Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Фебрильді шизофренияда алғашқы көмек



бет87/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Фебрильді шизофренияда алғашқы көмек: - Нейролептиктер арқылы емдеу: аминазин.
- Ұстамадан соң алғашқы 3 күнде ЭСТ (Электросудорожная терапия) қолдану
- гемодез, реополиглюкин, глюкоза инсулинмен, полиондық қоспа салу.
- Ноотроптар тағайындау
- Гипотонияда мезатон, норадреналин, кортикостероидтар қолдану.
- Дене температурасын түсіру үшін: амидопирин, дроперидол, мұзбен салқындату.
- Психомоторлы қозуда: үлкен дозада диазепам. Психоздан соң ұзаққа созылатын ремиссия басталады.
Нейролептикалық синдромда алғашқы көмек: Дереу арада нейролептиктерді қабылдауды үзу. Транквилизаторлар тағайындау: реланиум, феназепам. М-холинолитикалық препараттар: акинетон, циклодол. Ноотроптар: пирацетам тағайындау керек. Гомеозстазды реттеу үшін: венаға тамшылатып полиглюкин, реополиглюкин, полиондық ерітінділер егу. Ми ісіну белгілері болса: диуретиктер қолдану. АҚҚ жоғары болса: мезатон, допамин.


  1. Алкогольге тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.



Алкогольге тәуелді адамдар өзін алкоголик ретінде санамайды. Сирек жағдайда өздерін ауру санайды. Өздерін ешқандай көмексіз әр кезде ішуді тоқтата аламын дейді. Олардың ойынша стресс, шаршағыштық алкогольмен басылады. Жұмыс,отбасы және т.б. екінші қатарға қойылады.Олар тек ішетін адамдармен араласады. Есте сақтау қабілеттері нашарлайды. Эмоция мен қимылды басқара алмайды. Кейде себепсіз агрессия немесе жоғары көтіріңкі күй.
Абстинентті синдром.
Психопатология:қорқыныш,үрей,пессимизм, суицидальды ойлар, ұйқысыздық, өзін кінәләу, есту және көру галлюцинациялары.
Нейровегетативті өзгерістер:астения, шөлдеу, ісіктер,тершеңдік,гипертензия,гипотензия,тәбеттің төмендеуі, аяқ-қолдың треморы, жүрек соққысының жиілеуі.
Церебральды бұзылыстар:құсу,цефалгия, есінен тану, бас айналу, эпилептикалық құрысулар.
Соматикалық бұзылыстар;құсу,жүрек айну, диарея,жүрек ритмінің бұзылуы, іштің ісуі, колики,аритмия.

  1. Опиоидтарға тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.

Ең маңызды белгісі-миоз. Сонымен қатар терінің құрғақтығы, бозғылттығы; гипотония, брадикардия, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы тән. Сөз жылдам. Сын төмендеген. Кодеиндік масаю алкогольдік масаюға ұқсас психомоторлы ажитация тән. Психомоторлы қозу әдетте мак сабағының химиялық өңделген заттарына тән.


Психиканың өзгерістері өте жиі кездеседі. Аурудың бастапқы сатыларында астениялық бұзылыстар жиі кездеседі. Кеш этаптарда науқастар еңбекке жарамсыз, оларда әлсіздік, енжарлық, астения, аллергия байқалады.
Морфинисттерде есте сақтау бұзылған. Жұмыс істеу морфинның күшімен ғана іске асады. Интеллектуалді бұзылыстар өте айқын. Өзіне, өз ісіне сын жоқ. Есте сақтау қабілеті төмендеген.Опийіндік нашақорлыққа шалдыққандарда аффективті ауытқулар айқын көрініс береді. Наркотизациядан тыс кезде көңіл күй өте төмен. Науқастар лабильді, психогенді және ауырсынулық тітіркендіргіштерге өте сезімтал.
Біртіндеп тұлғалық қасиеттер жоғала бастайды. Барлық қызығушылық тек наркотикалық заттар жайында, оны табу негізгі мақсат болып табылады. Ұялу сезімі жоқ. Науқастар отбасы жағдайымен мүлде шұғылданбайды. Яғни, толық тұлғалық деградация дамиды.
Опийіндік нашақорлықта адамның сыртқы келбеті өте маңызды. Науқастар өз жасынан үлкен көрінеді. Терісі сарғыш. Бетінде көптеген әжімдер. Шашына ақ түсу ерте байқалады. Шаш және тырнақтары сынғыш, түсі өзгерген. Тістері кариеске шалдыққан, 5-7 жыл наркотикалық затты жүйелі түрде қолданған II сатыдағы нашақорда тістері мүлде болмайды. Көктамырлары ұлғайған, олардың бойында сезімталдық төмендеген. Ұзақ наркотизация нәтижесінде науқастар азып-тозған, жүдеген. Жиі флебиттер тән.Көктамырдың бойында абсцесс, және іріңдеуден көптеген тыртықтар байқалады. Жасанды опий наркотикалық заттарын пайдаланушыларда жиі көктамырлардың өте дөрекі өзгерістері болады.
Опийіндік нашақорлықтың соңғы этаптарында жүрек-тамыр жүйесіндегі өзгерістер байқалады. Өкпеде жиі эмфизема дамиды. Абстиненция уақытында тыныс ырғағының бұзылуы, демікпе дамиды. Науқастарда жиі пневмониялар, гепатиттер, гломерулонефриттер, пиелонефриттер байқалады.



  1. Каннабиноидты тәуелділіктің негізгі клиникалық көріністері.

3 кезеңі бар. 1ші кезең каннабиноид рахаттану сезімін тудырады. Эмоциональды галлюцинациялар туындайды. Адам сөзшең, энергияға толы,көңілді,жестикуляциясы тездетілген.Қимыл координация айқын бұзылған. Критикалық ойлауы төмендейді.Мидриаз, көздің және беттің қызаруы, ауыздың құрғауынан,шөлдеу.Көп дозада қолданса тежелу болады, ештеңе зауқысы болмайды, агрессия, ұмытшақ, еріншек. Тәбетті жоғарылаған,әсіресе тәтті, ащыға құмар болады.


2ші стадия эйфория қысқарады, тонус төмендейді, каннабисті қайта қайта енгізгісі келіп тұрады. Аморальды, криминальды іс жасайды.
3ші стадия физикалық тәуелділік және абстиненция дамиды, бұлшықеттік құрысу, демнің жетіспеушілік сезімі туындайды. Көбінесе 9-10жылдан соң дамиды,яғни тұрақты, үздіксіз қолданыстан.

  1. Стимуляторларға тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.

Психостимуляторға:

  • кокаин;

  • амфетамин;

  • экстази;

  • метамфетамин;

  • фенамин;

  • винт;

  • первитин;

  • скорость;

  • эфедрон;

  • крэк;

  • ЛСД.

Клиника: әрқашан көңіл күй көтеріңкі, ашық жарқын. Жұмыс жасау қабілеті артады, назар аударуы жақсарады,төзімді келеді. Ұзақ уақыт ұйқысыз жүре алады. Тез, түсініксіз сөйлейді, сөзшең кележі.Наркотиктің әсері бтікен соң: депрессия,психоз, ұйқышылдық, мидриаз,тершеңдік, қатты шөлдеу, арықтап кету, жүрек соғысының жиілеуі тувндайды. Жыныстық құмарлық артады.



  1. Ұшқыш еріткіштерге тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.



Енді қолданып бастағандар, басында жабыл, тамақтың күюі, мидриаз,пульс жиілейді,сілекей және жас ағу байқалады. Назар аудару қиынға соғады. Сөйлеуі дизартриялы. Шегуді тоқататса масаю 10-15минутқа жалғасады. Ауызда тәтті дәм сезіледі, жүрек айну, шөлдеу туындайды. Постинтоксикациялық жағдай 2-3 сағатқа жалғасады.
Егер ұзақ уақыт қолданса, психомоторлы бұзылыстар дамиды. Көңіл күй көтеріліп, түстер ерекше жарқырап тұрады, заттардың пішіні өзгереді.естіген сөздер бірнеше рет қайталанады шексіз эхо секілді. Көзді жұмса ашық түсті галюцинациялар көрінеді. Неше түрлі фантастикалық бейнкелер. БАрлық нәрселер ұлғайған, формасы өзгерген болып көрінеді. Жиі жасөспірімдер қолданады. Беттері қызарған, құсу,әлсіздік,склераның инъекцирленуі,мидриаз, жүрісінің бұзылысы,тахикардия,дисфория.

  1. Алкогольді делирий. Клиникасы.

Белая горячка, delirium tremens – алкогольді психоздардың ішінде ең жиі кездесетін формасы, 80% жағдайда кездеседі. Ішуді тоқтатқаннан кейін 2-4 кунде басталады. Кешке уақытта симптомдар күшейе түседі. Иллюзарлы-галлюцинаторлы сананың бұлыңғырлануымен сахна тәрізді шынайы галлюцинация және парэйдолиямен жүреді. Екіншілік сандырақ, айқын қорқыныш сезімі, психомоторлы қозу, уақыт пен орынға ориентировканың бұзылуы да байқалуы мүмкін
Ұйқының бұзылысы
Түнде қорқынышты түстер көреді,
Жиі оянады
Иллюзиялар
Елестеу галлюцинациялары
Аффект бұзылыстары
Вербальды галлюцинациялар т.б
Продромалды кезең – бірнеше сағаттан екі күнге дейін созылады. Тремор, тері жабындыларының гиперемиясы, ұйқысының бұзылуы байқалады. Науқастар көп сөйлейді және көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді.
Инициальді кезең – парэйдолиялық (фантастикалық) иллюзия, назар аударудың төмендеуі, қорқыныш, дереализация болады.
Делириозды симптоматиканың гүлдену кезеңі – өте көп көру сирек есту галлюцинациялары пайда болады. Науқастар жануарларды да көреді: жылан, кесіртке, ит және т.б. Өздерінің ориентировкаларанын жоғалту арқылы көзге көрінетін дүкенге, цех заводтарға, қаладан тыс дачаларға, милиция бөлімшесіне тап болады. Осындай жағдай бірнеше тәулік бойы сақталады, науқастар мүлдем ұйықтамайды. Рейхардт, Ашаффенбург симптомдары байқалуы мүмкін
Делирийдің тоқтауы – 2-5 күннен кейін науқас терең ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт тыныққаннан кейін қайта оянады. Есте сақтауы ұзаққа дейін сақталады және айқын галлюцинацияларды айта алады. Психоздан кейін бірнеше күннен соң астениялық симптоматика қосылады
Ауырлығына байланысты:
Жеңіл дәрежесі – науқас қайда екенін біледі, айналасындағы адамдармен әңгіме құра алады. Иллюзия, оянар алдында байқалатын, жарықты жаққан кезде жойылатын түнгі қорқынышпен байланысты тұрақсыз галлюцинация болады. «делирий без делирий» Ем қабылдамай өз бетімен қайтады және асқынулар болмайды.
Орташа дәрежесі – жоғарыда айтылған клиникалық көріністер тән. Терапиялық емдік-шараларды толғымыен орындаса және қосалқы соматикалық аурулары болмаса ем нәтижелі және толығымен сауығуға мүмкіндік бар
Ауыр дәрежелі – науқастың өміріне қауіпті. Өлімділік 20 % -ға дейін. Адекватты емдеу нәтижесінде де көптеген науқастарда созылмалы энйефалопатия (корсаков психозы, деменция, неврологиялық бұзылыстар) дамиды.
Ауыр дәрежелі делирийдің көріністері:
физикалық әлсіздік, төсектен тұра алмайды;
Гомеостаздың айқын бұзылысы (гипертермия 40 С жоғары, сусыздану, аритмия, АҚ төмендеуі, айқын ентігу немесе тыныс алудың баяулауы, олигоурия,тері астылық гематома);
Неврологиялық симптоматика (атаксия, гиперкинез, бұлшықет ригидтілігі немесе атония, стереотипті қозғалыстар, патологиялық рефлекстер, эпилептоформды ұстамалар, зәр мен нәжісті ұстай алмаушылық);
Сананың терең бұлыңғырлануы, ориентировканы толығымен жоғалту;
Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың байланыссыздығы, маңайындағылардың сөйлеуін түсіне алмайды
Кәсіптік делирий – өзінің кәсібіне қатысты күнделікті орындалатын жұмысты жасауы.
Мусситирленген делирий (бет – әлпеті сөйлеумен сипатталатын делирий, әлсіз сандырақпен сипатталатын делирий)- бұл делирийде науқас төсектен тұрмай біртекті координацияланбаған күшейген қозғалыстар жасайды

  1. Алкогольді галлюциноз. Клиникасы.

Алкогольді психоздардың ішінде кездесу жиілігі бойынша 2 –ші орын алады. Қорқыныш формасындағы есту, вербальды галлюцинациялармен және сандырақ галлюцинациясы мен аффективті бұзылыстармен сипатталады
Ағымына байланысты жіктелуі:
Жедел галлюциноздар— маскүнемдердің галлюцинаторлы алжасуы, алкогольді галлюцинаторлы сандырақ. Көбінесе, бас жазу кезінде үрей мен параноидты көңіл-күймен, вегетативті-соматикалық симптомдармен көрінеді. Бұнда аутопсихикасымен аллопсихикасы сақталады. Галлюцинация ұйықтар алдында пайда болады. Басында эпизотты түрде акоазма және фонема пайда болады.артынан вербальді галлюцинация дамиды. Г.ға критикалық көзқарас болмайды. Галюцинаторлы бұзылыстар көбейген кезде науқаста ұзаққа созылмайтын тежелу мен есенгіреу болады. Ол галлюцинаторлы ступор алды және ступор жағдай деп аталады. Күндіз вербальді психоз мүлдем болмайды. Кейін аффективті бұзылыстар интенсивтілігі төмендеп, сандырақ өшеді. Вербальді галюцинациялар жойылғаннан кейін науқас басынан өткен психозды талдай бастайды. Жедел түрі бірнеші күннен бір айға дейін созылуы мүмкін. Бұл классикалық түрі деп аталады. Жедел басқа түрлерінде өз ерекшеліктерімен
Жеделдеу галлюциноздар. Бұл психоздың түрі 1 айдан 6 айға дейін созылады. Психоз басталған кезде жедел алкогольді галлюциноздың клиникасы сияқты. Кейіннен галлюцинозға депрессия қосылады. Басқа сандырақтарға қарағанда өзін-өзі кінәлау сандырағы кбасым болады. Редукциялық психоз біртіндеп және бүкіл ауруда сақталатын вербальді галлюциноз сирек кездеседі. Бұндай науқастардың есі анық, қимылы өзгермеген, көңіл-күйі жақсы болады.
Созымлалы галлюциноздар: Сирек кездеседі. Кейбір авторлар бойынша галлюциноздар 6айдан көп созылса, ол созылмалы деп есептелінеді. Кейбір жағдайларда созылмалы галлюциноздар аналогиялық жедел галлюциноздардан басталады. Ең жиі күрделі жағдайлар дамиды және келесі симптомдар дамиды: делирий мен галлюциноз немесе галлюциноздар мен депрессивті-паранойдты бұзылыстар. Негізгі клиникалық көрінісіне және дамуына байланысты созылмалы галлюциноздарды 3 нұсқаға бөледі:
Сандырақсыз созылмалы вербальді
Сандырақпен өтетін вербальді
Психикалық автоматизммен жүретін созылмалы вербальді галлюциноздар және сандырақтың парафренді өзгерісі



  1. Жедел алкогольді параниод. Клиникасы.

Алкогольды параноид со стажем алкоголиктерде дамиды. Абстинентты синдромнан немесе масаю кезінде немесе ұзақ уақыт ішкенде дамиды. Ұзақтығы 2-25күн. Бұл форма постинтоксикация кезінде дамиды. Абстинентті симптомдар-көңіл күйдің төмендеуі, ұйқы және тәбеттің бұзылысы, аритмия, аяқ-қолдың дірілі, уайым сезімі, алаңдаушылық. Алаңдаушылық уақыт өте келе күшті қорқынышқа ұласады, сандырақ, кейде галлюцинация туындайды. Психоз. Жанындағы адамдар жау ретінде көреді. Жанындағы адамдардың қимылын, мимикасын, сөздерін тыңдап,аңдып жүреді. Айналадағы болып жатқан нәрселерді күмәнмен қарап,оған қастандық жасайын деп жүр деген оймен жүреді. Кейде науқастардың қолдарында- пышақ,пистолет,жіп(асылатын) болады. Қимылдары импульсивті. Қашып жүріп, транспорттан секіріп түседі, ауа райының салқындығына қарамай, жартылай жалаңаш қашып,тығылып жүреді. Кейде полицияларға барып олардан көмек сұрап, өтінеді



  1. Созылмалы алкогольді параноид (алкогольді қызғаныш сандырағы). Клиника

Паранояльды сипатта болады. Қызғаныш бастапқыда сирек масаюда немесе постинтоксикацияда пайда болады. Дөрекі, өзі-өзін ұстай алмау, жұбайларына жала жауып, айыптайды, дисфориялық аффект болады. Адалдыққа күмен қарау күшейеді, жұбайын сұрақ астына алады. Әйелінің басқа адамы бар деп жала жабады. Және жанындағы барлық адамдардан күдіктенеді. Немесе науқасқа сандырақ келеді, якобы әйелі оның жақсы көретін адамын асырау үшін материальды жағдайға кесірін тигізу, Агрессивті қимылдар жасайды. Ұзақтығы бірнеше жылдар.



  1. Жедел алкогольді энцефалопатия. Клиникасы.

Маскүнемдік энцефалопатия – бұл алкоголизмнің 3 – стадиясында дамиды. 10-15жыл кунде алкоголь қолданған жағдайда пайда болады. Психикалық және соматикалық, неврологиялық бұзылыстар айқын болады.


Жедел энцефалопатия (Гайе –Вернике)
Созылмалы энцефалопатия (корсаковский психоз
Гайе – Вернике энцефалопатиясы. Делириозды сананың бұлыңғыр алжасуымен басталатын ауыр геморрагиялық энцефалопатия.
Клиникалық көрінісі жалпы психикалық бұзылыстармен( сананың шатасу, апатия және ұйқышылдық ступордан комаға дейін ), сөз –қимылдық қозу, эпилептиформды ұстамалармен сипатталады. Соматикалық декомпенсация және неврологиялық бұзылыстар тез дамиды. Уақытында ем көрсетілмесе 40-50 % жағдайда өліммен аяқталады.

  1. Созылмалы алкогольді энцефалопатия. Клиникасы.

Созылмалы алкоголизм жіктелуі (А.А. Портнов және Н.Н. Пятницкой 1971)
1-кезең – невротикалық
Психикалық тәуелділік
Толеранттылықтың артуы
Палимпсест
Масаюдың паталогиялық формалары
2-кезең – наркоманиялық:
Физикалық тәуелділік (абстинентті синдром)
Толерантылық платосы
Салынып ішу
психоздар
3-кезең – энцефалопатиялық.
Тұрақты сомато-неврологиялық бұзылыстар
Толеранттылықтың төмендеуі (кейде толығымен жоғалуы интолеранттылық)
Шынайы салынып ішу
Абстинентті синдром алкоголь қабылдағаннан соң 1-2 сағатта дамиды.
Суррогаттарды қабылдау ( интенсивті, терең масаюға әкеледі)
Алкогольдік делирий
Алкогольге деген төзімділік төмендейді, сырқаттың бастапқы және ортаңғы сатыларымен салыстырғанда соңғы сатыда науқас адам алкогольдің ең аз мөлшерінен де масайып қалады.
Бұл кезеңде науқас адам бір ішкенде орта есеппен 150-200 мл арақ ішіп, соның салдарынан айқын және ұзақ масаю жағдайына түседі. Спиртті ішімдіктің мөлшері бұдан көбейген жағдайда науқас адам есеңгіреу мен сопор жағдайына түседі.
Алкоголизмнің энцефалопатиялық сатысы алкогольді үнемі, күнделікті, бөліп-бөліп қабылдаумен ерекшеленеді (араға бірнеше сағат салып, 150 мл-ден ішіп отырады) немесе бірнеше күн бойы тоқтаусыз ішкілікке салынады
Алкогольге салыну ұзақтығы артқан сайын науқас адамдардың алкогольге төзімділігі төмендей түседі. Алғашқы күндері бір литр арақтан масаятын науқастар біраз күннен кейін 100-150 мл арақтың өзіне масаяды.

  1. Металкогольді психоздарды емдеу.

  2. Патологиялық интоксикация. Түрлері. Клиникасы.

  3. Мастықтың атиптік формалары. Түрлері. Клиникасы.

  4. Психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың неврологиялық және соматикалық салдары.

  5. Алкогольдік және есірткілік мас күй жағдайының экспресс диагностикасы.

  6. Психобелсенді заттарға тәуелділіктің әлеуметтік және жеке салдары.

  7. АМСК мамандарының психобелсенді заттарды теріс пайдаланатын адамдарды анықтау мәселелері, өзара әрекеттесу әдістері.

  8. Психобелсенді заттарды қолдану және мас болу фактісін медициналық куәландыру тәртібі.

  9. Есірткіге тәуелді адамдарды емдеудің негізгі принциптері.

  10. Никотинизм. Этиологиясы және патогенезі. Никотинизм клиникасы.




  1. Апиынға тәуелділікті емдеу.

  2. Гашиштік тәуелділік.

  3. Алкогольді параноидтар.

  4. Алкогольдік делирийге тән клиникалық көріністер, диагноз және екшеу диагностикасы.

  5. Каннабиноидты тәуелділіктің негізгі клиникалық көріністері.

  6. Стимуляторларға тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.

  7. Ұшқыш еріткіштерге тәуелділік ауруларының негізгі клиникалық көріністері.

  8. Патологиялық интоксикация. Түрлері. Клиникасы.

  9. Мастықтың атиптік формалары. Түрлері. Клиникасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет