Тақырыбы: Гаструляция Сабақтың мақсаты:Гаструляйияның әр түрлі жолдарын зерттеу.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш
Жұмысты жүргізу әдісі:Гаструланың үш жапырақшасын анықтау. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) гастроцель 5) саруыз тығыны.
Тапсырма Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар
1. Бақаның гаструласының алғашқы кезеңі
Ұрық екі жапырақшалардан тұрады. Ол эктодерма мен энтодерма. Сыртқы эктодерманың клеткалары ұсақ және түсі күңгірт болып келеді. Ішкі энтодерманың клеткалары ірі, ашық түсті болады. Бластоцель жақсы көрінеді.
2. Гаструланың орта кезеңі.
Бұл кезеңде гастроцель үлкейіп, бластоцельді ығыстырады. Микроскоппен қарағанда бластопордың дорсальды, вентральды еріндер және саруыз тығыны жақсы көрінеді.
3. Гаструланың соңғы кезеңі.
Бұл кезеңде жалғыз гастроцель қуысы болады. бластопордың ені кішірейеді. Гаструланың үш жапырақшасы анық көрінеді. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) гастроцель 5) саруыз тығыны.
Бақылау сұрақтары: 1. Гаструляция және гаструляцияның механизмдері мен жолдары
2. Бластопор және оның маңызы
3. Гаструлалардың түрлері
4. Мезодерма құрылуының жолдары
Нейруляция Сабақтың мақсаты:нейруляция процесін зерттеу.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш
Жұмысты жүргізу әдісі: Бақа ұрығының дене жағынан көлденең кесіндінің суретін салып,
белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) энтодерма 3)нерв пластинкасы 4) нерв қатпарлары 5) хорда
2. Нейруланың ортаңғы кезеңі.
Тапсырма Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар
1. Нейруланың алғашқы кезеңі. Бақа ұрығының дене жағынан көлденең кесінді. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) энтодерма 3)нерв пластинкасы 4) нерв қатпарлары 5) хорда
2. Нейруланың ортаңғы кезеңі. Нерв пластинкасы майысып нерв науасын құрады. Нерв қатпарлары бір-біріне жақындайды. Тікелей нерв түтігінің астыңғы жағында ұрық денесін бойлай созыла хорданың бастамасы жатады. Хорданың астында екінші ішек түтігі энтодермадан құралады. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) хорда 5) екінші ішектің қуысы
3. Нейруланың соңғы кезеңі. Бұл кезеңде ұрықта тері эктодермасы, нерв түтігі, хорда, мезодерма бар. Мезодерма эписомит және гипосомиттерге бөлінген. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) эписомит 3) невроцель 4) гипосомит 5) екінші ішек
Бақылау сұрақтары: Нейрула деген не және ол ұрықтың даму процесінде қалай түзіледі?
1. Нейруляцияның кезеңдері.
2. Мезодерманың түзілуі.
3. Нерв айдаршасынан қандай ұлпалар пайда болады?
4. Мезодерманың қандай бөліктері бар және ол бөліктерден қандай ұлпалар пайда болады?