Іл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр



бет6/8
Дата13.04.2022
өлшемі39,76 Kb.
#30861
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құрманбаева Амангелді Қазақстантану

Қорытынды

Қазақ тілін оқыту сабақтарында ұлттанымдық деректерді тиімді тәсілдер арқылы ұсынуға бағытталған жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім ұлт тарихы, мәдениеті жайында терең біліммен қаруланған, жан-жақты, білікті, нағыз ұлтжанды маман болуы керек. Қатысымдық құзыреттіліктің маңызды бөлігі болып есептелетін лингвоелтанымдық құралдарды игеру лингвоелтанымдық құзыреттілікті қалыптастырады. Бұл құзыреттіліктің қатысымдағы маңызы өте зор, себебі оның астарында меңгеріліп отырған тілдің иесі болып табылатын халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, ұлттық ерекшелігін қамтыған жүйе жатыр.

«Мұғалімнің сабаққа қосымша лингвистикалық, этимологиялық немесе елтанымдық бағыттағы түсіндірмелері қызығушылық тудыруға, зейінді арттыруға, ассоциативті-логикалық есті дамытуға көп көмектеседі» [14, 394 б.]. Тіл үйретуші мұғалім ұлт тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты, дүниетанымы жайындағы қосымша материалдарды аз уақыттың ішінде тартымды, қызықты етіп жеткізе алу үшін жан-жақты терең біліммен қаруланған білікті маман болуы керек. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік қазақ тілін үйретуде оның білімділік, қатысымдық қызметімен қатар тіл арқылы адамзат баласы жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды меңгерудің және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін меңгерту міндеті тұр.

Қазақ тілін оқытуда елтанымдық, ұлттанымдық деректерді жүйелі түрде оқыту арқылы бiз тұлғаның ұлтжандылық, патриоттық, отансүйгiштiк, эстетикалық, этикалық қасиеттерін, ерекше ұлттық дүниетанымын калыптастырамыз. Бұл қасиеттер жеке тұлғаның құндылық бағдарын құрап, тілдік сананың негiзiн қалайды. Тұлғаның құндылық бағдары тұлғаның iс-әрекеттiк бағытын, iшкi рухани әлемін қалыптастырады, тұлғалық қасиеттердің бекуіне ықпал жасайды. Бұндай оқыту тіл үйренушінің рухани-ағартушылық және мәдени-зияткерлік деңгейiн көтеруге, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жалпыадамзаттық құңдылықтармен бiрге идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет