Ылым министрлігі



бет53/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Дәріс 15: Индекстер

  1. Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері

  2. Дара және жалпы индекстер.



Дәрістің мақсаты: Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштердің ең көп тараған түрі индекстер туралы толық ақпараттар алу. Олардың түрлерінің ерекшеліктерін қарастыру және әрқайсысының мәні мен маңыздылығын ашып көрсету.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: индекс, индекстік әдіс, жеке индекстер, жалпы индекстер, агрегатты индекстер, тұрақты индекстер, өзгермелі құрамды индекстер.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэфициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады. Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның «index» терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда «көрсекіш, белгі, тізім» деген мағынаны береді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметті-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеуін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп аталады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға болмайды.
Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгірері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:
1. салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды
2. құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгерін анықтайды.
3. күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерін жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.
Олардың ішінде ең негізгісі - қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай себептердің қалай әсер ететіндігіне талдау жасай білуіміз қажет. Міне, осыны анықтау үшін индекстік әдіс қолданылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни салыстырылатын уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп атайды. Ол статистикалық зерттеу зертатының негізгі көзі болып саналады. Бұл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастын беріледі және ‘1’ деген таңбамен белгіленеді. Ал онымен салыстыратын мезгілдің шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны ‘0’таңбамен белгілейді.Бұл көрсеткіштер есепті уақытта немесе ағымдағы кезеңде болған экономикалық құбылыстардың өзгеруіне баға беру үшін қолданылады.
Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер төмендегі берілген латын әріптерімен белгіленеді. q, p, z, t, w. Осы келтірілген белгілерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді жекеленген белгілері бойынша немесе сол берілген жалпы жиынтық біліктерінің сандық және сапалық мәндерін қоса ала отырып, уақытқа қарай өзгеруін индекстік әдіс бойынша есептеуге болады. Бірақ, зерттеу зерзатының көрсеткіштеріне байланысты негізгі 2 топқа, яғни көлемдік және сапалық индекстерге бөлінеді. 1 топқа өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының т.б. көлемі алынады. Бірақ осы көрсетілген индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты баға бойынша бағаланады. 2 топқа сапалық индекстер, яғни бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің, түсімділіктің және т.б. индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз, тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет