Дәріске әдістемелік нұсқау: Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын өсіңкілік қатардың түрлерінің маңыздылығын ашу қажет. Олардың түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызын түсіндір.
Өсіңкілік (динамикалық) қатардың негізгі көрсеткіштері және есептеу тәсілдерін сипатта.
Өсіңкілік қатардың орташа көрсеткіштеріне не жатады және оларды қалай есептейді?
Өсіңкілік қатардың талдау тәсілдеріне сипаттама бер.
Маусымдық ауытқуды және оның индексін қалай есептейді?
Нақты шамалар өсіңкілік қатарлар дәрежесі деген не?
Қатысты шамалар өсіңкілік қатарлар дәрежесі деген не?
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар дегеніміз не?
9. Нақты өсім дегеніміз не?
10.Өсу қарқыны дегеніміз не?
11.Өсім қарқыны дегеніміз не?
12.Бір процентті өсімнің нақты мәні не?
Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары: 1. Өсіңкілік (динамика) қатарлар дегеніміз:
А) Көрсеткіштерді қосу.
В) Көрсеткіштердің айырмашылығы.
С) Көрсеткіштерді жинақтау.
Д) Көрсеткіштерді топтау.
Е) Статистикалық көрсеткіштердің, яғни қүбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер.
2. Өсіңкілік неше түрге бөлінеді:
А) 2- түрге
В) 3- түрге
С) 5- түрге
Д) 4- түрге
Е) 6- түрге
3. Бір мезгілді өсіңкілік қатарлар ол:
А) Ағымдық көрсеткіш
В) Базалық көрсеткіш
С) Тізбелік көрсеткіш
Д) Қатардың нақты сандық шамалары құбылыстық белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайы.
Е) Сандық көрсеткіш
4. Уақыт аралықты қатарлар ол:
А) Ағымдағы қатарлар
В) Құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан,жыл.) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіш.
С) Базалық қатарлар.
Д) Тізімдік қатарлар.
Е) Тізбелік қатарлар.
5. Нақты шамалар өсіңкілік қатарлар ол:
А) Өзгерменің кофиценті
В) Шашыранды
С) Корреляция
Д) Қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсету.
Е) Орташа шама.
6. Қатысты шамалы өсіңкілік қатар ол:
А) Рангілі корреляция коэффициенті
В) Көптік коррелция
С) Екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болуы яғни әлеуметтік экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық тізбегі.
Д) Орташа корреляция.
Е) Нақты корреляция.
7. Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар ол:
А) Өзгерменің коэффиценті
В) Арифметикалық орташа
С) Геометриялық орташа
Д) Шашыранды көрсеткіштері
Е) Қоғамдық құбылыстар мен процестердід белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауы
8. Нақты өсімнің формуласы:
А) ∆н=уі-у0 В) ∆н=уі-1
С) ∆н=уі-у і-1 Д) ∆н=уі-у і-2 Е) ∆н=уі-у і-3 9. Тізбекті тәсілмен есептелген нақты өсімнің формуласы:
А) ∆н=уі-у0 В) ∆н=уі-1
С) ∆н=уі-у і-1 Д) ∆н=уі-у і-2 Е) ∆н=уі-у і-3 10. Өсу қарқыны дегеніміз не:
А) Арифметикалық орташа сан
В) Геометриялық орташа сан
С) Өсу көрсеткіштері
Д) Әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп (аз) екендігін сипаттау яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-бірігіп қатысты шамасы
Е) Шашыранды көрсеткіштері
11. Тұрақты тәсілмен есептелген өсу қарқынының кофицентінің формуласы:
А) к0=у1/у0 В) к0=уі/у0 С) к0=уі-1/уі+1 Д) к0=уі/уі+2 Е) к0=уі+1/уі/1 12. Тізбектелген тәсілмен есептелген өсу қарқынының кофицентінің формуласы:
А) к0=уі-1/уі+1 В) к0=уі/уі+1 С) к0=уі+1/уі/1 Д) к0=уі/уі+2 Е) к0=у1/у0