Байланысты: Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто
Дифференциалды диагностикасы Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялык, интоксикациялык аурулардан, жедел жаракаттык психоздан және жедел пан- креатит және созылмалы панкреатиттің аскынуы кезіндегі психоздан ажырата
білу кажет.
Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын негізгі критерий сананың делириозды күнгіртгенуі болып табылады (орын және
уакыг бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының
ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анык, массивті вербальды гал-
люциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялык және вегетативтік ком-
поненттер болмайды.
Алкогольді делирий мен инфекциялык және алкогольдік емес уланулар кезіндегі
делириозды синдром арасында дифференциалды диагноз алкогольді делирий
кезінде инфекциялык аурудың немесе уланудың клиникалык белгілері, серологиялык
реакциялар және канның сәйкес лейкоциттік формуласының, температуралык
шаманың, ағзада улану тудырған заттардың аныкталмауына сүйеніп койылады.
Жедел жаракаттык психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуі
аркылы көрінуі мүмкін. Дифференциалды диагностикасын алкогольді инток-
сикация кезінде алынған жаракат жағдайы киындатуы мүмкін.
Жаракаттык делирийге вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар тән,
ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу
белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинациялык бұзылыстар бұлыңғырланады.
Емі Алкогольді делирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалык көрінісінің ауырлығына, оның аскынуына, аурудың соматикалык жағдайына байланысты катаң индивидуальды түрде емдеу кажет.
Алкогольді делирий терапиясы дезинтоксикациялық, дәруменді терапия
(В тобыныщ дәрумендері), сонымен катар, психозға қарсы препараттарды
колданудан тұрады.
Улануды дезинтоксикациялык ерітінділер енгізу аркылы жояды. Тиол пре-
праттары кеңінен колданылады, олардың дезинтоксикациялык касиеттері кұрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың
болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының
10 кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.
Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және
изотониялық (9% NaCL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу
көрсетілген.
Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы — бал қосылған сүт).
Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты — қозуды жою және ұзақ
ұйқы шақыру (16—18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транк-
вилизаторлар (5% 4—5 мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар, бұлшықетке
димедрол, пипольфен (0,05 г-нан) егеді.
Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе
фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі
асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте
сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан
сайын тереңдете түсуі мүмкін.
Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты — жүрек қызметін
қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық
қысымның төмендеуінің алдын алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу
болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер
қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).