«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет47/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Реферат тақырыбы:
1. Аппеляциялық инстанциядағы сот өндірісі.
2. Аппеляциялық шағым беру, наразылық беру құқығы.
3. Кәмілеттік жасқа толмаған адамдар бойынша іс жүргізудегі қадағалау сатысы
4. Кәмілеттік жасқа толмаған адамдар бойынша іс жүргізу мерзімдері
Тақырып бойынша – тест.
1.Үкімге апелляциялық шағымды кім бере алмайды?
1)бірінші инстанциялы сотпен ақталған тұлға
2)азаматтық жауапкердің өкілі
3)сотталушының заңды өкілі
4)куә
5)жәбірленуші
2.Апелляциялық инстанциялы сот ҚР-ның қылмыстық істер жүргізу кодексіне сәйкес:
1)келтірілген шаң-ғымның шегімен байланысты болмайды
2)кез-келген соттың үкімдерін қайта қарайды
3)заңды күшіне енген үкімдерді қайта қарайды
4)бірінші инстанциялы сот үкіммен анықталмаған фактілерді дәлелденген деп тани алады
5)жаңа үкімді қабылдай алмайды
3.Қадағалау инстанциясындағы сот бірінші инстанциялы сотқа мынандай нұсқау беруге құқықты
1)айыптаудың жеке эпизоттарының дәлелденгені жөнінде
2)жекеленген дәлелдемелердің дәлелдеме ретінде жіберілмеуі жөнінде
3)жекеленген дәлелдемелердің артықшылығы жөнінде
4)қылмыстың саралануы жөнінде
5)ешқандай нұсқау беруге құқығы жоқ
4.Үкімді орындау сатысы
1)заңды күшіне енген үкіммен аяқталған әрбір іс бойынша міндетті болып табылады
2)ерекше болып табылады
3)қылмыстық атқару құқығының аумағы болып табылады
4)экстраординарлы болып табылады
5)жазаны тағайындау кезінде ғана қажетті болып табылады
5.Үкім қадағалау тәртібінде қайта қаралады:
1)айыпталушының шағымы бойынша
2)жәбірленушінің арызы бойынша
3)үкімді шығарған судьяның наразылы бойынша
4)екінші инстанциялы соттың төрағасының наразылығы бойынша
5)қадағалаушы прокурордың қаулысы бойынша


Дәріс 13. Сот үкімін және қаулыларын орындау
Үкімді
1.Аудандық және оған теңестiрiлген сот, облыстық және соған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзiмі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиiс.
Апелляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтiрiлген жағдайда, аудандық немесе облыстық сот үкiмiнiң күшi жойылмаса, апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алынса, үкiм шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты апелляциялық iс жүргiзудiң тоқтатылғаны туралы апелляциялық сатының қаулысы шығарылған күнi заңды күшiне енедi Заңды күшiне енген соттың үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сөзсiз орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауапкершiлiк жүктейдi. Үкiм мен қаулыны орындауға кiрiсу бiрiншi саты бойынша iстi қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес үкiмдi орындау мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа қамауда ұсталған адамдарға қатысты iстi апелляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
Егер үкiмде сотталушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасынан, Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы мәселенi қою қажеттiгi көрсетiлсе, үкiмдi шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентiне сотталушыны мемлекеттiк наградасынан, көрсетiлген атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсынысты, сондай-ақ үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енуi туралы анықтаманы жолдайды. Үкiмдi орындаушы органдар оның орындалғаны жайында үкiмдi шығарған сотқа дереу хабарлайды. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа сотталушының жазасын өтеу орны туралы хабарлауы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет