Ылым министрлігі


Сөз құрамын оқытуға байланысты жаттығулар



бет6/12
Дата05.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#90516
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Амирова А.Ж Курстық жұмыс

2.2. Сөз құрамын оқытуға байланысты жаттығулар

Грамматиканың күрделі тарауы морфология «Сөз құрамы» және «Сөз таптары» болып екі салаға бөлінеді. Сөз құрамы бастауыш мектепте грамматикалық терминдер арқылы оқытылады. Бағдарлама бойынша негізгі тақырыптарды өте отырып, оқушылар алғашқы бетте түбір сөз, қосымша және жалғау мен жұрнақ деген ұғымдармен танысып, олардың анықтамаларын, қызметін түсінеді. Содан кейін барып, біріккен, қос, қысқарған сөздердің ерекшеліктерін, жазылу емлесін үйренеді. Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Сөз таптарын оқығанда сөз құрамы білімдері әлдеқайда ұлғаяды. Сөз құрамын жақсы меңгеру сөз таптарын жақсы қабылдауларына негізін салады.Сонымен, сөз құрамы-бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып, сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфологиялық) ұғымын жетік меңгеру процесі. Оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасап алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен келе білуін талап етеді.


Қазіргі бағдарлама бойынша сөз құрамы 2-сыныптан таныстырылады. Мұнда түбір мен қосымша туралы түсінік , қосымшаларды жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні, бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, негізгі, туынды түбір жайында білім беріледі, қосымшалардың жазылу емлесі меңгертіледі. 3– сыныпта осы берілген ұғымдар кеңейтіле түседі, бұған қоса жұрнақтың түрлері, түбірлес сөздер туралы түсінік алады. 4-сыныпта күрделі яғни, туынды сөздер және олардың түрлерімен танысады, олардың әрқайсысының жазылу емлесін игереді. Мысалы: «Қазақ тілі» 2-сынып оқулығында «Түбір мен қосымша» және «жұрнақ пен жалғау»тақырыптарына жаттығулар берілген (1,2-сурет).






1-сурет.«Сөз құрамы.Түбір мен қосымша»тақырыбына жаттығу.


2-сурет. «Жұрнақ пен жалғау»тақырыбына жаттығу.

«Қазақ тілі» 3-сынып оқулығында «Түбір мен қосымша» және «түбірлес сөздер»тақырыптарына жаттығулар берілген (3,4-сурет).





3-сурет. «Түбірлес сөздер»тақырыбына жаттығу.

4-сурет. «Түбір мен қосымша»тақырыбына жаттығу.

«Қазақ тілі» 4-сынып оқулығында «Күрделі сөз», «Біріккен сөздер», «Қос сөздер» және «Қысқарған сөздер»тақырыптарына жаттығулар берілген (5,8-сурет).



5-сурет. «Күрделі сөз»тақырыбына жаттығу.

6-сурет. «Біріккен сөздер»тақырыбына жаттығу.


7-сурет. «Қос сөздер»тақырыбына жаттығу.

8-сурет. «Қысқарған сөздер»тақырыбына жаттығу.

Сөз құрамын меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді:


• Жүйелі практикалық жұмыс процесінде түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.
• Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен танысады.
• Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерлігіне машықтандыру, яғни сөздің түбірін, жұрнақ жалғауларын тану,сөзге түрлі-түрлі жұрнақ, жалғап, түбірлес бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады, сөйтіп түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді.
• Оқушыларға дұрыс ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздеріне өте жиі қолданылатынын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады. Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық жаттығулар жүйесінде олардың актив сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындату, байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді.
С.Қазыбаев:«Сөз құрамы» тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық белгілі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі. Бұл бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға-қорытындыға әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгенге жатады. Ал, бастауыш оқушыларының психологиялық еркешелігі дербес ахуалдан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже–анықтамаларды үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қажет етеді. Өйткені 8-9 жасар балалардың абстракциялы ойлау қызметі әлі дами қоймайды»-дейді ғалым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет