Ылым министрлігі


Қазақ тіліндегі сөз құрамы туралы зерттеулер және сөзжасам теориясының кейбір сұрақтары



бет4/12
Дата05.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#90516
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Амирова А.Ж Курстық жұмыс

1.2 Қазақ тіліндегі сөз құрамы туралы зерттеулер және сөзжасам теориясының кейбір сұрақтары

Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарында» орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына қарай беске бөлгенін көреміз: «Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша сөз, қосымшалар».А.Байтұрсынұлыүшеуіне ғана дұрыс аударма берген.


1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай анықтама берген: «Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым». Сөз тұлғасы жайында Қ. Жұбанов, А. Ысқақов және Ә. Қайдаровтың еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ. Басымов өзінің «Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» атты мақаласында жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды.Ал жалғаулар жайында алғашқы ғылыми анықтаманы профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі граматикасы» еңбегінен көреміз. Онда: «Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау», -деп атайды. Бұл анықтама кейін жарық көрген түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларғанегізгі өзек болғаны мәлім.
Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау дағдысы кездеседі. Бертін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М. Балақаевтың, Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950 жылдан бастап жалғау –жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып, олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова еңбектерінде бар.
Тағы да Қ. Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ: қосымшаларды «тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен» делінеді. Мысалы: оқушы –мын, оқушы – сың, осында –мын қосымшасы мен жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп, танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м,
ана-м дегендегі –м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы, бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пйда болған.Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.
Бұл мәселеге Қ. Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа бөлген:

  1. Түбір сөз

  2. Қосымшалы сөз

  3. Кіріккен сөз

  4. Қиюлы сөз

  5. Қосарлы сөз

  6. Қосалқы сөз

Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз, кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы – оңаша жұмсала алмайтын үстеулі сөз.
Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму, баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып, «сөз жасам» деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін, яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.
Ғылымда сөзжасам – адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынасы нәтижесінде сөзжасамның ерекше тәсілдерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы деген пікір кең тараған.
Сөзжасам мінездеме береді, сөздердің пайда болуының теориялық негіздерін сипаттайды, түрлі амал-тәсілдер арқылы саралайды, жаңа сөз жасаудың тілдік тәсілдерін жүйелейді. Соның нәтижесінде сөздің жасалу заңдылықтары мен олардың теориялық негіздері қалыптасады. Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөзжасамда сөздер екі принцип бойынша жасалады:
1) Жаңа ұғымға негізделген сөздің пайда болуы (сөйлем бөліктерінде мүлдем жаңа сөздің жасалуы);
2) Сөздің негізгі ұғымын, мағынасын сақтай отырып, түрлендірілген жұрнақ арқылы семантикалық коннотация беру (өзгертілген сөзжасам), т.б. сөз өзінің лексикалық мағынасын толығымен өзгертпейді. Мысалы: кітап - кітапша, көл – көлшік;
Сөзжасамның үш тәсілі – лексика-семантикалық, синтетикалық-семантикалық және аналитикалық-семантикалық – сөздің бір топтан екінші топқа қалай өтетінін, қандай жаңа қызмет атқара бастайтынын көрсетеді. Қазақ тілінде (басқа тілдердегідей) сөзжасамның бірінші принципі бойынша үш сөзжасамдық әдіс те жаңа лексикалық мағынаның шығу тегін түсінуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, сөздің сөйлемнің бір мүшесінен екіншісіне ауысу ережесінің бірінші принципі бойынша, әсіресе, зат есімдер тобында айтылатын бір қарама-қайшылық бар. Қазақ тілінде ішкі семантика негізінде зат есім атауында жұп сөздердің алты тобы ажыратылады: жалпы/жаһандық, нақтылы/абстрактілі, дерексіз/деректі.
Зат есімнің нақтылы/абстрактілі, дерексіз/деректі тәрізді сорттары жалпы планетарлық ұғымдар негізінде пайда болған және әмбебап әртүрлілік мұндай бөлуге сәйкес келмейді, өйткені ол тек адам есімінің мағынасын ашады.
Сонымен, жалпы жаңа сөздердің жасалуының үш жолы бар: лексика-семантикалық, аналитикалық-семантикалық және синтетикалық-семантикалық.
Лексика-семантикалық әдіс – түбір морфеманың ұғымдық-семантикалық мазмұнын өзгерту арқылы сөздің құрамында өзгеріссіз жаңа сөз жасау. Ол басқа тілдерден енген жаңа сөздердің семантикалық аудармасын және олардың ана тілінде сөйлейтіндердің толық ассимиляциясын қамтиды. Лексико-семантикалық әдіс арқылы талдағанда мағынаның дамуы байқалады, функционалдық ұқсастық заңының нәтижесінде сөз жаңа лексикалық мағынаға (концепцияға) ие болады. Осы процеске байланысты лексика-семантикалық әдісті екі әдіске бөлуге болады:
1) лексикалық құрал,
2) мағыналық құрылғы.
1-ші лексикалық құралмен қабылданған сөздер мен ұғымдар қарастырылса, 2-ші семантикалық құралмен сөз мағынасының дамуы (кеңейіп, тарылуы) зерттеледі.
I. Лексикалық құрал екі жолмен жүзеге асады:
1) лексикаға қабылданатын ұғымды енгізу, түсіндірме қабылданатын сөздер арқылы сөздердің құрылымын және тілдегі бар ұғым атауларын кірме сөздер арқылы аудару.
2) қоғамның дамуы мен жаңаруына, дүниетанымының өзгеруіне байланысты кейбір көнерген сөздер белсенді қорға қайта оралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет