5. Тақырыбы: “Аттар” Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
«Ер қанаты –ат »деген ұғымды қалыптастыру. Жарыса ойнауға, ұлттық дәстүрді тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңда екі топқа бөлінеді. Үлкен шеңбер сызып, ортасында жалауша болады. Осы жалаушаны екі топ жарысып, белгіленген жерге жеткізу керек. Қай топ бірінші жеткізеді сол топ жеңіске жетеді.
6,7. Тақырыбы: “Құстар мен мысық” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар құстар болып ұшып жүреді. Бір бала мысық болады. Мысық ұйықтап жатады. Құстар мысықтың жанына келеді. Мысық оянып құстарды қуады.
Тақырыбы: “Құстардың ұшып келуі” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар (құстар) қанаттарын жайып, алаңның барлық жеріне ұшады. “Боран” деген белгі бойынша құстар ағаштарға тығылады. Тәрбиеші “Боран тынышталды” деген кезде ағаштардан түседі де ұша береді.
8. Тақырыбы: “Қарғалар” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар “қарғалар” болып жемдерін жеп жүреді. Тәрбиеші белгі бергенде яғни “боран”(жел) деген белгі бойынша “қарғалар” ағаштарға тығылады. “Боран тынышталды” деген кезде “қарғалар” жерден жемдерін жеп жүреді.