Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылым танымның жоғары формасы ретінде.
Ғылымның даму заңдылықтары – қолдан жасалу сипаты- на қарамастан, ғылымның жүйе ретінде бірқатар объективтік даму заңдылықтары бар. Олардың аса маңыздылары:
1) үзіліссіз- дискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының, құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық өзгерістері бар дамуында эволюциялық кезеңдердің алмасып отыруы (бұл тұтас ғылымның өзінің де, оның жекелеген салалары мен тео- рияларына да қатысты);
2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен ғылымға жұмсалатын материалдық шығындардың экспоненциалдық өсуі;
3) білімдік және институттік көзқарас бойынша ғылым құры- лымын күрделендіру;
4) ғылымның мәдениет жүйесінде, әсіресе материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының артуы.
ғылым философиясы: 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды эпистемологиялық (танымдық) және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде таңдайтын философиялық бағыт;
2) нысанасы ғылым болып табылатын арнаулы философиялық пән (бұл термин алғаш рет неміс философы және экономисі Евгений Дюрингтің 1878 жылы шыққан
«Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған). Дедуктивизм – соған сәйкес ғылыми білімді және оның дұрыс көрсетілуін дәлелдеудің жалғыз әдісі дедукция болып табылатын әдістемелік тұжырымдама; оның түсінілуі:
1) жалпыдан жалқыға көшу деп;
2) немесе ойдың іргелі және қарапайым ұғымдарынан туынды және күрделірек түрлеріне қарай құрылымдық қозғалыс ретінде (құрылымдық-генетикалық әдіс);
3) немесе бастапқы (жалпы- лама, дерексіз), нысанды біржақты көрсететін қарама-қайшылықтан нақты (жан-жақты немесе көпжақты) қарама-қайшылыққа оның жетілген күйінің бейнесі сияқты диалектикалық «өту» (Гегельдің диалектикалық дедукциясы);
4) немесе салдарларға (сондай-ақ ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын кез келген қажетті қисынды қорытынды.
Джастификационизм – растау, бекіту, негіздеу. Эмпириялық тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізі және белгісі деп санайтын логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бірі.
Диахрондық талдау – зерттелетін нысананың (нысанның) даму үдерісін бір-бірін ауыстыратын бірқатар кезеңдерге бөлшектеуден және кейіннен оларды белгілі бір белгілері бойынша салыстырудан тұратын таным әдісі.
Дискурс – ауызша сөйлесуден, ауызша тілдік ойыннан, сондай- ақ түйсікпен ойлаудан айырмашылығы – кез келген жазбаша мәтінді (тілдік білімді) білдіретін лингвистика және тіл білімі түсінігі. Нақ осы дискурс, қазіргі заманның бірқатар философтарының (структуралистердің, постструктуралистердің, постмодернистердің) пікірі бойынша, жалпы, философияның, оның ішінде ғылым философиясының (ғылыми дискурс) тікелей және басты нысанасы бо- лып табылады.
евгеника – ізгілікті (шығу тегі бойынша), асыл тұқымды. Адамның генетикалық табиғатын жақсарту туралы ғылым немесе адамның тұқымқуалаушылық саулығын жақсартуды мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
жаңалық енгізу үдерісі – іргелі ғылымды, қолданбалы зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа түрін саралап өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология құру және қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.
идеогенез – ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі; ол ғалымның оған дейін туған және айтылған ғылыми идеяларды игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» са- наты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар болмайтын жағдайды баса көрсетеді.
идеографиялық әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиан- дықтар, негізінен, тарихты айтады) әдісі; оның міндеті – жеке-дара құбылыстардағы маңызды қасиеттерді сипаттау (сондықтан ол «да- ралау әдісі» деп те аталады). Маңыздыны сипаттау «құндылықтарға жатқызу» жолымен іске асырылады.
имманентті – әлдебір заттың, құбылыстың табиғатынан шығатын, соған тән ішкі қасиет.
индуктивизм – ғылым философиясындағы ғылыми танымда индукцияның рөлін асыра көрсетуге негізделген эмпириялық парадиг- ма нұсқаларының бірі.