Ылым министрлігі



бет14/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
3 сұрақ. Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру (арифметикалық) больш екі түрге бөлінеді.
Қисынды түрде тексеру дегеніміз - статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Мысалы, халық санағы кезінде жас мөлшері мен білімін салыстыру арқылы жіберілген қатені анықтаймыз. Егер баланың жасы туған жылы бойынша жасы 10-да, ал білімі "жоғары" деп көрсетілсе, онда жасына лайықты білім дәрежесін көрсетуде қате жіберілгендігін оңай анықтау болады.
Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану түзетулер енгізіледі. Бұл тәсіл әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұжымның немесе шаруашылықтың есеп беру фор-маларындағы сандық көрсеткіштерді тексеру кезінде жиі қолданылады.
Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек бірізді және жоспарлы түрде әрбір мекеменің, кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы кәрсеткіштердің дұрыстырьш тексереді. Оның өзі тақырыпты, жинақты (комплексті) және жаппай больш үш түрге бөлінеді.
Такырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады.
Жинақты (комплексті) тексеру кезінде кәсіпорынның барлык есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.
Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті органдарыныц алдарына қойған негізгі мақсаттары есеп беру формаларындагы мәліметтердің дұрыстығын және сапасының жоғары. болуын қадағалап отыру. Егер есеп беру формаларында түрлі себептерге байланысты жіберілген қате болса, онда оны түзетіп қана қоймай, сонымен бірге негізгі себебін анықтайды, талдау жасайды, соңынан сол кәсіпорынның, ұжымның атына жіберілген кемшіліктерін қалай жою керек екендігі туралы жазбаша нұсқау береді Кейбір жағдайларда, тексерудің қоры-тындысы бойынша әдейі қосьш жазу, бұрмалау, өтірік ақпарлар беру кездессе, онда статистика органдары бұл туралы жергілікті әкімшілікті және заң орындарын хабардар етеді, ал кінәлі адамдар жауапқа тартылады.
Қорытынды:
Статистикалық бақылау зеттеу кезеңдерінің ең алғашқысы және маңыздысы болып табылады. Сондықтан оның бағдарламасын нақты және түсінікті етіп жасау маңызды мәселелердің бірі. Бақылау кезінде оның түрін және жүргізу тәсілдерін таңдау да ерекше маңызға ие. Бақылау кезінде болатын қателіктерді дұрыс анықтап, оны тексеруге ерекше назар аудару қажет. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет