Сессия
Қылмыстык кұкыктын түсiнiгi, пәнi және әдiсiн ашыныз. Қылмыстык кукыктын максаты және кызметiн көрсетініз. Қылмыстык кукыктын жүйесiн талданыз. • Заңнамадағы және кұкык жүйесiндегi кылмыстык кукыктын орны кандай?. Қылмыстык кукыктын баска аралас кукык салаларымен ара катынасын ашып көрсетініз.
Жауабы: Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын - заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы.
Қылмыстық құқық- бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады.
Қылмыстық құқық пәні- қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субьектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болып табылады.
Әдіс- Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға, мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекеттерге тиым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға нормаларды белгілеу мемлекеттің құзыреті. Осы тұрғыда қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты қылмыскерді жазалау немесе белгілі бір мемлекетте, қоғамда қауіпті болып табылатын әрекетті жасағаны үшін қаралау емес, керісінше, қоғамға кауіпті әрекеттерді болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнінде қылмыстық занда көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық құқық құқықтың дербес саласы бол тұрса да құқықтың басқа да салаларына ұқсас. Атап айтқанда, әкімшілік құқықпен ұқсас. Екеуіне де құқық бұзушылық жасаған адамдарға әжбүрлеу, жазалау жолдарымен әсер ету тән. Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті айырмашылығы олардың қоғамға қауіптілігімен сипатталады. Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін бағалау заңмен бегіленеді, сонымен бірге қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты анықталады.
Қылмыстык заннын түсiнiгi, онын негiзгi және ерекше белгiлерiн атаныз. Казакстан Республикасынын Конституциясы және кылмыстык заннамасынын ара катынасын көрсетiңiз. Халыкаралык кукыктын нормалары мен жалпыға танылган кагидалары және колданыстағы заңнамаларга сипаттама берiнiз. Қылмыстык заннаманын кайнар көзі ретінде сот тәжiрибесiн сипаттаңыз.
Жауабы: Қылмыстық заң- ҚР Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқықтық акт. Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Казакстан Республикасынын аумагында жасалған кылмыска катысты кылмыстык заннын кушiн аныктаныз. Аумак ұғымын берiнiз. Континенталдык шельфте және ерекше экономикалык аумакта жасалган кылмыска қатысты кылмыстык заннын күшiн айкынданыз. Су және әуе кемелерiнде кылмыс жасаган тулгаларга катысты кылмыстык заннын кушiн аныктап берiнiз. Иммунитет мәселесi калай шешіледі?. Казакстан Республикасынын аумагынан тыс жерлерде кылмыс жасаған тұлғаларға катысты кылмыстык заннын кушi кандай?
Жауабы: Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам да, өзінің қай жерде болғанына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстык заннын мезгiлдегi күшiн ашыныз.
Қылмыстық заңнын керi күшi: түсiнiгi және шектерiн
анықтаныз. Қылмыстык занды түсiндiру, түсіндіру,турлерiн ашып көрсетініз.
Жауабы: Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығын немесе жазасын жеңiлдететiн немесе жағдайын өзге де түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осындай заң қолданысқа енгізілгенге дейiн тиiстi іс-әрекетті жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ сотталғандығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген іс-әрекеті үшін жазаланушылықты жеңiлдетсе, онда тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға жатады.
3. Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, осы іс-әрекеттi жасаған адамның жауаптылығын немесе жазасын күшейтетiн немесе жағдайын өзге де түрде нашарлататын заңның керi күшi болмайды