Көру төмпешігі (таламус) әр жарты шарда бар. Екі көру төмпешігі бір-бірімен сұр дәнекер арқылы байланысқан. Сұр дәнекерде екі көру төмпешігі ядроларын біріктіретін жолдар өтеді. Көру төмпешігі үш негізгі ядролардан тұрады: алдыңғы, ішкі және сыртқы. Сыртқы және ішкі ядролардың түйіскен жерінде ортаңғы ядро, немесе Льюис денесі, орналасады. Гистологиялық тұрғыдан көру төмпешігі ядролары ганглиозды көпполюсті жасушалардан тұрады. Сыртқы ядролар жасушаларында хроматофильді дәндер болады. Көру төмпешігі жоғарғы жағынан миелинді талшықтар қабатымен жабылған. Көру төмпешігінің ядролары екі жақты кең байланыстары арқылы ми қыртысымен және қыртыс асты құрылымдарымен қатынасып жатады. Көру төмпешігіне төмен жатқан бөліктерден, ортаңғы, артқы мидан және жұлыннан жүйке жолдары келеді; өз кезегінде көру төмпешігінен де сол бөліктерге кері қарай жүйке жолдары кетеді.
Көру төмпешігіне төменгі бөліктерден келетін жүйке талшықтары сезімталдықтың әртүрлі импульстарын әкеледі. Солай көру төмпешігінің сыртқы ядросына ішкі (медиальды) ілмектің және де жұлын-мишық жолының талшықтары, үштік жүйкенің сезімталдық жолы, кезбе және шығыр нервтерінің талшықтары келеді.
Көру төмпешігінің ядролары көптеген байланыстар арқылы аралық мидың басқа да бөліктерімен қосылады. Осылайша, көру төмпешіктерінде барлық түрлі сезімталдық жолдарының аяқталуы шоғырланады.
Көру төмпешігіне ерекше құрылым тығыз жанасып жатады – тізе тәрізді денелер. Әр жарты шарда ішкі және сыртқы тізе тәрізді денені ажыратады. Тізе тәрізді денеде көру сезімталдығының бірінші нейроны мен есту жолдарының екінші нейроны аяқталады, және де есту жолы ішкі, ал көру жолы – сыртқы тізе тәрізді денеге келеді. Тізе тәрізді денелерде осы денелердің ядроларын түзетін сұр заттың жинақталған жерлері болады.
Көру төмпешігінің артында (кішкене төменірек) ерекше құрылым – эпифиз (ішкі секреция безі) орналасқан.
Зерттеулер көрсеткендей, эпифиз организмнің бірқатар маңызды функцияларын басқаруда ерекше роль атқарады. Эпифизден басқа да эндокриндік бездердің қызметін реттеп отыратын гормондық белсенділігі бар заттар бөлінген. Эпифиз организмнің күн мен түннің ауысуына бейімделуі мен бағдарлануына мүмкіндік беретін мүше қызметін атқарады деп болжанған. Оның гормоны организмнің бірқатар жүйесінің жұмыс істеу ырғақтылығына, соның ішінде жыныстық циклға, әсер етеді. Эпифиз қызметінің тежелуі балаларда ерте жыныстық жетілуге әкеледі. Эпифиз функциясының бұзылысы балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезінде жиі байқалады.
ТОЛЫҚ ЕМЕС бар тапқаным осы қосарсыздар нақты емес өтірік инф бермей бірден айтып отрмын
13.Ми бағаны: құрылысы, қызметі. Ми бағанының зақымдану симптомдары.Ми бағаны зақымдалған кездегі альтернациялық салдану туралы ұғым.Вебер, Мийяр-Гублер, Джексон,Фовиль синдромдары.
Ми бөлімдері
Ми бөлімдеріне сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми , алдыңғы мидың ми сыңары
Ми бағаны — жұлыннан келетін өткізгіш жолдарды жалғастыратын ми бөлігі. Оның құрамына сопақша ми , ми көпірі, ортаңғы ми, аралық мидың бөлігі жатады. Филогенетикалық тұрғыдан ми бағаны көне ми бөліктеріне жатады.
Ми бағанынан 12 жұп бассүйек — ми нервтері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшық еттер мен бездермен байланыстырады.
Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.
Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты
Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады.
Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да).
ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды.
Вебер синдромы-ми аяқшасы зақымдануының көз қимыл нерві менпирамида жолын қамтуы.ЗАқымданған жақта көз-қимыл нервінің қызметі жойылады,қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады.
Фовиль-Варолий көпірі астының бет нерві ядролары мен әкеткіш нерві клеткаларының аксондары мен ми қыртысы жұлын жолының қосарлана зақымдануы.Зақымданған жағында ымдау бұлшық еттері семіп соларды және көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің қызметі жойылады,ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады. Осы сияқты альтернеулеуші синдромдар қатарында Мийяр-Гублермимикалық бұлшық еттің параличі, Джексон зақымдалған бөліктегң тіл асты нервінің параличі бар.
Неврология
14.Бас мидың қыртысты қабаты.Мидың жоғарғы қызметтері.Самай және шүйде бөлімдерінің зақымдалу синдромдары.Зерттеу әдістері.
Ересек адамдарда мидың орташа салмағы – 1375 г, сагитальды размері –16-17 см, көлденең размері – 13-14 см,вертикальды – 10,5 пен 12,5 см тұрақсызданады. Миды шартты түрде
үлкен миға, cerebrum, кіші миға немесе мишыққа, cerebellum, және ми сабауына, truncus cerebri, бөледі.Үлкен ми жарты шарын 14 миллиардтай нерв клеткаларынан тұратын сұр затты
қыртыс жауып тұрады. Үлкен ми мидың ең үлкен бөлімі және бассүйек қуысының көп бөлігін толтырып тұрады. Мидың сыртқы,шығыңқы бетімен, яғни үлкен мидың күмбезді бетімен, facies superolateralis cerebri, сагиталді бағытта мидың бойлық саңылауы, fissura longitudinalis cerebri, өтіп, үлкен миды оң және сол екі ми сыңарларына, hemispherium cerebri dextrum et hemispherium cerebri sinistrum, бөледі.Ми сыңарларын өзара дәнекерлер,commissurae, оның ішінде үлкен дәнекер немесе сүйелді дене ,corpus callosum, қосады.
Бас ми сыңарын 4 үлкен үлесіне, lobi cerebri, бөледі:
1.Маңдай үлесі, lobus frontalis
2.Төбе үлесі, lobus parietalis
3.Самай үлесі, lobus occipitalis
4.Шүйде үлесі, lobus temporalis.