Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 Ғылымның даму эволюциясы  
         Ғылымның  даму  тарихын  қарастыра  келе,  Кун  біріншіден, 
ғылым  өзінің  бірінші,  барлығымен  танылған  теориясын,  басқаша 
айтқанда,  парадигмасын  шығару  алдында  қандай  да  болсын  ғылым-
ның пайда болуы үшін маңызды болатын парадигмаға дейінгі кезеңді 
бөліп көрсетеді.  
Парадигмаға дейінгі ғылымның орнына пісіп – жетілген ғылым 
келеді. Өзінің дамуында ол бірнеше сатылы кезеңнен өтеді – «кәдімгі 
ғылымнан»  (мұнда  ғылыми  кеңеспен  қабылданған  парадигма 
басшылық  етеді)  ғылыми  көтеріліс  атағына  ие  болған  парадигманың 
құлауының кезеңіне дейін.   
Кунның  көзқарасы  бойынша  «кәдімгі  ғылым»    «болашақтағы 
оның  тәжірибе  жүзіндегі  қызметінің  негізі  деп  белгілі  бір  уақытта, 
белгілі  бір  ғылыми  кеңеспен  танылатын,  өткен  уақыттағы  бір  не 
бірнеше  ғылыми  жетістіктерге  сүйенетін  зерттеуді  білдіреді». 
Ғылыми  қызметтері  бірдей  парадигмалар  негізінде  құралатын 
ғалымдар ғылыми тәжірибенің бірдей ережелері мен стандарттарына 
сүйенеді.  
Ғалымдар әр уақытта танылған және бар  теорияларды  жоққа шығару 
туралы  ойлайды  және  осы  мақсатпен  жоққа  шығару  тәжірибелерін 
жасауға ұмтылады деп есептеген Кун. Сонымен, «кәдімгі ғылым» тек 
белгілі  бір  бағыттың  дәстүрлерінің  қолданыста  болуын  ғана 
қамтамасыз  етеді,  ақпаратты  жинақтайды  және  белгілі  фактілерді 
негіздейді.  Шешімнің  үлгісі  бар,  ойынның  ережелері  бар, 
тапсырманың шешілетіні белгілі, ал ғалымға осы берілген шарттарда 
өзінің  жеке  ойын  қолданып  көру  мүмкіндігі  тиеді.  Бұл  ғалым  үшін 
кәдімгі  ғылымның  қызықтығын  түсіндіреді.  Тапсырманың  шешілуі 
нәтижелі болғанға дейін парадигма танымның сенімді құралы болып 
табылады.  Бірақ  кейбір  тапсырмалар,  ғалымдар    қанша  тырысса  да, 
шешімін таппайды. Парадигмаға деген сенім өшеді. Кун дағдарыс деп 
атаған күй басталады. Дағдарыс өскен сайын, ол «кәдімгі ғылымның» 
әрдайым  тапсырмаларды  және  пайда  болатын  аномалияларды  шеше 
алмайтынын  түсінеді,  және  бұл  ғылыми  ортадағы  маманданған 
сенімсіздікті тудырады. Кәдімгі зерттеулер тоқтайды. Ғылым қызмет 
етуін тоқтатады.  

 
 
40 
«Ғылыми революция»  ұғымы  
         Дағдарыстың  кезеңі  ұсынылған  гипотезалардың  біреуі  өзінің 
мәселелерді  шеше  алатынын,  түсініксіз  фактілерді  түсіндіре 
алатынын  дәлелдегенде  бітеді,  және  осыған  байланысты  өз  жағына 
ғалымдардың көбісін тартады. Осы парадигмалардың ауысуын, жаңа 
парадигмаға  өтудін  Кун  ғылыми  революция  деп  атайды.  Бұл  үрдіс 
саланы  жаңа  негіздермен  қайта  құру,  осы  саладағы  қарапайым 
теориялық  ортақтастыруларды,  сондай-ақ  парадигманың  көптеген 
әдістері мен қосымшаларын өзгертіп қайта құру үрдісіне ұқсас.  
Әрбір ғылыми революция әлемнің қазіргі суретін өзгертеді және 
жаңа  заңдылықтарды  ашады.  Ғылыми  революция  зерттеулердің 
тарихи  болашағын  өзгертеді  және  ғылыми  жұмыстар  мен 
оқулықтардың құрылымына әсер етеді.  
 
 Осылай,  ғылыми  революция,  парадигмалардың  ауысуы  ретінде, 
рационалды-логикалық түрде түсіндірілмейді, өйткені мәселе ғылыми 
кеңестің  мамандануында:  кеңесте  тапсырманы  шешудің  құралдары 
бар,  немесе  жоқ,  сонда  кеңес  оларды  ойлап  табады.  Ғылыми 
революция  алдыңғы  деңгейлерден  алынған  барлық  затты  алып 
тастайды, ғылымның жұмысы жаңадан басталады. 
 
Т.Кун бойынша ғылымның дамуы екі циклдің өзара алмасуынан 
тұрады. 
Бұлар  –  «қалыпты  ғылым»  және  «ғылыми  революция  кезеңдері». 
Ғылым  тарихында  екіншісі  біріншісімен  салыстырғанда  өте  сирек 
болатын құбылыс. 
 
Кун  концепциясының  әлеуметтік-психологиялық  сипаты  белгілі 
бір  парадигманы  жақтайтын  ғылыми  қауымдастықтарды  танумен 
анықталады.  Белгілі  бір  парадигманы  жақтау  ғылымның  жеке 
психологиялық ерекшеліктері, оның ұнататын нәрселері, эстетикалық 
талғамдары  арқылы  көрінеді.  Осылар  және  олар  тәрізді  факторлар 
ғылыми  қауымдастықтың  негізі  болып  табылады,  парадигманың 
тұрақтылығын түсіндіреді. 
 
 Кун  концепциясындағы  басты  ұғым  –  парадигма.  Парадигма 
дегеніміз  –  зерттеудің  сол  кезеңінде  ақиқатты  болып  табылған, 
ғылыми  қауымдастық  қолдайтын  жалпылама  идеялар  мен 
методологиялық нұсқалар жиынтығы. 
 
  Парадигманың екі ерекшелігі бар: 
1.
 
Оны  ғылыми  қауымдастық  атқаратын  ғылыми  жұмыстар 
үшін негіз ретінде қабылдаған. 
2.
 
Онда  шешілмеген  сұрақтар  болады,  яғни  ол  ғылыми 
зерттеулерге жол ашады. 
Парадигма  –  кез-келген  ғылымның  бастауы,  өйткені  ол 
фактілерді  бағытты  түрде  сұрыптап  алуға  мүмкіндігін  жасайды. 

 
 
41 
Парадигма  –  ғылыми  қауымдастықтың  игілігі.  Ол  ғылымдарды  бір-
бірімен  өте  тығыз  байланыстырады.  Бұл  байланыс  адамдардың  кез-
келген  тобымен  салыстыра  келгенде  әлдеқайда  тығыз  болады.  Және 
де  осы  қауымдастықта  ғылымның  еңбегін  тек  қана  оның 
парадигмасын 
жақтайтын 
арнаулы 
мамандар 
бағалайды. 
Парадигманы таңдаған кезде шешуші белгі - оның негізінде шешілуге 
мүмкін  болатын  проблемалардың  маңызы  және  көлемі.  Парадигма 
өзгергенде  ғалымның  бүкіл  дүниетанымы  өзгеріске  ұшырайды.Ол 
айғақтарға  жаңадан  түсінік  береді,  оларды  жаңаша  қабылдайды. 
Декарт  армандаған  абсолютті  әділ  ғылыми  байқау  тілінің  болуы 
мүмкін  емес.  Ғылымның  түйсігі  әрқашанда  парадигманың  әсеріне 
шалдығады.  Қазіргі  педагогикалық  дәстүр  және  оқулықтардың 
мазмұны  ғылыми  революциялар  фактісін  жасырады  деп  есептейді 
Кун. Оқулықты оқысаң ғылымның дамуы бірқалыпты және ілгермелі 
қозғалыс  деген  қорытындыға  келесің.  Өйткені  ұлы  ойшылдардың 
ойлары осы заман тұрғысынан түсіндіріледі. 
         Кунның  «Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  кітабының 
бірінші  басылымы  жарық  көргеннен  бері  (1962  ж.)  концепциясы 
сынға  душар  болады.  Алайда  «Ғылыми  революция»  және  «қалыпты 
ғылым» кезеңдері, «парадигма», «ғылыми қауымдастық» пен «белгілі 
парадигманы  жақтау»түсініктері  концепцияның  негізгі  түсініктері 
болып  қалды.  Кун  бұрынғысынша,  білімнің  ғылыми  емес  түрінен 
ғылыми түрге көшуі сыншылдықтан бас тартудың арқасында мүмкін 
болған  деп  есептейді.  Логика  немесе  ғылыми  тәжірибе  өздігінен 
ғылымға  белгілі  бір  теорияны  таңдауға  жол  ашпайды.Осы  мәселені 
шешетін логика емес, психология немесе әлеуметтану болады. 
       Бұл  басты  түсініктерге  өзгерулер  мен  айқындаулар  Кунның 
мынадай 
еңбектерінде 
жазылған: 
«Ғылыми 
революциялар 
құрылымы»  кітабының  соңғы  сөзінде  (1962),  «Парадигма  жайында 
екінші  толғаныс»  деген  ғылыми  теориялар  құрылымы  мәселелері 
жөніндегі  симпозиумында  жасаған  баяндамасында,  «Жаңалық  ашу 
логикасы  немесе  зерттеу  психологиясы»,  «Менің  сыншыларыма 
жауап»  атты  жұмыстарында  және  басқа  да  еңбектерінде.  Кунның 
айқындауы алдымен парадигма түсінігіне байланысты. Парадигмалар, 
Кун  бойынша,  «данадан»(экземпляр)  және  «пәндік  матрицадан» 
құралған.  Дана  (экземпляр)  –  парадигманың    орталық  элементі.  Ол 
ғылыми проблемалардың, бас қатырғыштардың нақты шешімі болып 
табылады.  Ғылыми  қауымдастық  даналарды  (экземплярларды)  үлгі 
ретінде қабылдайды. Ал пәндік матрицалар ғылыми қауымдастықтың 
іргелі  түсініктерінің  жиынтығын  білдіреді.  Бұларға  кепілдік 
мақұлдаған 
терминдер, 
жалпы 
модельдер, 
жалпылама 
құндылықтардың  жүйесі  жатады.  Кун  «парадигма»  терминінің 

 
 
42 
«пәндік  матрица»  түсінігімен  алмастыруға  қарсы  емес.  Қалыпты 
ғылым  кезеңдерінде  барлық  ғылыми  қауымдастық  мүшелері  бірегей 
пәндік  матрицаларды  жақтайды.  Пәндік  матрицалардың  құрамдас 
бөлігі  ретінде  Кун  рәміздік  (символдық)  жалпылықтарды,  жеке 
онтологиялық  үлгілерді  және  даналарды  (экземплярларды)  ерекше 
атап көрсетеді. 
       Кун  өзінің  тұжырымдамасын  ғылымды  неопозитивистік  түсінуге 
ғана емес, Поппердің «ғылыми білімінің өсуі» доктринасына да қарсы 
қояды.  Поппер  де,  Кун  да  ғылымның  және  ғылыми  танудың 
дамуының  «шындыққа  негізделген»  талдауына  талаптанады.  Сол 
кездегі  ғылыми  философияның  реализмге  осындай  талпынуы 
позитивизм  мен  субъективизм  дағдарысымен  байланысты.  Сонымен 
қатар олардың концепцияларындағы түбегейлі айырмашылықтар бар. 
Егер  Поппер  ғылыми  прогресстің  объективті  және  рационалды 
тетіктерін  ашуға  бел  буып,  шығармашылық  психологиясы  мен 
әлеуметтануды  зерттеуден  бас  тартса,  Кун,  керісінше,  ғалымдар  мен 
ғылыми  қауымдастықтар  қызметінде  құндылықтардың  рөлін 
анықтаумен 
шектеледі. 
Кунның 
«ғылыми 
революциялар» 
концепциясы  Поппердің  жалғаспалы  революциясына  қарама-қарсы. 
Қорыта  келгенде,  Поппер  және  Кунның  ғылымының  дамуындағы 
үлгілерін 
біріктіретін 
белгі-әлеуметтік 
және 
психологиялық 
факторлардың  маңыздылығын  тану.  Осы  белгімен  олар  неопозити-
вистер  ұсынатын  үлгіден  ерекшеленеді.  Поппердің  үлгісін 
«кьювенистік»деп  атауымызға  болады.  Олардың  концепциялары 
ғылымның  тарихымен  қайшы  тұстары  болған  соң,  көптеген 
методологтар  мен  тарихшылар  ғылым  дамуының  процестерін 
философиялық  тұрғыдан  қарастыруға  басқа  жолдарын  іздестіруге 
итермелейді.  Сол  жаңа  ізденулердің  ішінде  қызығушылық 
тудыратындары 

И.Лакатос, 
С.Тулмин, 
П.Фейерабендтің  
философиялық  концепциялары. 
        Ғылымның даму процесін реконструкциялаудың Попперлік және 
Кундық  көзқарастармен  Лакатостың  көзқарасы  –  бәсекелеседі. 
Лакатостың  көзқарасы  зерттеушілік  программалар  терминдерінде 
қалыптасқан.  Есте  сақтайтын  жағдай,  зерттеушілік  бағдарламалар 
(ЗБ)  концепциясы  Поппердің  идеяларынан  бастау  алады  және 
Поппермен  бәсекелеске  түскенімен,  Лакатос  көп  жерде  өзін 
Поппердің  шәкірті  мен  жалғастырушысы  деп  көрсетіп,  Поппердің 
әдістемелік фальсификационизмін біршама дамытып жетілдірді. 
        Зерттеу  программаларының  әдістемесі  Лакатостың  келесі 
еңбектерінде  көрініс  тапты:  «Сынаушылық  және  ғылыми  зерттеу 
программаларының  әдістемесі»,  «Фальсификация  және  зерттеушілік 
программаларының  әдістемесі  және  т.б.  Зерттеу  программасы  жаңа 

 
 
43 
фактілердің  ашылуына  алып  барса,  онда  ол  прогрессивті  деп 
танылады.  Егер  ол  бәсекелестерімен  ашылған  жаңа  материалдарды 
қолданумен шектелсе, ол азғындалған. 
        Лакатостың  зерттеу  программаларының  әдістемесі  Попперлік 
доктринаны  дамытушы  болып  табылады,  ал  Лакатостың  өзі  оны 
белсенді  жақтаушыларының  бірі.  Верификация  процедурасын  жоққа 
шығаруға  тырысқан  Кунға  қарсы  шықты.  Осыған  байланысты 
Лакатос  Поппердің  философиясын  әртүрлі  варианттарын  өте 
тиянақты түрде қайта қорытып, талдап шықты. Бұл жердегі  мақсаты 
Поппер  философиясының  неопозитивизмімен  сыйыспайтындығын 
дәлелдеу  еді  және  ғылымның    дамуының  фальсификационистік 
моделін  жетілдіруге  тырысты.  Поппер  бойынша  рационалды 
реконструкциялау  үшін ғылымдағы әрбір инновация актісі–бұл жаңа 
теориялық  ұсыныстарды  жасау.  Рационалды  реконструкциялау 
ғылымның  дамуын  дискреттік  жүйе  деп  түсінеді  немесе  пәрменді 
революция.  Бірақ  та  білімнің  дамуындағы  үздіксіздікті  жояды. 
Фальсификационизм  шегінде  қарастырылып  отырған  бірнеше 
теориялар,үздіксіздікті қамтамасыз ету үшін біртұтас болуы керек.  
Бірнеше 
теориялар 
компоненттері 
мирасқорлықпен 
байланысқан,  ол  ғылымда  өте  маңызды  рөл  атқарады  (Кунның  
«Нормалды  ғылымының»  реминисценциясы)  және  зерттеушілік 
программаларға  айналдырады.  Ғылым  дегеніміз  –  даму  себептері 
өзінде жатқан зерттеушілік программа. 
Лакатос пен Поппердің көзқарастарының айырмашылығын көру 
үшін  Лакатостың  ғылымның    «ішкі»  және  «сыртқы»  тарих 
түсініктерін қарастыруымыз керек. «Ішкі» тарих бұл бәрі қабылдаған 
әдістеме  шекарасында  әрқайсысын  рационалды  түсіндіруге  болатын, 
ғылымдағы  болып  жатқан  өзгерістерді  қайта  енгізу.  Бір  әдістеме 
шекарасында  барлығын  түсініп  және  түсіндіруге  болмайтындықтан, 
«ішкі»  тарих  «сыртқы»  тарихпен  толықтырылуы  тиіс.  «Сыртқы» 
тарихта  ғылымның  дамуына  әсер  ететін  маңызды  факторлар  болуы 
мүмкін  болғандықтан,  ол  өте  маңызды  және  бұл  факторлар 
рационалды  реконструкциямен  теориялық  ассимиляцияланбауы 
мүмкін. 
       Батыс  философиясында  Поппер  мен  Лакатос  көзқарастарының 
өзгешелігі  танылған.  Лакатос  қайтыс  болғанда  П.Фейерабенд  жазған 
«Имре  Лакатос»  мақаласында,  ол  Поппердің  ғылымының  дамуын 
реконструкциялауында  үлкен  өзгерістер  енгізген.  Бұл  өзгерістер 
келесідей: 
1.
 
Бағалаудың  стандартты  теориясын  қабылдау  мен  теріске 
шығару ережелерін бөліп тастады. 

 
 
44 
2.
 
Бұл  стандартты  кейбір  теорияларға  ғана  қолданған  жоқ,бірақ 
олардың нәтижесіне ЗБ шекарасында қолданды. 
3.
 
ЗБ  элементтерін  логикалық  жүйелердің  ережелерінен  тәуелсіз 
етті;  бұл  элементтер  іс  жүзіндегі  ғылымға  тең,  эмпирикалық  және 
логикалық  қателіктермен  /погрешности/  бірге,  кез-келген  формада 
қолдануға болады. 
4.
 
Стандартты  ЗБ-нің    қазіргі  кездегі  формасын  бағалауға  ғана 
емес, ЗБ-нің уақыт және бәсекелесуші ЗБ бірге бағалау; бұл дегеніміз 
барлық  теориялары  дәрменсіз  болса  да,  ЗБ  реалды  ғылымнан 
сызылып тасталмайды. 
5.
 
Стандарттарды әрекет етуге ұсыныс деп көрсетпей, тек бағалау 
деп көрсетті. 
6.
 
Стандарттардың  өзін  бағалауға  рұқсат  етті(эмпирикалық  ЗБ 
секілді); бұл стандарттар тарихи ЗБ деп қарастырылады. 
        Лакатостың  теориясы  оның  өзіне  қарсы  айналып  келуі  мүмкін 
деп  көрсеткен  Фейерабенд,  іс  жүзінде  ғылымның  дамуына 
скептикалық  көзқарас  жеңіп  шығатындығын  көрсеткісі  келді. 
Фейерабендтың  өзі  осы  көзқарастың  ақтаушысы  болатын  және  осы 
көзқарас  бойынша  әлемге  деген  көзқарастардың  барлығы  бірдей 
жақсы,  не  барлығы  бірдей  жаман.  Бірақ  күмәнданушыға 
«зерттеушілік»  программалардың  әдістемесі  қажет,  өйткені  ол  әлем 
көрініп  тұрғандай  реті  емес  екендігін  көрсететін  фактілерді  береді, 
және  әлемге  күмәнмен  қараудың  дұрыстығын  көрсетеді.  Лакатос 
концепциясы  философия  мен  ғылым  тарихын  зерттеулерде  шет 
елдерінде кеңінен қолданылады. 
       Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  ғылымның  тарихи  бағыттағы 
белсенді  оқымыстылардың  бірі  –  П.Фейерабендтің  философия 
ғылымында  алатын  орны  ерекше.  Оның  ғылыми  даму  жүйесін 
«анархистік» деп айтқаны мәлім. Ол ғылымның шынайы дамуындағы 
мәңгі  және  өзгермейтін  рационалдық  –  методологиялық  ережелерін 
теріске шығарады. Өзінің «Түсіндіру, редукция және эмпиризм» атты 
мақаласында  және  алғашқы  еңбектерінде  Фейерабенд  келесі 
тезистерді негіздеді: 
1.
 
Ғылымның даму  процесіндегі бір-бірімен алмасушы теориялар, 
бір- біріне ұқсамайтын, бірікпейтін теориялар
2.
 
Термин  сөздің  мағынасы  теоретикалық  мағыналы  мәтінге 
байланысты  болады,  сондықтан  бір  контекстен  екінші  контекстке 
(мағыналы  мәтінге)  ауысқан  кезде  өз  мағыналық  жүктемесін 
өзгертеді. 
        Фейерабенд,  Поппер  мен  Лакатостың  ғылым  және  оның  дамуы 
толық рационалды дегенімен келіспейді және иррационализмге қарай 
бет бұрғанға ұқсайды.
 

 
 
45 
        И. Лакатостың зерттеу бағдарламаларының әдіснамалығы  
        Поппердің  идеялары  оның  оқушысы  Имре  Лакатос  (1922-1974) 
жұмыстарында жалғасын тапты. Поппер мен Лакатос сияқты ғылымның 
философиялық  зерттеуі  ең  алдымен  оның  кәсіби  қызметін  анықтайтын 
тиімді негіздерінің анықталуында түйлігуі керек деп санайды. Поппердің 
көзқарасы  бойынша  ескі  теорияның  орнына  жаңа  теория  келгенде  ескі 
теория  толықтай  терістеледі,  ал  Лакатос  бойынша  білімнің  жоғарлауы 
зерттеу  бағдарламалардың  дағдарыс  қатынасы  түрінде  жасалады.  «Мен 
ғылымның  үзіліссіздігіне  «Поппер  көзілдірігі»  арқылы  қараймын»,-деп  
мойындайды  ғалым.    –Сондықтан  Кун  «парадигма»  көрген  жерден  мен 
рационалдық  зерттеу  бағдарламаларын  да  көремін».  Дәл  солай  ғылым 
дамуындағы негізгі бастама бірліктері болып табылады. 
     Зерттеу бағдарламаларының құрылымы қатарына: 
 
қатты  ядро-нақты  ғылыми  және  антологиялық  рұқсаттардың 
жиынтығын түзетін негізгі бастама;  
 
«қорғаныс  белбеу»,  қосалқы  болжамдардан  және  теріске 
шығарудан  қатты  ядроны  қорғайды.  Ол  түрін  өзгертуге  қалып 
сызықтарға және толықтай ауыстыруларға бейімделу керек;  
 
алдағы ғылыми зерттеуге бағыт беретін  алдын ала кеңес беруші 
(оң  эвристика)  немесе  тиым  салушы  (теріс  эвристика)  ғылыми 
зерттеудің  ережелері.  Оң  эвристика  ережелері  теріске  шығарылатын 
нұсқалардың  түрін  өзгертетінін,  «қорғаныс  белдеудің»  болжамдарын 
түрлендіретін,  бағдарламаны  қолданудың  саласындағы  кеңейту  үшін 
қандай  жаңа  үлгілерін  өңдеу  керектігін  көрсетеді.  «Теріс  эвристика» 
ережелері  алдағы  зерттеуде  қандай  жолдардан  аулақ  болу  керектігін 
көрсетеді.  Олар  зерттеуші  бағдарламаның  «қатты  ядросын» 
ауытқушылықтармен  кездескен  жағдайда  да  қайта  ойлауға  тиім 
салғандықтан,  зерттеу  бағдарламасы  өзіндік  догматизмге  (қатаңдық) 
ие. Бұл догматизмдік дәлдіктің позитивтік мағынасы бар. Ол болмаса 
ғалымдар теориядан оның шамасын, күшін және маңызын түсінбестен 
бас  тартар  еді.  Осылайша  «теріс»  эвристика  кез-келген  теорияның 
күші мен артықшылығын толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.  
Лакатос  бойынша  зерттеу  бағдарламасының  прогресті  және 
регресті  сатыларын  ажыратуға  болады.  Зерттеу  бағдарлымысының 
теориялы  өсімі  эмпирикалық  өсімінен  асқан  кезде  ғана  прогрестік 
болып  саналады.  Яғни  ол  кейбір  сәттіліктерімен  жаңа  деректерді 
болжай  алатын  дәрежеге  жетеді.  Бағдарламаның  теориялық  өсімі 
оның эмпирикалық өсімінен төмендесе регрестік болады. Яғни ондай 
жағдайда  жаңа  деректерге  ескірген  анықтамалар  беріледі.  Өзінен 
бұрынғының  эмпирикалық  сәттілігін  түсіндіре  алатын,  өзінің 
эвристикалық  шамасы  бар  және  жаңа  дәлелдерді  болжай  алатын 

 
 
46 
1.8   В.И. Вернадский мен   
С. Л. Франктың ғылыми  
және философиялық 
шығармашылығының 
ара қатынастары
 
бәсекеге қабілетті зерттеу бағдарламасы пайда болғанда ғана алдыңғы 
зерттеу бағдарламасынан бас тарту туралы айтуға болады.  
Кейбір  болжамдарды  итеріп  шығаратын  оларды  терістеу, 
Лакатос  мәселенің  «прогрестік  қозғалысы»  жүріп  жатқанда  «қатты 
ядроны»  сақтау  керектігін  айтады.  Тек  бағдарламаны  ядросы 
жойылғанда жаңа зерттеу бағдарламысына көшіреді, басқаша айқанда 
ғылыми  революция  болады.  Дәл  ғылыми  революциялар  өзідерінің 
алдыңғысының  дамуындағы  ішкі  резервтерді  ығыстырды.  Бірақ 
Лакатос үшін ғылыми революциялар Кундағы секілді маңызды емес, 
себебі  ғылымда  бір  ғана  бағдарламаның  үстемдігі  бөлінбей 
сақталатын анық   кезең болмайды, тек түрлі теориялар мен олардың 
бәсекелестігі болады. Олардың біреуі белгілі уақытқа негізгі болады, 
басқалары  келесі  орынға  түседі,  үшіншілері-қайта  жасалады  және 
өңделеді.  Сондықтан    революциялар    болса,  ол  ғылым  негізін  қатты 
«сілкіндірмейді»:  көптеген  ғалымдар  болған  төңкеріске  назар 
аудармастан  өз  жұмыстарын  жалғастырады.  Ғалым  ауытқушылыққа 
назар  аударуға  міндетті  емес  және  өз  көзқарасын  қорғауды 
бірбеткейлік  танытуға  құқылы.  Лакатос  «прогрессивті»  түрде  кез 
келген жалған теорияны да қорғауға болады деп тұжырымдайды  
Сонымен  Лакатостың  зерттеу  бағдарламасының  концепциясы  кейбір 
кемшіліктеріне  қарамастан  бүгінгі  күнге  ғылым  философиясының  
айтарлықтай жетістігі болып саналады.  
 
В.И.Вернадский 
іліміндегі 
ерекше  орын  философиялық  
тұжырымдамаларға 
беріледі. 
Философияның 
ғылымға 
айтарлықтай 
әсерін 
және 
ғылыми  дүниетанымын  қалып-
тасуын атап көрсетеді. Сонымен 
қатар  ол  жаңа  ғылыми  бағыттардың  пайда  болу  сатысында  үстемдік 
еткен,  ғылыми  дүниетанымның  құрамына  енген  философиялық 
ұғымдардан  алшақтауды  көрсетеді.  Олар  белгілі  бір  дәрежеде  жаңа 
ғылыми  ойлардың  пайда  болуына  кедергі  келтіреді.  Осы  орайда 
Вернадский  көрсеткендей  эмпирикалық  талдап  қорытулардың  
синтетикалық  логикасына  сүйеніп  табиғи  құбылыстарға  ғылыми 
қорғау  керек  деген  сөз  дәлелденді.  Вернадскийдің  пікірінше 
эмпирикалық  талдаудың  негізінде  жаңа  түсініктерді  қисынға  келтіру 
оң мағына беріледі  немесе философиялық   әлемде  жалпы және жеке 
түрде ғылыми ой орын алады және дамиды.  
Ғылым  мен  философияның    дамуы  мәселесін  түсіну,  ғылыми 
және  философиялық    шығармашылықтың  байланысын  ноосфера 

 
 
47 
туралы  оқу  арқылы  білуге  болады.  Ноосфрера  биосфераның 
геологиялық  өзгерістері  ретінде  тірі  заттардың  эволюциясы  арқылы 
пайда  болған  және  адам  санасы  арқылы  анықталады.  Ноосфера 
қабатында  біріншіден,  ғылыми  сананың  философиялық    үздіксіз 
байлансында  орны  өседі.  Негізінен  ноосфера-  бұл  биосфераның 
санасыз жағдайдан саналы жағдайға өтуі. 
Ноосфера  концепциясында  ХХ  ғасырдағы  ғылымның  дамуына 
назар аударады. Себебі ол ғасырда әлі болмаған ғылымның гүлденуі, 
ғылыми  шығармашылық  жарылыс  болды;  ғылым  «әлемдік  болып, 
барлық ғаламшарды қамтыды; ғылымның мазмұны мен құрылысында 
үлкен өзгерістер болды.  
Жоғарыда  аталған  себептердің  нәтижесінде  ХХ  ғасыр  ғылымы 
мықты  геологиялық  және  тарихи  күш  болды.  Биосферадан 
ноосфераға өту үрдісін жылдамдатуға септігін тигізу керек еді. 
Ғалымдар  сонымен  қатар  биосфера  тағдырымен  адамзат 
болашағы  үшін  жауапкершілікті  сезіну  керек.  Кез  келген  жаңалық 
ноосфераның  игілігіне  де  оған  зиян  болуы  да  мүмкін.  ХХ  ғасырдың 
басында-ақ  Вернадский  адамзаттың  атом  энергиясын  игеруге 
қажеттілігінің туындағанын түсінген. Сонымен қатар ол осы жаңалық 
биосфераға  қандай  зиянын  тигізсе,  адамзатқа  да  сондай  зиян 
келтіретінін  көрді.  Бұдан  адамзаттың  есейгенімен  рухани  ақылының 
дәрежесі өскенін көруге болады.  
Вернадский көптеген философиялық  –діни ізденістермен таныс 
болып,  олар көп қызығушылықтар туғызғанымен, көзқарасы бәрінен 
бұрын ғылымға бұрылған. Оның ойынша ғылым философиялық және 
діни ізденістер алдында сапалы қасиеттер қатарын тізген. Біріншіден 
ғылыми  ой  философиялық  және  діни  ойға  қарағанда  логикалық 
міндет түрінде көрінеді. Екіншіден, ғылым бүкіл биосфераны қамтып 
ғаламдық құбылыс болды.  
Бәрінен  бұрын  Вернадский  ғылымның  интегралдық  қызметіне, 
оның  нығайту  рөлі  мен  барлық  адамзаттың  рухани  жұмысының 
орталығы болғанына назар аударады.  
    Вернадский  ноосфераның  құрылу  үрдісіндегі  ғылымның  рөлі 
туралы түсінігін білдіреді: 
1.
 
ғылыми  шығармашылық  жолы  адамның  өмір  сүретін, 
биосферамен алмастырылатын күші болып табылады;  
2.
 
бұл  биосфераның  өзгерістерін  айқындайтын,  ғылыми  ойдың 
өсуіне әсер ететін шарасыз құбылыс;  
3.
 
бұл  биосфераның  өзгерісі  адамзат  еркінен  тыс,  апатты  түрдегі 
заңды табиғи үрдіс ретінде болады;  

 
 
48 
4.
 
өмірдің  қоршаған  ортасы,  ғаламшардың  ұйымдастырылған 
қабығы-биосфера,  оған  ену  оның  геологиялық  ұзақ  ғұмырында 
биосфераның жаңа жағдайға, ноосфераға ауысу үрдісі.  
    Қазіргі  біз  өткізіп  жатқан  тарихи  жағдайды  бұрынғыдан 
қарағанда  түсінеміз,  мұнда  біздің  алдымызда  «табиғат  заңы 
ашылады».  Вернадский  ХХ  ғасыр  ғылыми  ой  «жарылысы» 
биосфераның  барлық  өткенімен  дайындалып,  оның  құрамына  терең 
тамырлаған.  Жаңа  ғылыми  пәндер-геохимия  және  биогеохимия  –
ноосфераның  құрылу  үрдісінде  «табиғат  заңын»  көруге  мүмкіндік 
берді.  
    Бірақ  бұл  ғылым  тек  ноосферада  ғана  адамзаттық  көзқарасты 
қисынға  келтіреді  деуге  болмайды.    Осылайша  Вернадский  көне 
Үндістандағы көзқарас негізінде биогеохимия жағдайымен үндестігін 
білдірді.  Ол  философиялық  және  діни  шығармашылықтың  жаңа 
толқынының  қажеттілігін  болжады.  Мұндай  шығармашылықтың 
негізгі  шарты  адамзаттың  ғаламшарлық  болмысының  жаңа 
ноосфералық құрылу мәселелерін тану болу керек.  
Философиялық  ой  өзінің  негіздері  мен  көп  ғасырлық 
дәстүрлерімен  белгіленген  ғылыми  жағдайын  тереңдетеді  және 
дамытады.   
Вернадский ғылымның сапалы даму үрдісін бағалау үшін «ғылыми 
шығармашылық  жарылыс»  ұғымын  енгізді.  Оны  ғылымның  даму 
тарихында үшке бөліп көрсетеді.  
Бірінші  «жарылыс»  бұл  б.э.д.  VI-V  ғасырлар  аралығында  грек 
философиясы мен ғылымның негізі туып қалыптасты. «Антика өнерінде 
ғылыми  ой  пайда  болып»,  -  деді  Вернадский,  -«ғылыми-философиялық 
құрылым  қабылданып,  ғылыми  әдістеме  мен  логиканы  және 
математиканы негізге алды».  
Екінші  «жарылыс»  XVII  ғасырда  пайда  болып,  қазіргі  заман 
ғылымының  қалыптасуына  әсер  етті.  Бұл  уақытта  ғылымның  негізгі 
мазмұны  –  оның    эмпирикалық  ғылыми  аппараты  құрылып,  сонымен 
бірге ғылыми жұмыстың әдістемесі анықталады.  
Үшінші  ғылым  «жарылысы»  ХХ  ғасырдан  бастап  саналады.  ХХ 
ғасыр  ғылыми  шығармашылықтың  бірінші  екі  «жарылыстан» 
айырмашылығы көлеміне, тереңдігіне, қуатына байланысты болды.  
 
ХХ  ғасыр  ғылыми  шығармашылық  үрдісіндегі  білімнің  өрлеуі 
жаңа  ғылыми  айғақтардың  мол  жинақталуымен  айқындалады.  Ғылыми 
білімнің  жаңа  облыстары  құрылды,  жаңа  ғылымдар    пайда  болды, 
ғылыми эмпирикалық материал өсті, барлық айғақтардың санының өсуі 
ғылыми  аппаратта  жүйеге  келтірілді  және  есепке  алынды:  ғылыми 
аппарат  миллиардтан  миллиардқа  үздіксіз  және  біртіндеп  өсіп  жатқан 
барлық  айғақтарды, эмпирикалық қорытындыларды,  ғылыми теориялар 

 
 
49 
мен  қамтып,  қазіргі  ғылыми  ойдың  дамуында  басты  құрал  болып 
табылатын  негіз  бен  басты  күшке  айналды.  Бұл  бұрын  болмаған  жаңа 
ғылым болды. 
 
ХХ  ғасыр  ғылыми  шығармашылық  жарылыс  ортақ  және  әртүрлі 
фондағы  мемлекеттердің  шектермен  және  шектеулері  болмайтын  кезде 
өрістеді. Әртүрлі ғылыми айғақ, әртүрлі ғылыми бақылауды қайда және 
кім  жасаса  да,  біртұтас  ғылыми  аппаратқа  келіп  түсіп,  онда 
классификацияланып және бір үлгіге келтіріліп, бірден сыншылар үшін 
ойлаулар мен ғылыми жұмыстарға жалпы игілік болып қалыптасты. 
    Вернадскийдің ойынша, шешуші мағына үш нақтылық бойынша 
ажыратылады. «Біз қазір үш нақтылықты ажыратуымыз керек: 
1)
 
адам  өмірі    төңірегіндегі  нақтылық,  ноосфера  мен  біздің 
ғаламшардың табиғи құбылыстарының жалпылығы
2)
 
 атом  құбылыстарындағы  микроскопиялық  нақтылық  -  бұл 
микроскопиялық  (микроскоптық)  және  организмдердің  өмірін,  тіпті 
адамның көзіне прибор құралдарымен көрінбейтін өмірді қамтиды. 
3)
 
ғарыштық  жазықтағы  нақтылық,  мұнда  күн  жүйесі  және  тіпті 
галактика  жоғалып  кетеді.  Адам  және  адам  өмірі  мен  ойы  бірінші 
нақтылықпен  тығыз  байланысты,  өйткені  ғылымның  одан  әрі 
дамуының негізі болып табылады. 
  ХХ  ғасырда  Вернадский  үшін  ғылыми  мәртебенің  өзгеру 
аспектісінде биосфера заңдылықтары ноосфераға ауысатынын көруге 
болады.  Егер түрлер эволюциясы биосфераны өзгертсе, онда тарихи 
эволюция адамзат баласының ұжымдық ақылының геологиялық рөлін 
анықтап,  стихиялықтан  танымдық  -  ақылдың  дамуына  ауысуға 
мүмкіндік  етеді.  «Адамзат  баласы  биосфераға  өзінің  күші  мен 
ықпалын  күшейту  арқылы  болашақ  ұрпақтарға  өмірлерін  жақсарту 
үшін саналы мемлекеттік ғылыми жұмыстарды құру әлі  сана сезімге 
кірген  жоқ.  Осындай  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  бағыттары, 
мемлекеттің  міндеттері,  жаңа  мықты  іздеулердің  түрлері  маған 
биосфераның  ноосфераға  айналуы  жақын  болашақта  уайымдайтын 
тарихи кез болып қалмайтын салдармен көрінеді. Бұл бой бермейтін 
геологиялық үрдіс. 
   Вернадскийдің  түсінуінде  ғылымның  дамуы  көп  факторлы  үрдіс 
болып  табылады.  Ол  ғылыми  дүниетанымның  қалыптасуында 
мынадай  факторларды:  кітап  шығару,  Ұлы  географиялық  ашылулар, 
ерекше дарынды тұлғалардың пайда болуын бөліп көрсетеді. Осыған 
байланысты әрбір фактор басқа факторлардың қатарын құруға әкеліп, 
нәтижесінде  өздігінен  ұйымдастыру  формасын  нақтылайтын 
синергетикалық  эффект  пайда  болды.  Мысалы,  кітап  шығару  –
ақпараттық фактор, сыни ғылыми ойлау мен ғылыми қауымдастықты 
қалыптастыру  факторы.  Ұлы  географиялық  ашылуларды  ғылымға 

 
 
50 
қосу  арқылы  көптеген  жаңа  ғылыми  мәліметтер  берді,  жаңа 
карталарды 
құруға 
қажеттілік 
туындады, 
геометриялық 
пайымдауларды  дамытты.  Математикалық  әдістер  ғылым  үшін  өте 
маңызды, өйткені ғылыми ойлау дамиды. Ғылыми ой тұлғаны жасап 
шығарады. 
Ғылыми 
мектеп 
қалыптасуына 
және 
ғылыми 
шығармашылықта  «жарылыс»  болу  үшін,  ерекше  дарынды  тұлға 
қажет. 
    Бұл  ғылыми  шығармашылық  үрдісте  философияның  рөлі 
маңызды  болды.  Ғалым  құбылыстардың  мәніне  тереңдеген  сайын 
эвристикалық  болжамдар  мен  жорамалдардың  мықты  түсінігі 
қалыптасуы  тиіс.  Вернадскийдің  ойынша  «философиялық  талдау 
дерексіз ұғым, көптеген жағдайда жаңа ғылымның тууына, оның жаңа 
проблемалары  мен  ғылыми  пәндерін,  жаңа  облыстардағы  ғылыммен 
қамту үшін қажет. 
  «Ғылыми шығармашылықтың философиялық шығармашылықпен 
байланысы. Вернадскийдің ең бір маңызды идеясы деп атап көрсетуге 
болады.  Пән  бойынша  ғылыми-шығармашылық  құбылыстардың 
нақтылы  шеңберін  қамтып,  ғылыми  айғақтар  мен  эмпирикалық 
қорытындылар  негізінен  тұратын  ғылыми  аппараттың  ары  қарай 
дамуына  мүмкіндік  туғызады.  Философиялық  шығармашылық 
аңғарылатын және интуициялық ұсыныталын мәндердің әлеміне жеке 
енуі болып табылады. Ол санасыздықтан саналыққа шығуға «саналы 
дүниетанымды»  ары  қарай  дамытуға  мүмкіндік  туғызады.  Ғылыми 
шығармашылықтың 
векторға 
бағытталуы 
қасиеттер 
мен 
қатынастардың  алуан  түрлілігінде  оның  әлем  бірлігіне  жетуі  болып 
табылады.  
  Философиялық шығармашылықтың векторға бағытталуы әмбебап 
терең негіздерді ашу арқылы адамзат мәнін ашу болып табылады. Бұл 
векторлар шығармашылықпен тығыз байланысты. 
  Сонымен, 
Вернадский 
саналы 
ғалым 
ретінде 
ғылыми 
шығармашылық пен философия үшін ортақ негіздердің қажеттілігінің 
керек  екенін  түсінді.  Мұндай  негіз  адамгершілік  рухтың  және 
дүниетанымның бүтіндіктерін шығармашылықтың әртүрлі түрлерінің 
арасындағы байланысы болып табылады. Ғаламның жасырын сырына 
ену  үшін  бір  уақытқа  адамзат  жанының  құпиясына  да  ену  мүмкін 
емес.  Ғылыми  сананың  жарығы  философиялық  сананың  сәулесінсіз 
мүмкін  емес.  Сондықтан,  Вернадский  ғылым  мен  философияны 
адамзат  дүниетануының  өсуін  біртұтас  процесс  деп  қарау  керектігін 
белгіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет