Имени с. Аманжолова


Дәріс 9: «Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері»



бет7/19
Дата29.06.2023
өлшемі434,5 Kb.
#103758
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
866315401202 4 Силлабус ДТжСТмӘ 2020

Дәріс 9: «Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері»
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шебердігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері. 1. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. 2. Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы.
Әдебиет: негізгі [1-8], қосымша [2,4,6]


Дәріс 10: «Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау»
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мұмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп болдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтушы тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогиқалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б. Педагогикалық ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б.
Сабақтың жалпы үзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық сабақтың негізгі бір өнімділігін. сапасын көрсететін көрсеткіш.
Дене тәбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу. Ол үшін сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгіретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Әрбір 3 минут сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.
Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Бірінші - өзінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. Екінші - әріптестерінің сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері білетін бірнеше педагогикалық сабақ талдау әдістері бар, ол әдістер көптеген әдебиеттерде жазылған. Соның бірі дене тәрбиесі сабағының гистограммасы ең бір оңай, дене тәрбиесі сабағының қалай өткенін тез анықтайтын әдіс.
Әдебиет: негізгі [1-8] қосымша [1,2,4,6]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет