Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет22/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
Байланысты:
Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто

Сөйлеуді тексеру.
Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия;
Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.


Праксисті зерттеу.
Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.
Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы.
Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырыққабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.


Гнозисті зерттеу.
Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
-Иіс сезу агнозиясы;
-Есту агнозиясы;
-Көру агнозиясы;
-Кеңістік сезу агнозиясы;
-Адамды танымау агнозиясы;
-Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.

Маңдай бөлімі қызметтері:
-Жинақталған тәжірибе көмегімен мінез-құлық реакцияларын басқару (критика,тұлғалық характеристикалар, эмоциональды мінез-құлық)
- Мінез-құлықтың сыртқы және ішкі мотивациясын ұйымдстыру
-Тұлғаның ойлау ерекшеліктері
-Сөйлеу-қимыл механизмін ұйымдастыру
-Қимыл анализаторының қыртысты соңы –алдыңғы орталық иірімі.
-Бас пен көзді қарама – қарсы бетке бұру орталығы – орталық маңдай иірімі.
-Маңдай – көпір – мишықты жол – жоғарғы маңдай иірімі.
-Мотролы сөйлеу орталығы – төменгі маңдай иірімі.
-Жазу орталығы – орталық маңдай иірімінің артқы бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет