2 сұрақ. Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді жөне оған талдау жасалынады. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік жөне оперативтік жедел есептер арқылы тиісті қүжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбір қажетті көрсеткіштер жоқ болса, онда оны жинау үшін арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі.
Статистикальщ есептіц басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау жөне нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында. Бухгалтерлік және оперативтік есептер әрбір кәсіпорындарда больш жатқан жеке фактіні тіркейді. Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың қорытындысын шығарады. Сондықтан бұл қорытындылаушы есеп болып саналады және берілген көрсеткіштердің маңызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және еңбек) өлшем бірліктерімен өлшенеді. Сонымен бірге, қатысты шама ретінде коэффициентпен немесе процентпен көрсетіледі.
Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бірімен-бірі тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай да қайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш ecen жүйесі халық шаруашылық салаларын жан-жақты зерттейтін біртұтас есеп жуйесін, яғни халық шаруашылығы есебін құрайды.
Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген заңдылықтардан көруге болады:
барлық кәсіпорындарда жүргізілетін есеп жұмыстары мен оны толтыру әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы, барлық кәсіпорындарда өндірілген өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен, бір бағдарлама бойьшша жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр түрлі тәсілдермен есептейтін болсақ, онда оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды;
есептің бүл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың арасында алалық, қайшылық, параллелизм (жарыспалылық) жоқ, олардың арасында көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;
бастапқы eceп құжаттарының біркелкілігі және оның негізі ретінде барлық есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.
Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген зандылықтарын толығымен сақтаған кездерде ғана осеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.