9,10. Тақырыбы: “Қояндар” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Барлық балалар қояндар болып ,шеңбер жасап тұрады. Өздерінің әндерін айтып, қояндарша секіріп, билеп жүреді.
Ақ қоян-ау, ақ қоян
Орныңнан тұршы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы
Әйбат көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші
Осы кезде бір сыбдыр естіліп, қояндар қашып тығыла бастайды. Тыныштық болғанда ойнап, секіреді.
Тақырыбы: “Көжектер” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
11. Тақырыбы: “Қоймадағы тышқандар” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ұжымда ойнауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңның ортасына 8-10 см ара қашықтықта екі бірдей сызық сызылады. Алаңның шеттерінде 1-2 адым қашықтықта мысықтың үйі
сызылады. Ойыншылар мысықты таңдап алады. Қалғандары тышқандар болады. Тышқандар қоймадығы дәндерді жинауға келе жатады. Ал мысық осы кезде оларды ұстауға тырысады. Ұстап алған тышқанды “мысық” үйіне апарады.
12 . Тақырыбы: “Кім көп таспа жинайды? ” Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шашылып қалған таспаларды арнайы ыдысқа жинайды. Таспаны ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.