Ылым министрлігі



бет51/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
3 сұрақ. Маусымдық тербелiстер — кейбiр мезгiлдер мен айларда көп жылдық қатарларда ұдайы байқалатын тұрақты тербелiстер.
Маусымдық тербелiстер дегенде бiз жылдың кейбiр мезгiлдерi мен айларында құбылыстар мен процестердiң көп жылдық динамикасында ұдайы байқалып тұратын тұрақты тербелiстердi түсiнемiз.
Статистикада маусымдық тербелiстердi зерттеу төмендегiдей мақсаттарды көздейдi:
— қатар дәрежелерiнде байқалатын маусымдық тербелiстердi айқынырақ сипаттау және өлшеу;
— көрсеткiштердi маусымдық ықпалдан тазартып, олардың ай сайынғы, кезең сайынғы өзгерiстерiн таза күйiнде өлшеп, практикалық мәселелердi шешу кезiнде пайдалану;
— экономикалық даму перспективаларын белгiлеу кезiнде маусымдық тербелiстердi есепке ала отырып, тиiстi көрсеткiштердi анықтау.
Маусымдық толқынды әдiстер бар. Олардың арасында ең қарапайымы — маусымдық индекстердi жасау. Бұл үшiн жылдық орта дәреженi есептеп, оны кейбiр айдың, тоқсанның немесе жылдың дәрежелермен салыстыру керек, яғни

Маусымдық индекстердi есептеу динамика қатарларында байқалатын маусымдық тербелiстердi бағалаудың бiр жағы болып табылады. Оның екiншi жағы — дәрежелердiң жалпы құбылмалығының қалыптасуында маусымдық толқындардың иелейтiн орнын анықтау. Ал бұл жалпы құбылмалылық дәрежесiн кездейсоқ тербелiске, трендке және маусымдық толқындар үлесiне бөлу мәселесiн туындатады. Оны дисперсиялық талдаудың көмегiмен шешуге болады. Бұндай талдау сатылы түрде төмендегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.:
1. Барлық жылдар үшiн айлық немесе тоқсандық мәлiметтер негiзiнде тренд теңдеуiнен, не көп дәрежелерден сырғанақ орташаны есептеп тауып, олар негiзiнде тегiстелген дәрежелер анықталады: — бұл жерде жылдың рет саны, маусымның (ай, тоқсан т.б.) рет саны;
2. Әрбiр шынайы дәреже тиiстi тегiстелген дәрежеге бөлiнiп, маусымдық индекстер — есептеп шығарылады;
3. Әрбiр ай немесе тоқсан үшiн орташа жылдық маусымдық индекстер табылады;
4. Бұл жерде: m — жылдар саны;
5. Тиiстi айлар немесе тоқсандар үшiн тегiстелген дәрежелер орташа маусымдық индекстерге көбейтiледi. Соның нәтижесiнде маусымдық толқынды есепке алатын тегiстелген дәрежелер пайда болады:



6. Маусымдық толқынның ықпалы арқылы туындайтын айырмалар мен олардың квадраттары есептеп шығарылады:


және
7. Кездейсоқ тербелiс есебiнен пайда болған айырмалар мен олардың квадраттары анықталады:


және

8. Тренд есебiнен пайда болған айырмалар және олардың квадраттары есептеп табылады:




және

9. Ең соңында жалпы айырмалар мен олардың квадраттары табылады:


және
Айырмалардың маңыздылығы Фишер ұ — өлшемiнiң көмегiмен анықталады.


Қорытынды:
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген өсіңкілік қатарлар статистикалық есеп жргізу кезінде маңызды орынға ие болады. Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қандай формуламен есептеу де назар аударарлық мәселенің бірі. Сондықтан өсіңкілік қатарлар статистикалық есеп жүргізу барысында маңызды рөл атқарады. Өсіңкілік қатардың көрсеткіштері статистикалық есептің қорытынды және маңызды бір бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет