Имени с. Аманжолова



бет4/19
Дата29.06.2023
өлшемі434,5 Kb.
#103758
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
866315401202 4 Силлабус ДТжСТмӘ 2020

Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру. Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру. Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [1,6]


Дәріс 2: Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген: 1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [1,4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет