Корсаков психозы. Созылмалы алкогольді энцифалопатияның бір формасы
корсаков психозы болып табылады.
Бұл аурудың негізгі белгілеріне амнестикалык, синдром (парамнезиялармен —
конфабуляция және псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялык
және ретроградты амнезия) және полиневрит жатады.
Корсаков психозы, ереже бойынша, алкоголизмнің соңғы сатысында
пайда болады. Оның басты белгісі — фиксациялык амнезия. Наукас жаңа
акпаратты игеріп, бекіте алмайды, мысалы, өзімен сөйлесіп отырған дәрігердің
есімін, бүгінгі күнді, айды және т.б. Сонымен катар, парамнезиялар жиі
бакыланады. Қойылған сұрактарға жауап бергенде наукас киялдан алынған
жиі фантастикалык сипаттағы (конфаблуляциялар) акпарат береді немесе
казіргі болып жаткан жағдай орнына бұрынғы өтіп кеткенді әңгімелейді
(псевдореминисценция).
Алкогольді интоксикация жалғаса берген жағдайда, психоз ағымы үдемелі,
ал алкогольді колдануды токтаткан кезде, үдеудің айкын белегілері болмайды
немесе регредиенттілікке тенденция пайда болады.
Алкогольді псевдосалдану. Бұл — созылмалы алкогольді энцефалопатияның
салыстырмалы түрде сирек кездесетін ауыр формасы. Оның клиникалык көрінісі
үдемелі салдануға ұксас болып келеді. Бұл аурудың даму негізінде де В тобы
дәрумендерінің жетіспеушілігі жатыр. Мұндай аурулардың психикалык жағдайында зейін концентрациясының
бұзылуы, кажу, айкын фиксациялык гипомнезия, конфабуляция көрініс
береді. Сонымен катар, фрагментті ұлылык сандырактык идеялары бакылануы
мүмкін.
Гайе—Вернике энцефалопатиясы.Бұл — созылмалы алкогольді энцефа-
лопатияның аса сирек кездесетін формасы. Бұл аурудың жедел формасы
алкогольді делирийдің ауыр формасына ұқсас. Емі ауыр алкогольді делирий
кезіндегімен бірдей.
Гайе—Вернике энцефалопатиясының жеделдеу және созылмалы түрінде
шатасумен байқалатын сана өзгерісі, сөз-қимылдық қозу, абортивті делириоздық
құбылыстар, эпилептиформды ұстамалар, корсаков типі бойынша ес өзгерісі
және неврологиялық бұзылыстар: атаксия, экстрапирамидалық симпотомати-
ка, көз қозғалтқыш фукция бұзылысы бақыланады.
Есірткіге тәуелділікті сот-психиатриялық бағалау.
«Токсикомания» түсінігінің анықтамасы, жалпы сипаттамасы, клиникасы.