NAME=frame1 – фреймге, яғни кадрға ат қойылады.
TARGET=frame1 – деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді.
Мысалы, жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермәтіндік сілтеме жасау былай орындалады:
бірінші фрейм
мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, яғни М1.htm файлы, first.htm файлымен алмастырылады.
Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.htm файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREFатрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады.
Әрбір кадрға ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан, ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, ал мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады.
Тапсырма Frame1.html файлын ашып, FRAMESET тегі арқылы броузер терезесін кадрларға бөліңіздер. Оларға суреттер (файлдар) орналастырыңыздар.
2. Index.html деген файл ашып, терезені төрт фреймге бөліңіздер (екі жол және екі бағана), оларға алдын ала ішіне HTML тегтерімен толықтырылған мәлімет жазылған мынадай файлдардың мәліметін орналастырыңыздар: list.html, table.html, image.html және first.html. Одан кейін:
а) list.html файлы орналасқан фреймде міндетті түрде жылжу жолақтары болатын болсын;
ә) table.html файлы орналасқан фреймнің мөлшерін өзгермейтін (NORESIZE) етіңіздер;
б) first.html файлын былай етіп өзгерту керек: image.html файлына жасалған сілтемені таңдағанда, ол first.html файлы тұрған фреймге жүктелетін болсын;
в) image.html файлындағы first.html файлына арналған сурет түріндегі сілтемені шерткенде, first.html файлы жаңа терезеде ашылатын болсын.
№6ЛЕКЦИЯ