Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз.
қарайтылғаннемесе <І>қисайтылған (курсив) І>әріппен немесе асты сызылғанәріппен.
Сонымен бірге мәтінарасына символдарының өлшемі тұрақты фрагмент кіргізуге болады.
(қол жазба машинкасын имитациялау) Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:
EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді
STRONG –ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, қарайтылған әріппен бірдей
CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін
SAMP – ағылшынның sample – нұсқау (образец) деген сөзінен KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен
VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен
және тегінің негізгі атрибуттары:
bgcolor - құжат фоныныңтүсін анықтайды.
text - мәтін түсін анықтайды.
lіnk - гипертекстік сілтемелердің негізгі сөздерінің түсін анықтайды.
vlіnk - пайдаланылған гипертекстік сілтемелердің түсін анықтайды.
alіnk - гипертекстік сілтемеге басқан кездегі түсін анықтайды.
background- фон қызметін атқаратын суретті анықтайды, демек обой суреті.
HTML-да бояу түрлері оналтылық санау жүйесінің коды бойынша беріледі. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті - қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер және оның жалпы аты RGB – ол осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке оналтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандары) дейінгі санға сәйкес келеді. Содан кейін бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Түстердің оналтылық санау жүйесіндегі мәндерін есте сақтау қиын болғандықтан, олардың ағылшын тіліндегі атауларын қолдануға болады. Төмендегі кестеде түстердің ағылшын тіліндегі стандартты аттары және оның оналтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген.