Қиындығы жоғары есептерді шешу әдісі



бет15/16
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#11428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мысалы:

Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.

Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.

Тақырыбы және орындалу тәртібі фронтальдық зертханалық жұмыстарға (пара-пар) сәйкес келетін, басқаша айтқанда, мақсаты және қойылуы бірдей, орындау реті және эксперементте алынған нәтижені сараптау тәсілі ұқсас, эксперементтік тапсырмаларға мысалдар келтірейік.

            7-сынып

1.     Медицмналық шприцтің, балалардың сүт ішетін бөтелкесінің, градусниктің бөлік құнын және өлшеу шегін анықта.

2.     Миллиметрлік сызғышты пайдаланып иненің, шегенің және т.б. заттардың диаметрін анықта.

3.     Таразымен өзіңіздің массаңызды өлшеңіз. Серіппелі таразымен қазанның, шанышқының, қасықтың массасын анықта.

4.     Әр түрлді денелерді суға батыру арқылы көлемін анықтау. Ыдыстағы судың деңгейін және бетінің ауданын өлшеуіш лентамен өлшеу.

5.     Қант кесегінің, күріштің, жарманың өлшеуіш ыдысты және серіппелі таразыны пайдаланып тығыздығын анықта. Серіппелі таразының өлшеу шегін және бөлік құныны анықта.

6.     Серіппелі таразы көмегімен кастрөлге және өлшеуіш ыдысқа орталап, сосын толтыра су құйып, үстел бетімен үйкелес күшін өлше, алынған мәндерді заттардың массасымен салыстыр.

7.     Заттың көлемін біле отырып ығысқан судың салмағын (немесе кері итеруші күшті) есепте және осы заттың салмағымен салыстыр.

8.     Капрон қақпағы бар банканың немесе тығыны бар бөтелкенің, шелектің көмегімен дененің сұйықта жүзу шарттарын анықта.

9.     Миллиметрлік бөлігі бар сызғышпен рычагтың иіндерін өлше (қайшы, кілт) және қанша ұтатынын есепте.



8-сынып

1.     Кружкаға немесе сыйымдылығы белгілі ыдысқа шәй құйып, температурасын термометрмен өлше. үстіне қайнаған су құйып, тағы да температурасын өлше. Шәйдің алған және қайнаған судың берген жылу мөлшерлерін есепте және салыстыр.

2.     Массасы белгілі кастрөлге көлемі белгілі қайнаған су құй және 4-5 минуттан кейін (бұл уақытта беті жабық кастрөл жылиды) судың температурасын өлше. Бөлме температурасы біле отырып, қатты дененің (кастрөлдің) меншікті жылу сыйымдылығын есепте.

3.     Кружкаға мұз кесектерін сал және сыртқы термометрдің көрсетуін пайдаланып, судың еруін бақыла. Минут сайын термометрдің көрсетуін жазып ал, графигін сыз.

4.     Қалта шамының тізбегінің схемасын сызып көрсет және оның бөліктерін ата.

5.     Құрғақ элементтерден құралған кішкентай ескі батареяны бұзып бөлшекте. Оны құраған бөлшектерді тауып, элементтердің бірін тіліп, оның құрылысына зер салып қара.

6.     Электрлік тігін машинасындағы реостаттың немесе радиоқабылдағыштың телевизордың дыбыс реттегішінің қажеттілігін анықта.

7.     Шырша гирляндасындағы лампочканың және қалта шамының құжаттық жазулары бойынша қыздыру шамының кедергісін есепте.

8.     Шырша гирляндасындағы лампочканың қосылу түрін анықтап қара, әр лампочканың кернеуін есепте. Лампочканың қосылу схемасын сызып көрсет.

9.     Люстрадағы лампочкалардың қосылу түрін анықта және схемасын сызып сыз.

10. Үйлеріңіздің барлық бөлмелеріндегі лампочкалардың, үтіктің, шаң сорғыштың, тоңазытқыштың, құжаттық жазулары бойынша қуатын есепте. Электр энергиясын тұтынатын барлық құрылғылардың жалпы қуатын есепте.

9-сынып

1.     Серіппелі таразының серіппесінің қатаңдығын анықта.

2.     Көлбеу жазықтықтан домалаған доптың үдеуін есепте. Ґлшеуіш лента және секундтық тілі бар сағат арқылы.

3.     Горизонать лақтырылған тастың, доптың лақтыру жылдамдығын есепте. Доптың ұшу алыстығын және биіктігін өлшеуіш лентамен өлшеуге болады.

4.     Краннан аққан судың жылдамдығын анықта.

5.     Трактордың қандай детальдарында үйкеліс пайда болатынын және үйкелісті азайтудың жолдарын айт.

6.     Сызғыштың көмегімен механикалық сағаттың минуттық тілі мен сағаттың ұштарының жылдамдығын тап.

Үй жағдайында.

1.     Тастың көлемін анықтау мүмкін болмаған жағдайда таразының, таразы тастарының және су құйылған ыдыстың көмегімен тастың тығыздығын есепте.

2.     Таразының көмегімен кастрөлдің сыйымдылығын анықта.

3.     Кішірек шардың диаметрін мензурканың көмегімен қалай анықтауға болады. Жіңішке сым темірдің диаметрін торкөз дәптер мен қарындаштың көмегімен дәл анықтау.

4.     Су құйылған тік бұрышты ыдыста жүзіп жүрген дененің массасын сызғыштың көмегімен анықта.

5.     Су құйылған тар цилиндр ыдыстағы жүзіп жүрген ағаштың тығыздығын сызғыштың көмегімен анықта.



Серуенде.

1.     Секундомермен әр түрлі жағдайда күн күркіреудің ұзақтығын қарап найзағайдың ұзындығын қалай анықтауға болады?

2.     Күн ашық кезде сызғыштың көмегімен ағаштың биіктігін жерде тұрып қалай өлшеуге болады?

3.     Мұз айдынындағы екі бала қайсысының салмағы көп екенін білгісі келді. Бір ғана рулеткамен осыны қалай білуге болатынын анықта.

4.     Ертеңгілік қаладан шыққын жүргізуші түзу жолда келе жатып, бір сағаттан соң аялдама жасағысы келді. Сағаты, радиоқабылдағышы жоқ болса. уақытты қалай біле алады.

Жоғарыдағыдай, үй тәжірибелерін орындау оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырады.

Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді. Эксперименттік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.

Екіншіден тіпті оңай деген эксперементтік тапсырманың өзі зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.











                  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет