Сөйлеуді тексеру. Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия;
Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.
Праксисті зерттеу. Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.
Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы.
Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырыққабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.
Гнозисті зерттеу. Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
-Иіс сезу агнозиясы;
-Есту агнозиясы;
-Көру агнозиясы;
-Кеңістік сезу агнозиясы;
-Адамды танымау агнозиясы;
-Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.
Самай бөлімі қызметтері: -Есту тітіркенуін қабылдау және талдау
-Вестибулярлы анализатор орталығы
-Иіс сезу анализатор орталығы
-Дәм сезу анализатор орталығы
-Сенсорлық сөйлеу оралығы
-Дыбыс пен әуенді тану орталығы (бөтен тілді түсінбеу,жаз, оқу қабілетін жоғалту)
-Жад және армандардың функциясы
Самай бөлік симптомдары -Есту агнозиясы
-Жүйелі бас айналу ұстамасы
-Контралатеральды астазия-абазия
-Жоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде
-Сенсорлы афазия
-Амнестикалық афазия
Самай бөлік – тітіркену синдромдары
-Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге:
-Иіс сезу (Гешле иірімі)
-Дәм сезу (аралша бөлігі)
-есту (жоғарғы самай иірімі)
-вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері
-висцеральды (медиобазальды бөлім)
-Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген
-Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды.
-Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы
мүмкін.