Имени с. Аманжолова


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет3/19
Дата29.06.2023
өлшемі434,5 Kb.
#103758
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні жоғарғы білімді дене мәдениеті мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі қажетті, негізгі пән. Бұл пәнді оқу барысында студенттер дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыруға қажет дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін, қағидаларын, дене қуаты қасиеттерін, оны дамыту жолдары туралы теориялық мәліметтер алады, жоспарлау технологиясын, сабақтарды талдауды үйренеді, сабақтар жүргізу іскеліктері мен дағдыларына қалыптасады.
Силабусте сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, дәрістер, іс-тәжірибелік жұмыстар, СӨЖ және СОӨЖ шегіндегі сабақтар жоспары, реферат жұмыстары, емтихан сұрақтары берілген.
Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесі және спорт үрдісін ұйымдастыруға қажет теориялық білім және іс-тәжірибелік дағдылармен қалыптастыру.
Пәнді оқып үйренудің міндеттері: Болашақ дене тәрбиесі және спорт саласында жұмыс атқаратын жоғары білімді маманды арнайы біліммен, ұғымдармен дене тәрбиесі және спорт жаттықтырулары сабақтарын ұйымдастыру амалдарымен, әдістерімен, әдістемелерімен қаруландыру.
3. Пререквизиттер: - оқылатын пәнді игеру үшін студент анатомия, физиология, биохимия, оқу жұмыстарын ұйымдастыру және дене мәдениеті тарихы, валеология негіздері пәндерін білуі қажет.


4. Постреквизиттер: - пәнді оқыту барысында алған білімдерді спорттық – педагогикалық, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру, спорттық медицина, балалар мен жасөспірімдер спорты пәндердерінде, мектептерде өтетін іс-тәжірибелік практика кездерінде, әртүрлі жастағы адамдармен, спортшылармен жұмыстар кезінде қолдануға болады.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар
лығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні оқу және ғылыми пән. Дене мәдениетінің бөлімдері, қағидалары. Терминдер, ұғымдар.

1

2

1

2

4

9

2

Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі.

2

2

1

1

4

8

3

Дене тәрбиесінің амалдары.

3

2

1

2

4

9

4

Дене тәрбиесінің әдістері

4

2

1

2

4

9

5

Дене тәрбиесі қағидалары

5

2

1

1

4

8

6

Қимыл - әрекетке үйрету

6

2

1

2

4

9

7

Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі

7

2

1

2

4

9

8

Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі негіздері

8

2

1

2

4

9

9

Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері

9

2

1

2

4

9

10

Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау

10

2

1

2

5

10

11

Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау

11

2

1

1

5

9

12

Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және есепке алу

12

2

1

1

5

9

13

Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру

13

2

1

1

5

9

14

Оқушы жастардың дене тәрбиесі

14

2

1

1

6

10

15

Ересек, үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі

15

2

1

0,5

5,5

9




Барлығы




30

15

22,5

67,5

135

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Дәріс 1: Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні оқу және ғылыми пән. Дене мәдениетінің бөлімдері, қағидалары. Терминдер, ұғымдар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні екі бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды.
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет