Ылым министрлігі



бет62/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Р= 1- (G∑d2 /n(n2 -1))
Мұнда d2 - х пен у мәндерінің рангілері арасындағы айырмашылық
d = Nx -Ny ; n - қатардың саны.
Бұл көрсеткішті есептеу үшін факторлық (х) және (у) белгі мәндері өсу немесе кему дәрежесі бойынша рангіленеді, яғни жиынтықтың әрбір бірліктері өздеріне тән белгілеріне қарай ретке келтіріледі және нөмірленеді.
Егер х пен у –тің өзгермелі мәндері бірдей болса, онда олардың рет нөмірінің қосындысын екіге бөлу арқылы орташа шамасы табылады да, әрқайсысы ретіне қарай жеке нөмірленеді.
Кесте1 - Зауыттардың негізгі қоры бойынша өнім шығаруы.

Зауыттың рет нөмірі

Негізгі қор, млн. тг (х)

Шығарылған өнім, млн. тг (у)

Nx

Ny

d = Nx -Ny

d2

1

1,4

2,6

1

1

0

0

2

1,7

2,8

2

2

0

0

3

1,9

3,6

3

3,5

-0,5

0,25

4

3,2

3,6

5,5

3,5

2

4

5

2,7

3,9

4

5

-1

1

6

3,3

4,6

7

7

0

0

7

3,2

4,3

5,5

6

-0,5

0,25

8

4,3

5,9

8

8

0

0

9

4,9

6,6

9

9

0

0

10

6,1

7,8

10

10

0

0

n=10
















∑d2=5,5

1 кесте бойынша: мұнда негізгі қор бойынша 4 және 7 қатарда; ал шығарған өнім бойынша 3 және 4 қатарда жатқан зауыттың сандық мәндері бірдей, демек олардың рангілері тең болады: негізгі қор бойынша:
=4+7 / 2 = 5,5
шығарылған өнім көлемі бойынша:
= 3+4 / = 3,5
Содан соң факторлық белгінің рангілерін нәтижелі белгінің рангілерімен салыстырылады. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық азайған сайын, олардың байланысы тығыз бола береді.
Енді осы айтылғанды дәлелдеу үшін, төменде берілген 1 кесте көрсеткіштерін қолданып, рангілі корреляция коэфициентін есептейік.
Р= 1- (6*5,5 / 10(102 -1)) = 1- 33/990 = 0,967
Егер нәтижелі белгі мәндері Факторлық белгі мәндерімен сәйкс келетін болса, онда олардың арасындағы айырмашылық нөлге (d = Nx -Ny =0 және ∑d2=0) тең болады.
Демек, Спирмэннің коэфициенті бірге ( Р=1) тең, бұл екі белгінің арасында тура байланыстың бар екендігін көрсетеді.
Егер рангілер бір-біріне қарама-қарсы бағытта, яғни факторлық белгінің І рангісі нәтижелі белгінің n-ші (соңғы) рангісіне, х – тың ІІ рангісі у-тің n= 1 рангісіне және т.с.с. сәйкс келетін болса, онда ∑d2 ең жоғарғы мәні n(n2 -1), ал G∑d2 /n(n2 -1) ең жоғарғы мәні 2- ге тең болады. Мұнда Спирмэннің формуласы бойынша р минус бірге (р= -1) тең, яғни х пен у рангілерінң арасныда кері байланыстың бар екендігі айқындалады.
Егер х пен у рангілерінің арасында өзара байланыс жоқ болса, онда р нөлге (р=0) тең. Мұнда ∑d2= n(n2 -1) /6 тең болуы мүмкін. Жалпы алғанда рангілі корреляция коэфициенті әрқашанда нөлден (0) плюс-минус бірге дейін (±1) өзгереді және оны кез-келген сандар қатары бойынша есептеуге мүмкіндік туады.
2 cұрақ. Нәтижелі және факторлық белгілер арасындағы байланыс тығыздығын шашыранды (дисперсия) мен корреляциялық талдау әдісін қолдану арқылы зерттеу жүргізу белгілі бір қиындыққа алып келеді және есептеу жұмысының көлемін көбейтеді. Сондықтан бұлардың арасындағы байланыс тығыздығын жуық шамамен сипаттайтын, есептеу жұмыстары аздау және ең қарапайым түрі болып таңбалы корреляция коэфициенті есептеледі, оны Фехнер коэфтциенті деп те атайды.
Оны есептеу үшін алдымен төмендегі талаптар толығымен орындалуы тиіс: І-ден, факторлы (х)және нәтижелі (у) белгілердің арифметикалық орташа шамалары жеке-жеке есептелуі керек; ІІ-ден, әр қатардағы факторлы және нәтижелі белгілермен арифметикалық орташа шамалардың арасындағы ауытқу бөлек табылуы қажет. Мұнда олардың сандық мәндерінің айырмашылығы емес, тек олардың өздеріне тән плюс немесе минус таңбалары ғана есепке алынады; ІІІ-ден, таңбалары санының сәйкес келу келмеуі қарастырылуы, яғни бөлек саналуы керек.
Егер ауытқу белгілерінң сәйкес келуін С-әрпімен, ал сәйкес келмеуін Р - әрпімен белгілейтін болсақ , онда Фехнер коэфициентін мына формула арқылы есептеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет