7.Энергияның сақталу заңын Мат маятникті пайдаланып көрсететін демонстрациялық эксперимент. Созылмайтын жіпке ілінген шар штативке бекітіледі. Одан соң шарды тепе-теңдік қалпынан қандай да бір бұрышқа ауытқытып, жіберіп қаламыз. Ол бастапқы тепе-теңдік қалпынан да өтіп, келесі жақта бастапқыдай биіктікке көтеріледі. Егер жердің тартылыс күші болмаса, шар энергияның бір-түрінен екінші түріне айнала отырып, тербелісте болар еді (52 сурет).
а)
Ә)
52-сурет
Қорытынды: Энергия жоғалмайды, жоқтан пайда боламайды.Толық механикалық энергия кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысынан құралады. Механикалық энергияның сақталу заңы тұйық жүйеде орындалады.
Вакуумдық қоңырау астына электр қоңырауына орналастырамыз. Ауа бар кезде электр қоңырауының дыбысы естіліп тұрады. Ауа сорылып ала бастағанда қоңыраудың дыбысы да азая бастайды. Ауа сорылып алынған кезде дыбыс естілмей қалады.
Қорытынды: Тербеліс Жиілігі 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар дыбыс толқындары деп аталады. Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады. Орта бөлшектері (ауа) толқынның таралу бағытында тербеледі.
9. Мектеп оқу экспериментінің функциясы Физикалық оқу эксперименті оқытудың бір әдісі ретінде физика курсын жүйелі түрде оқытумен бірге пайда болды десе де болады. Бұл физиканың эксперименттік ғылым екендігін анығырақ дәлелдеп, оқушыларды физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды танып-білуде қолданылатын ғылыми-зерттеу әдістерімен таныстыру үшін ғана емес, сонымен қатар құр сөзбен көптеген табиғат құбылыстарын түсіндіру мүмкін еместігінен туындаған қажеттілік болатын. Соның себебінен алғашқы физика пәнінің оқулығында табиғат туралы ғылымды физикалық тәжірибелер арқылы түсіндірген болатын.
Содан бері қаншама уақыт өтсе де физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндірудегі оқу экспериментінің педагогикалық зор маңызы өз құнын жоғалтқан емес.
Физиканы оқыту барысында жинақталған тәжірибе осы оқыту әдісінің қажеттілігі мен тиімділігіне мұғалімдердің көзін жеткізді.
ХІХ ғасырдың соңына қарай оқу экспериментінсіз оқыту бор физикасы деген атқа ие болды. Мұның өзі сол уақыттың өзінде-ақ оқу экспериментінің оқыту әдістемесінде ойып орын алғанының дәлелі болып саналады.
Сондықтан физиканы оқыту әдістемесі саласын дамытуда мемлекеттік масштабта қолдау көрсетіліп, орта мектептің физика кабинетінің материалдық базасын жетілдіру бүгінгі күн талабы. Бұл өз кезегінде оқыту үрдісінде оқу экспериментін кеңінен қолдануға мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде оқушылардың терең білім алуына негіз болары айдан-анық.
Оқушылардың оқу-танымдық қарекетін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері жүйесінде ақпараттың берілу және қабылдау көзі бойынша жіктелуінде оқу эксперименті көрнекілік әдіске жатқызылады.
Осы топтың басты әдістері ауызша баяндау және практикалыққа қарағанда ол ешқашан жеке қолданылмайды. Ауызша баядау кезінде (лекция, әңгіме, түсіндіру немесе баяндау) де, көрнекіліктің басқа түрлерімен де (суреттер, кестелер, бейнежазбалар және т.б.) үйлесімді қолданыла береді.
Сонымен қатар оқу эксперименті оқытудың практикалық әдістерінде де қолданыла береді.
Физикалық процестер мен заңдылықтарды көрсету кезінде мұғалімнің ауызша түсіндіруі де қажет.Себебі осы көрсетіліп жатқан құбылыстағы маңызды нәрсеге оқушылардың назарын аудыратын мұғалімнің бағыттаушы сөзінің маңызы өте жоғары. Мұнда мұғалімнің сөзі тек оқушылардың көріп қабылдауына ғана емес, қорытынды жасауға, түйінді сөзді айтуға да көмектеседі. Сонымен, мұғалімнің сөзі көру арқылы қабылданған бейненің ұғым болып қалыптасуына әкеледі.
10.
11. Күрделі тәжірибелердің оңайлату.Демонстрациялық тәжірибелерді қарапайым ету әрқашан қолдан келе бермейді. Кейде жаңа техникалық құрылғыларды сипаттайтын құрылғылардың жұмыс жасау принципін демонстрациялық тәжірибе деңгейінде көрсету өте күрделі. Мұндай жағдайда бүтін қондырғының жұмыс істеу принципін қарастырмас бұрын оның жекелеген бөлшектерінің жұмыс жасауын көрсетуге болады. Физиканы оқытуда техникалық құрылғылардың жұмыс жасау принципін оқытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады. Мұндай әдістемені қолдану арқылы оқушылардың берілген материалға анализ жасай алуға үйретуге болады.
Мысалы, автоматты насостық станцияның жұмыс жасау принципін түсіндіруде ең алдымен бір ғана насостың содан соң ажыратып қосқыштың (рубильниктің) қызметін, сонан соң қалытқының суы жок ыдыстағы ажыратып-қосқышқа әсерін, сонан соң барлық жүйенің жұмыс асауын демонстрациялауға болады.
Мұндай құрылғыларға талдау жасау, құрастыру мен демонстрациялау үшін оқушыларға бұрыннан белгілі стандартты бөлшектер мен заттар қолданылса, олардың түсінуіне де жеңіл болар еді.