика  мен  экологияның 
жаһандық  және  өңірлік  проблемаларын  шешудің  инновациялық 
жолдарын  ашып  көрсетеді.  нақ  осы  жолдар  Рио+20-да  қолдау 
тауып, дүниежүзілік қауымдастықтың іске асыруына алынды.
Болашаққа «жасыл көпір»
«Жасыл көпір» бастамасы туралы мен тұңғыш рет 2010 жылы ііі 
Астана экономикалық форумында мәлімдедім.
Қазақстан ұсынып отырған «Жасыл көпір» өңіраралық серіктестік 
бағдарламасы  -  экологиялық  технологиялардың  жаһандық  серік-
тестігі мен трансфертінің мақсаттарын өңірлік деңгейде іске асыру 
жөніндегі жол картасы.
ол - еуропа мен Азиялық-тынықмұхиттық өңір арасында  «жасыл» 
экономикаға  жаһандық  өтудегі  өңіраралық  ынтымақтастықты 
ынталандыру тетігі.
дүние  экологиялық  қауіпсіз,  жаңа  технологияларға,  оларды 
жылдам  алмастыруға  және  қайталанбалы  қуат  көздерін  неғұрлым 
кең пайдалануға өте-мөте ділгер.
соңғы  жылдардағы  экологиялық  және  техногендік  апаттар  - 
егер  біз  экономикалық  өсудің  соңына  түсіп,  экология  мен  климат 
мәселелерін мансұқтай беретін болсақ, басымызға түсетін өкінішті 
зардаптары қандай болатыны туралы азаматқа жасалған ескерту.
топырақтың, ормандардың жай-күйі, өзендер мен су айдындарының 
тазалығы,  климат  жылынуының,  табиғи  және  техногендік  апаттар 
мәселесі бүгінде әділеттілікті қамтамасыз ету міндеті арқылы ұғылады.

200
G
 - GL
OBAL
мәселен,  Бүкілдүниежүзілік  банктің  «орман  үшін  әділдік»  деп 
аталатын талдамалық баяндамасы бойынша, 
бүкіл дүниежүзінде тек 
бір секундта заңсыз оталатын ормандардың алаңы бүтін бір футбол 
алаңына  тең  келеді  екен.  заңсыз  түрде  ағаш  дайындау  сыбайлас 
шенді-шекпенділердің қалтасына 10-15 миллиард табыс болып түседі.
«планетаның өкпесі» құртылып, болашақ ұрпақтардың өмірі қатерге 
ілінуде.
осының  аясында 
қалалардың  айналысына  «жасыл  белдеулер» 
жасау жөніндегі Қазақстан ұсынысының орасан зор мәні бар.
Жобаны жүзеге асырудың тек алғашқы жылдарының өзі Қазақстанға 
Астананың  айналасына 
50  мың  гектардан  аса  жасыл  желек  жасау 
мүмкіндігін берді. Басқа да қазақстандық қалалардың айналасындағы 
«жасыл белдеулер» кеңейтілуде.
Қазақстан тұрақты даму бағытын жақтайды.
тәуелсіздігінің  20  жылында  Қазақстан  «ХХі  ғасырға  арналған  күн 
тәртібінде»  (Рио-де-Жанейро,  1992),  мыңжылдық  саммитінің  және 
тұрақты  даму  жөніндегі  Бүкілдүниежүзілік  саммиттің  деклара-
цияларында қойылған басымдықтарға сәйкес елеулі ілгерілеуге жетті.
«Қазақстан-2030» стратегиясына сәйкес біздің еліміздің болашағы 
қоғам дамуының барлық қырларының тұтастығымен, теңгерімділігімен 
байланысты.
Қазақстан - өзінің барлық азаматтары үшін тұрақты экономикалық 
дамуға,  денсаулық  пен  қолайлы  қоршаған  ортаға  қол  жеткізген 
ел.  Біз  су  ресурстарының  проблемаларымен  жұмыс  істеп,  жасыл 
желектің  дамуына,  қалдықтардың  қайта  өңделуіне  белсенді  түрде 
септесудеміз. 
Әйтсе  де  «жасыл  экономикаға»  көшу  және  климатты  өзгерту 
міндеттерін бірде-бір елдің жалғыз-жарым шеше алмасы айқын, біз 
өзіміздің күш-жігерлерімізді біріктіруіміз керек.
дүние трансшекаралық, трансөңірлік және тіпті трансконтитенттік 
сипаты бар проблемалардың алдында тұр.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
201
Қазақстан  жаһандық  энергиялық-экологиялық  стратегияның 
белгілі бір жақтарын нақтылау болып табылатын жаңа бастамасы - 
«Жасыл көпірді» нақ осыған байланысты ұсынды.
мұндай бағдарлама, ең алдымен,  еуропа мен Азияда, 
экологиялық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  және  «жасыл  экономиканы» 
қалыптастыру үдерістерін түйістіру мен жеделдетуге мүмкіндік 
береді.
Бастаманың  мақсаты  -  кең  құлашты  еуразиялық  интеграцияның 
«жасыл өскініне» көмектесу, ал оған, біздің сенімімізше,  еуропалық 
одақ та, Біртұтас экономикалық кеңістік пен Азия-тынық мұхит өңірі 
елдерінің  қауымдастығы  да  ықпалдасатын  болады.  Бастаманың 
көкейкестілігі тек бір өңірмен шектелуі мүмкін емес.
Біз  жаһандық  экономикалық  дамумен  өрелес  экологиялық 
проблемалардың  аса  ауқымды  шоғырында  әртүрлі  елдердің 
экологиялық  тұрғыдан  қауіпсіз  дамуының  өздеріне  тән  өте  келелі 
бағдарламалық салалары айқындалатынын негізге аламыз.
Астананың «Жасыл көпір» бастамасы 2010 жылғы қазандағы 
министрлердің  қоршаған  орта  мен  Азия-Тынық  мұхит 
өңірін  дамыту  жөніндегі  VІ  Конференциясының  қолдауына 
ие болды.
ол 
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының экология-
лық саясат жөніндегі Комитеті тарапынан қолдау тапты.
Бұл  бастама  іс  жүзінде  2011  жылғы  қыркүйекте  Астанада  өткен 
«Еуропа үшін қоршаған орта» жалпыеуропалық VІІ конференцияда 
талқыланды.
«Жасыл  көпір»  жобасы  -  жаһандық  «жасыл  экономиканы» 
дамытуға қосылған маңызды үлес.
Қазақстан  «жасыл»  ынтымақтастықтың  басым  бағыттары, 
әсіресе,  трансшекаралық  экожүйелерді  қорғау  мен  өңір  елдерінің 
климат өзгерісіне бейімделуі мәселелері бойынша ақпараттық, ком-
муникациялық қолдау жасауға әзір.

202
G
 - GL
OBAL
Амал  не,  бүгінде  шекара  маңы  экожүйелері  мейлінше,  құлдырау 
жолына түскен, өйткені мемлекеттік шекаралар елдер арасындағы 
кең ауқымды ынтымақтастыққа жағдай жасамайды.
осындай  кешенді  проблемалардың  бірі  -  трансшекаралық 
жүйелерді және бірінші кезекте өзендер мен халықаралық көлдерді 
қорғау мен бірлесіп пайдалану.
шекара  маңы  аумақтарының  экономикалық  дамуы  үшін  су 
факторының ерекше маңызы бар, өйткені ел-елдер өздерінің шаруа-
шылық  және  табиғат  қорғаушылық  іс-әрекеттерін  үйлестірмейтін 
болса, оңтайлы су саясатының да болуы мүмкін емес.
Қазақстанның  Арал  және  каспий  теңізінің,  Жайық,  ертіс,  іле 
өзендерінің  және  Қытаймен,  Ресеймен,  каспий  маңы  елдерімен, 
Қырғызстанмен  әм  басқалармен  ортақ  су  артерияларының 
трансшекаралық  алаптарын  бірлесіп  басқару  жөнінде  халы-
қаралық ынтымақтастық тәжірибесі бар.
Алайда  еуразияны  алатын  болсақ, 
58  трансшекаралық  су 
алаптарының 
тек  10-ы  бойынша  ғана  су  ресурстарын  бірлесіп 
басқару туралы келісім жасалып, орындалып отыр. Бүкіл дүниежүзі 
бойынша 
884 миллиондай адам қауіпсіз ауыз суға зәру. 
климат  өзгерісінің  қаупіне  байланысты  су  проблемасы 
әсіресе,  ушығып  барады.  еуразия  елдері  экономикасының 
климат  өзгерістеріне  шетіндігі  өте  жоғары.  копенгаген  саммиті 
нәтижелерінің шектеулі болғанын еске алғанда, климат өзгерісіне 
бейімделу  проблемасы  қуаң  және  жағалау,  тау  және  арал  елдері 
болсын  -  барлық  елдердің  күн  тәртібінде  алдыңғы  орындардың 
бірінде тұруы тиіс.
«Жасыл көпір» бастамасы дамудың қазіргі дәстүрлі үлгілерінен 
«жасыл  өскін»  байыптамасына  көшуге  ықпал  етеді,  бұл  әсіресе, 
мына  салаларға  қатысты:  трансшекаралық  экожүйелерді  қорғау 
және қалпына келтіру; табиғи ресурстарды экологиялық тұрғыдан 
тиімді  пайдалану;  азкөміртекті  даму  мен  климаттың  өзгеруіне 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
203
бейімделу;  қалалардың  тұрақты  дамуына  ықпалдасу;  «жасыл» 
бизнес пен жасыл технологияларды ілгері бастыру; тұрақты өмір 
салты мен тұрмыс сапасын арттыруды көтермелеу.
Біз БҰҰ-ның АтмэӘк және еэк, еуропалық одақ елдері, бірқатар 
халықаралық  форумдар  қолдаған  «Жасыл  көпір»  өңіраралық 
серіктестік  бағдарламасының  трансконтиненттік  еуразиялық 
ынтымақтастық үдерістерінде дәнекерші буын болып, 
жаһандық 
тұрақты  дамудың  қажетті  құрамдасына  айналатынына 
сенімдіміз.
«Жасыл  көпір»  бастамасын  ұсына  отырып,  біз
  елдер  мен 
халықаралық агенттіктерді еуразиялық және жаһандық «жасыл» 
ынтымақтастықты  жүзеге  асыру  үшін 
өз  үлестерін  қосуға 
шақырамыз.
Барлық  мүдделі  тараптар  ерікті  және  тең  құқықты  негізде 
«жасыл»  өскіннің  басымдықтарын  іске  асыру  жөніндегі  бағдар-
ламаға қатыса алар еді. дамыған елдер білімді, тәжірибені, жаңа 
технологияларды, озық практикаларды ілгері бастырып, дамушы 
дүниеге  беруде 
жетекшілік  рөлді  өз  міндеттеріне  алса  болар 
еді деп ойлаймын.
Астаналық  «Жасыл  көпір»  бастамасы 
БҰҰ-ның  тұрақты  даму 
жөніндегі «РИО+20» Конференциясын өткізуге елеулі өңіраралық 
үлес болып қосылды.
орта  мерзімді  болашақта  ресурс,  су,  қуат  сақтаушы  және 
баламалы  технологияларды  пайдалану  есебінен  «жасыл  өскін» 
басымдықтарын енгізу үшін 
тұрақты серіктестікті қалыптастыру, 
экожүйелерді  сақтау  мен  қалпына  келтіру,  табиғи  ресурстарды 
тиімді пайдалану 
жөніндегі тетіктер әзірленеді.
Ұзақ мерзімді болашақта серіктестік бағдарламасы шеңберінде 
құлдырау  қарқынын  басу  мен  қоршаған  ортаны  қалпына 
келтіру,  «жасыл»  саясат  пен  еуразиялық  континент  елдеріндегі 
«жасыл»  экономиканы  дамытуға  инвестициялар  тартудың  жаңа 

204
G
 - GL
OBAL
көзқарастары  есебінен  табиғи  ресурстарды  оңтайлы  пайдалану 
жөніндегі ауқымды жобалар жүзеге асырылады.
тұтастай  алғанда  «Жасыл  көпір»  серіктестік  бағдарламасы 
өңіраралық ынтымақтастықтың өзара тиімді тетіктерін су және энергия 
ресурстарын  неғұрлым  тиімді  пайдалануға,  таза  технологияларды 
беру  мен  инвестициялауға,  қоршаған  ортаға  тигізетін  ықпалды 
барынша  кемітуге,  экологиялық,  ұлттық  және  өңірлік  қауіпсіздікті 
елеулі түрде күшейтуге қолдануға мүмкіндік береді.
көптеген  халықаралық  сарапшылардың  бағалауынша, 
«Жасыл 
көпір»  бастамасы  өзінің  жаһандық  маңыздылығы  бойынша 
Киото үдерісіне бара-бар.
Дүниені шынымен өзгерту және оны табиғи ресурстарды тиімді 
пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қауіпсіз өндірістер 
жасауға 
неғұрлым  жақсы  бейімдеу  үшін  оның  әлеуеті  жеткілікті. 
«Жасыл» экономикаға көшу барысында ол өңірлік және өңіраралық 
ынтымақтастықтың үлгісі бола алады.
Астаналық «Жасыл көпір» бастамасының жақсы бастау алуы, БҰҰ-
ның  АтмэӘк-тің  қолдауымен  оның  белсенді  түрде  іске  асырыла 
бастауы 
Еуразиялық  «жасыл»  ынтымақтастықтың  Кешенді 
бағдарламасын жасау міндетін бірінші кезекке шығарады.
табиғатты  сақтау,  халықтың  тұрмыс  сапасын  жақсарту,  табиғат 
негіздерін  бұзбайтын  экономикалық  өрлеуге  жету
  -  үшбірлікті 
мақсат.  оған  қол  жеткізу  көп  ретте 
ХХІ  ғасырдағы  жаңа  дүние 
тәртібі ойдағыдай болуының өлшеміне айналмақшы.
***
2010  жылы  Қазақстанның  бас  қаласы  -  Астанада  дүниежүзілік 
жетекші  ғылыми-біліми  орталықтардың  үлгісімен  құрылған 
жаңа 
университет ашылды.
университеттің  әлеуеті  серпінді  түрде  дамып  келеді,  қазір  онда 
бір  жарым  мыңнан  аса  студенттер  оқиды.  өмір  туралы  ғылымдар 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
205
орталығында,  энергетикалық  зерттеулер  орталығында  және 
пәнаралық орталықта ғылыми қызмет қарқын ала түсуде.
мұнда  қазір  жүзге  тарта  ғылыми-техникалық  жобалар  іске 
асырылып  жатыр.  университет  ғалымдары  ғылыми  еңбектерін 
дүниежүзінің беделді басылымдарында жариялайды, қазірдің өзінде 
олар  тапқан  жаңалықтарына  4  патент  алды.  мұнда  дүниежүзіндегі 
маңдайалды университеттердің профессорлары лекция оқиды.
Біз университетті әлі де дамыта береміз. мұнда Білім мектебі, Бизнес 
мектебі  мен  мемлекеттік  саясат  мектебі  жұмыс  істейді.  сондай-ақ 
медицина және кен рудасы мектептерін ашу көзделіп отыр.
мұнда, шын мәнінде, елдің жаңа болашағы, мемлекетіміздің жаңа 
элитасы  қалыптасып  жатыр;  ХХі  ғасырда  Қазақстанды  дамытып, 
қазақстандықтардың бейбітшілігі мен сенімді гүлденуін қамтамасыз 
ететін солар болады. 
мен осы университеттің өз атыммен аталуына келісімімді бердім. 
Әр оқу жылын менің осынау ғылыми-біліми орталық студенттерімен 
кездесуіммен бастау дәстүрге айналды. өз лекциямда мен студенттер 
аудиториясын дүниеге, планетадағы қайшылықты оқиғаларға деген 
көзқарасыммен  таныстырамын.  Қазақстанның  алдында  қандай 
міндеттер  тұрғанын,  еліміз  қашан  да  ұлттардың  дүниежүзілік 
отбасының лайықты қатысушысы болуы үшін не істеуіміз керектігін 
айтамын. 
Қазақстандықтар - жас әрі ширақ ұлт.
Біздің азаматтарымыздың орташа жасы 35-тен аспайды. 2005 жылы 
басталған «бала туу дүмпуі», болжамдар бойынша, 2016 жылға дейін 
жалғасатын болса керек. Бұрынғы жылдарға қарағанда бала саны 
1,2 миллионға артады. нақ бүгін мектеп парталары мен университет 
аудиторияларында  отырғандар  Қазақстанның  жаңа  болашағының 
эстафетасын қолдарына алады.
сондықтан  менің  студенттер  алдындағы  лекцияларым  -  өз 
болашағымызға тікелей арнаған сөзім.

206
G
 - GL
OBAL
2012 жылғы 5 қыркүйекте оқыған сондай лекцияларымның бірінде 
мен  ХХі  ғасырдың  күрделі  жағдайында  елді  дамыту  жөніндегі 
стратегиялық жоспарларымды егжей-тегжейлі баяндап бердім.
өзімнің  жас  отандастарымды  индустрияландырудан  кейінгі 
дүниеге  қадам  басып  бара  жатқанымызды  ұмытпауға  шақырдым, 
ал  онда  «білім  -  ғылым  -  инновациялар»  үштармағы  үстемдік 
құратынын ескерттім. БҰҰ-ның жанындағы халықаралық ұйымдар, 
еуропалық көшбасшы көсемдер, көптеген белгілі экономистер мен 
саясаткерлер әйгілі американ ғалымы джереми Рифкин нақпа-нақ 
таратып  берген  үшінші  индустриялық  революция  пайымдамасын 
ресми түрде қабылдап та қойды.
Алғашқы  революция  бу  қорғауышын,  екіншісі  электрді  және 
байланыс құралдарын табумен байланысты болса, үшіншісі цифрлы 
байланыспен бірге басталды.
Алдағы  жылдарда  ғаламтор-технологиялар  мен  қайталанбалы 
қуат  көздері  бірігіп,  үшінші  индустриялық  революцияға  жаңа 
инфрақұрылым жасайды. «энергетикалық ғаламтор» миллиондаған 
адамдарға таза энергияны өз үйлерінде, кеңселері мен заводтарында 
өндіріп,  онымен еркін алыс-беріс жасасуына мүмкіндік береді.
Қазақстан индустриялық революцияның арқауы болатын «жасыл 
экономика»  берген  артықшылықтарды  пайдалануға  тиісті.  Бұл  - 
лайықты өмір мен елдің гүлденуіне бастайтын жол.
мен  дүниенің  әр  түкпірінде  қазір  болып  жатқандай  саяси, 
ұлтаралық,  діни  жанжалдардан  ХХі  ғасырда  ешкім  де  сақтан-
дырылмағанын айттым.
Бірақ  жанжалдарда  жеңімпаз  болуы  мүмкін  емес.  онда  тек 
жауыздық  үстем  шығады  да  қайыршылыққа,  күйзеліске,  аштыққа, 
бітіп болмайтын азаматтық соғысқа ұрындырып, артқа, орта ғасырға 
ысырып тастайды.
Бүгін  біз  «шыны  дүниеде»  өмір  сүріп  отырмыз.  Бұл  -  мөлдір  әрі 
морт дүние. мұнда тас лақтыруға болмайды. мұны тек сақтау керек.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
207
Қазақстан    табысының 
үш  кілті  бар  және  олар  -  біздің  бүкіл-
халықтық игілігіміз.
Біріншіден, ол - 140 этностан тұратын бүкіл қазақстандықтардың 
бірлігі. Бұл - бірегей игілік.
Біздің міндетіміз - оны көздің қарашығындай сақтап, қорғау және 
молайта  беру.  Біз  әлемдік  мұхитта  өзінің  сенімді  бағытымен  аман-
сау  жүзіп  бара  жатқан  қайығымызды  ешкімнің  шайқалтуына  жол 
бермеуіміз керек.
Екіншіден,  ол  -  біздің  бәрімізге  ортақ  және  әрқайсымызға  тән 
төзімділік.  этностық  және  діни  айырмашылықтарды  байыппен 
түсініп, құрметпен қабылдау.
осының арқасында біздің алуан түрлілігіміз арамызды бөлмейді, 
қайта біріктіре түседі. егер төзімділігіміз болмаса, біздің қайығымыз 
бағытынан  ауытқып  кетуі  мүмкін,  содан  соң  тас-талқан  болудан 
кепілдігі де қалмайды. Біз апатқа ұшырап, жан-жаққа «SOS» дабылын 
жіберетін теңізшілерге айналамыз.
Үшіншіден, ол  тарихи тағдырдың ортақтығы. Біздің мақсатымыз 
-  тек  өзгермелі  дүниенің  жаңа  жағдайында  тірі  қалу  ғана  емес, 
сонымен  бірге  бұрынғы  табыстарымызды  баянды  етіп,  енді 
қалыптасып жатқан дүниеге ықпал етуші мүмкіндіктерімізді кеңейте 
түсіп, дамуымызды одан әрі жалғастыру.
Жастар аудиториясының шынайы әрі зейінді ілтипатынан, лекциядан 
соң  өзіме  берілген  ынталы  сұрақтардан  мен  олардың  өмірге, 
жасампаздыққа  деген  терең  ықыласын,  біздің  Қазақстанымыздың 
және барша дүниенің бейбітшілік пен гүлдену, өркендеу  мен игілік 
жолымен сенімді түрде алға басуына мүдделілігін көргендей болдым.
сол сәтте маған небәрі 20 жыл ішінде біз өз 
Отанының шынайы 
патриоттары  бола  отырып,  өздерін  жаһандық  дүниенің  бір 
бөлшегі деп сезінетін ұрпақ өсірген екенбіз деген ой келді.
дүниенің әралуан елдеріндегі миллиондаған және тіпті миллиард-
таған жас азаматтар да осындай сапаларға ие болып, ХХі ғасырда 

208
G
 - GL
OBAL
планетамызды неғұрлым ашық, бейбіт және толерантты етуге құл-
шынатынына мен кәміл сенімдімін.
нақ осы себепті менің G-GLOBAL әлемі туралы идеям, ең алдымен, 
қазақстандықтардың  және  планетамыздағы  барлық  адамдардың 
жас ұрпағына бағытталған. Әрі мен бұл идея олардың жүрегіне жол 
тауып, бүкіл дүние мен адамзаттың игілігі  жолындағы іс-әрекеттеріне 
серпін беретін болар деген үміттемін. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
209
ҚоРытынды
ХХі ғасырдың алғашқы онжылдығы дүниенің жаңа мыңжылдықта 
бетпе-бет  келетін 
өлшеусіз  мүмкіндіктерін  және  сонымен  бірге 
керемет қиындықтарын да көрсетіп берді.
Адамзат уақыт пен қашықтықтарды серпінді түрде «сығымдайтын», 
жаһандық экономиканың, мемлекетаралық қатынастардың, өмір 
сүру  мен  өзара  ықпалдастық 
ережелері  мен  құндылықтарының 
жаңа  тұрпатын  қалыптастыратын  дамудың  қарқынды  кезеңіне 
аяқ басты.
Дүниені  не  күтіп  тұрғанын  білу  үшін,  ортағасырлық  Ренессанс 
ойшылдарының  бірі  айтқандай,  ықылымдағы  немесе  жақындағы 
адамзат  тарихында  не  болғанын  шолып  қана  өту  ХХі  ғасырда 
жеткіліксіз  болып  қалды.  Бүгінде  алда 
не  болатынын,  дүниенің 
қандай әлеуеті барын, бір-екі жылда, бес, он, отыз жылда және одан 
әріде  қандай 
қыр  көрсетулермен  және  қауіп-қатермен  кездесуі 
мүмкін екенін анық білу аса маңызды.
Бұл  тұрғыда  әлдебір  тылсым  көрегендік  қасиеттен  гөрі 
нақты 
ғылыми  болжам  мен  есептің,  трендтер  мен  үрдістердің  күллі 
үйлесімін ескере білудің маңызы зор.
өз мақалаларымның бірінде мен 
«болашақтың тарихы» ұғымын 
пайдаланғаным бар.
Ал  ол  -  тұспалдау  емес,  нақты  ғылыми  және  саяси  зерттеу 
тақырыбы; соған сүйене отырып, бүгін мемлекеттер мен қоғамдардың 
стратегиялық  және  тактикалық  даму  жолдарын  қалыптастыру 
маңызды. 
сондықтан  барған  сайын  көп  елдердің  саяси  практикасында 
ұзақ мерзімді болашаққа есептелген 
ұлттық даму стратегиялары 
орын  алуда.  мемлекетаралық  деңгейде  екіжақты  және  көпжақты 
қатынастарды нығайтудың ұзақ мерзімді жоспарлары қабылдануда. 
БҰҰ деңгейінде «мыңжылдықтың күн тәртібі» қалыптастырылуда.

210

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет