Ылым министрлігі



бет63/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Кф = ∑С-∑Р / ∑С+∑Р
Фехнер коэфициентін еептеу үшін 2 кестенің көрсеткіштеріне жүгінейік.
Кесте 2 - Зауыттың негізгі қоры бойынша өнім өндіру мөлшері.

Зауыттың негізгі қоры млн. тг, (х)

өндірілген өнімі, мен тг, (у)

х-

у-

Белгілердің сәйкес (с) немесе сәйкес емес (р) келуі

1,4

2,6

-

-

с

1,7

2,8

-

-

с

1,9

3,6

-

-

с

3,2

3,6

-

-

с

2,7

3,9

-

-

с

3,3

4,6

+

-

с

3,2

4,3

-

-

с

4,3

5,9

+

+

с

4,9

6,6

+

+

с

6,1

7,8

+

+

с

= 3,3

=4,6










Сонымен С=9, Р=1, онда Фехнер коэфициенті +0,8-ге тең боладыы яғни
Кф = ∑С-∑Р / ∑С+∑Р = 9-1/9+1 = 8/10 = +0,8
Осы есептелген көрсеткіш бойынша зауыттың негізгі қоры мен өндірілген өнім мөлшерінің арасныда тура тығыз байланыс бар деген тұжырым жасауға болады.
Фехнер коэфициенті әр түрлі мәнде, яғни минус бірден плюс бірге дейінгі аралықта болуы мүмкін және ол неғұрлым бірге жақындаған сайын факторлы және нәтижелі белгілер арасныдағы байланыс тығыз бола береді. Егер Фехнер коэфициенті +1; ал тура байланыс -1 –ге, ал кері байланыс 0-ге тең болса, онда байланыстың жоқ екендігін көрсетеді.
Дәріс 21. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

  1. Түзу теңдеудің параметрлерін есептеу

  2. Корреляцияның сызықтық коэффициенті.



Дәрістің мақсаты: Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттеудің мәнісін, функционалдық және корреляциялық байланыстар, байланыс тығыздылығының көрсеткіштерін, бір факторлы және көп факторлы корреляция-регрессиялық талдауды үйрету.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: функционалдық және корреляциялық байланыс, рангілі корреляция коэфициенті, Спирмэннің коэфициенті, тура байланыс, кері байланыс, түзу және қисық сызықты байланыс, Фехнер коэфициенті, корреляциялық қатынас әдісі.
Дәрістің конспектісі
1 cұрақ. Статистикалық көрсекіштерді зерттеу кезінде тек сандық белгілері ғана емес, сонымен бірге сапалық белгілері де қарастырылады, яғни сапалық белгілері арасындағы өзара байланыс тығыздығы жеке зерттеледі.
Сапалық белгілері арасныдағы байланыс тығыздығының дәрежесін зерттеу үшін альтернативті (екінің біреуін) белгілері бойынша төрт тордан тұратын кесте құрастырамыз және оның әрбір торына сапалық белгінің әріппен (а,в, с, d) белгіленген І және ІІ мәндерін орналастырамыз.
Кесте 3 -Сапалық белгілері арасныдағы өзара байланыс

1 белгінің мәні


2 белгінің мәні

1

2



1

a

b

a + b

2

с

d

c+d



a+c

b+d

N=a+b+c+d

Мұнда a, b, c, d -сапалық белгілердің жиіліктері
N - жалпы жиіліктер қосындысы.
Осы кесе сапалық мәндерін қолдаып, бірнеше көрсеткіштерді есептейік: Юланың ассоциация және контнгенция коэфициенттері.
Ассоциация коэфициенті. Егер төрт торлы кестеде көрсетілген екі сапалық белгі арасындағы өзара байланысты зерттеу керек болса, онда ассоциация коэфициентін қолданған дұрыс.
Ассоциация коэфициенті деп альтернативті екі сапалық белгі арасныдағы өзара байланыс тығыздығын сипаттайтын сандық формуламен есептейді
Ка.с = ad – bc / ad + bc
Кесте 4 -Жұмыстардың жыныстық құрамына қарай өнім шығару мөлшері

Жұмысшының жыныстық құрамы

Жұмыстың өнім шығару мөлшері

Барлығы

орындайтындар

орындамайтындар

Еркектер
Әйелдер
Барлығы

70
20
90

6
4
10

76
24
100

Ка.с = 70*4 -20*6 / 70*4 + 20*6 = 160/400=0,40
2 сұрақ. Егер Кас мәні 0,3 тен кем болмаса, онда сапалық белгілер арасныдағы байланыстың тығыз екендігі байқалады. Мысалда жұмыстардыңЖыныстық құрамына қарай, олардың өнім шығару мөлшері арасныдағы байланыс тығыздығының бар екендігін көруге болады. АК -1ден +1 ге дейінгі мәнге өзгеру және ол неғұрлым +1–ге немесе -1–ге жақындаған сайын, сапалы белгілер арасныдағы өзара байланыс тығыздығы күшейе түседі. Демек аd > вс болса, онда ол белгілер арасында тікелей, байланыс; аd < вс-кері байланыс, аd = вс – байланыс жоқ деген ұғым.
Егер берілегн 4 тордағы сапалық белгі көрсеткішінің біреуі белгісіз немесе жқ, ал АК – нің мәні 1 тен болса, онда белгілер арасныдағы өзара байланыс тығыздығы ұлғаяды. Мұндай жағдайда контингенция коэфициентін қолданған дұрыс.
Статистикада контингенция коэфициенті қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет