Иммунитет – ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Тұмау вирусының көбеюі



бет2/4
Дата22.12.2023
өлшемі336,57 Kb.
#142496
1   2   3   4
Байланысты:
4 неделя

Иммундың жасушаның микробты жоюы
Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар. 100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.
Ғаламшарымызда жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын. Сондықтан оларды топқа бөліп, жіктеп, бір жүйеге келтіру қажет.
Жүйелеу дегеніміз – ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа – жануарлар дүниесіне біріктіріледі.
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы ортадан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздеп табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.

Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыз жануарлар және омыртқалы жануарлар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер – жоғары сатыдағы жануарлар. Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыда ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т.б.) желі өмір бойы сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет