Топжарған
- Спорт саласында жүрген қазақ қыздары
көп емес. Санаулының ішінде өзің де барсың.
Таэквондоны таңдауыңа не себеп?
- Мен бала кезімде спорттық киімдерді киіп
ала тынмын. Есейгенде спортшы боламын деп
ар мандадым. Сол себепті таэвондоны таңдадым.
Спорттың бұл түрінің өзіне тән ерекшелігі бар.
Әдісті қалай орындағаныңа байланысты ұпай
беріледі, бір соққыны шебер әрі жылдам орындасаң
жеңіске жетуің әбден мүмкін.
Таэквондо – менің табиғатыма жақын спорт түрі.
Бүгінгі жеткен жетістіктерім еңбектін арқасы деп
білемін. Алдыма қойған мақсатыма жету үшін көп
тер төктім. Талпынысып ақталды. Ұзақ уақыт
тал май жаттығудың арқасында ҚР чемпионы
атандым.
- Қостанай облысындағы таэквандо спор ты-
ның деңгейіне қандай баға бересіз?
- Қарқынды даму үстінде. Қазақ халқы спортқа
жақын. Біздің аға-әпкелеріміздің батыр, ержүрек
болғаны тарихтан мәлім. Қазіргі уақытта Қазақстан
таэквондодан көп жетістіктерге жетіп жүр. Қос-
танай қаласында таэквондомен шұғылданатын
балалардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл
жақсы нәтижие деп білемін.
- Оқу бітірген соң спортшы боласың ба, әлде
экономист мамандығын таңдайсың ба?
- Таэквондо – менің таңдауым, менің өмірім.
Қа зір экономикалық факультетінде экономист
мамандығы бойынша білім алудамын. Болашақта
қос тізгінді қатар ұстап жүре алатыныма сенемін.
- Көпшілік білмейтін тағы қандай қырларың
бар?
- Мектепте оқып жүргенде ән айтқанды, би
билегенді жақсы көрдім. Менің анам әнді керемет
шырқайды, сол кісіге қарап мен де бой түзедім.
Алға қойған жоспарларымды құпия ұстауға тыры-
самын. Қазір мен үшін бірінші орында білім алу.
Оқуымды жақсы аяқтап, Ахаң атындағы білім ор-
дасына кішкене болсада өз үлесімді қосқым келеді.
Мен үшін ҚМУ – армандар орындалатын мекен.
Уни верситетте әр студенттің армандарының орын-
далуына көп мүмкіндік беріледі.
Сұхбаттасқан Бағдат ТОБЫЛБАЙ,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
Жазира Тагленова 1996 жылы 7- қаңтарда Арқалық
қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынов
атындағы ҚМУ-дың 2 курс студенті. Таэквандодан қара
белбеу иегері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы, ҚМУ-дың үздік
10 студентінің қатарына қосылған, оқу ақысына 100% жеңілдік
алған талантты да талапты, спортшы қыз.
17
«Таэквондо-менің таңдауым»
дейді қара белбеу иегері Жазира Тагленова
Қыр баласының алғашқы қадамы
Жастардың білімді әрі жан-жақты болып
тәрбиеленуі маңызды. Мұндайда пікірталас
клубтарының берері көп. Әрбір мемлекеттік
оқу орнында пікірталасшылар ұйымдары бар.
Бұл жастарымызға қаншалықты пайдалы екенін
білу мақсатында пікірталасқа қатысып жүрген
Қостанай мемлекеттік университетінің 2 курс
студенті Оразхан Зейнолланы сөзге тартып,
әңгімелескен едік.
- Ауылдың баласы қалаға оқуға түсіп,
пікірталасқа жазылғанда, үйірме мүшелері
қалай қарсы алды?
- Алғашында пікірталастың не екенін білмедім.
Таныстыру кешінде бір топ жас өз клубтарын
жарнамалап жатты. Көптен қалмайын деп мен
де сол үйірмеге жазыла салдым. Бірінші күнгі
жиналғанымызда аң-таң болып отырдым. Алайда,
мен оқитын группамның тең жартысы сонда жүрді.
Бәріміз әзілдесіп, бір-бірімізге логикалық сұрақтар
койып уақыт өткіздік. Бір-екі жиыннан кейін бір-
бірімізбен жақын танысып, бауыр басып кеттім. Ең
алғаш ортаға шығып сөйлегенде берілген 7 минут-
тын тек 2 минутын зорға дегенде сөйлеп шықтым.
Әшейінде ауыз жаппас Оразхан бұл жолы көп ал-
дында қысылды. Қалған бес минутта не айтарымды
білмей дал болдым. Уақыт өте пікірталастың не
екенін түсініп, жаңа ортаға бойым үйрене бастады.
- Пікірталас не берді, нені үйретті?
- Бұрын көп сөйлегеніммен айтар ойымның
жартысын ұмытып қалатынмын. Ал қазір іштегі
қорқынышты, қобалжуды жойдым. Айтарлықтай
шыңдалып, көптеген акпарат жинадым. Ой санам
кеңейді. Сабақ айтқанда аспай-саспай сөйлеп, жұрт
алдында өзімді еркін ұстай алатын жағдайға жеттім.
Пікірталасқа қатысудың арқасында қазір кез келген
тақырыпта ой қозғап, өзімнің көзқарасымды білдіре
аламын. Ең маңыздысы еліміздің әр қаласынан
көптеген достар таптым.
- Көпшілік пікірталасты құр айқайдың
ортасы деп есептейді. Неге?
- Ондай жаңсақ пікірдің иелері нағыз
пікірталас турнирлерін көрмеген адам-
дар дерп едім. Бір қарағанда, пікірталас
көпірме сөздің алаңы болып көрінуі әбден
мүмкін. Сол ортаға терең бойлап, онда
айтылатын көзқарастарға құлақ түрсеңіз
асығыс шешім қабылдағаныңызға өкінесіз.
Пікірталас дегеніміз бос сөз айтатын жер
емес. Біліміңді ортаға салатын, ақ пен
қараны ажырататын жер.
- Университетке оқуға түскенде көп
балалар өзің сияқты пікірталас клубы-
на жазылды. Өкінішке қарай, солардың
дені шығып кетті. Оған не себеп?
- Пікірталас шыдамдылықты талап
етеді. Адамның бойында ақпарат іздеуге
деген талпыныс, білуге деген құмарлық
болуы керек. Әркімнің өз таңдауы, өз
қалауы бар. Пікірталасты түсінбегендер басқа са-
ладан өз орындарын тауып жүр.
- Пікірталас турнирлеріне мемлекет тарапы-
нан қаражат бөліне ме? Пікірталастың қазіргі
таңдағы маңыздылығы қандай?
- Жастар үшин дебат керек нәрсе. Себебі казіргі
кітап, газет окымайды. Ал пікірталас ойындарында
әртүрлі тақырыптар беріледі. Соған жан-жақты дай-
ындалып келуің керек. Тақырыпты ашып, зерттеу
үшін кітаптың бетін ашып ізденесің. Сонымен қатар
сөзге шешен, білімді жастар тәрбиелейтін жер.
Біз республикалық жарыстарға өз қалтамыздан
төлеп барымыз. Ал, өзімізде өтетін халықаралық
турнирді толықтай университет қамтамасыз етеді.
Негізі мемлекет жол ақысын болса да көтергені
дұрыс. Себебі турнирлерге қатысу арқылы кала
рейтингі көтеріледі. Әрі біз де тәжірибе жинап,
клуб мүшелерін барынша тәрбиелеуге тырысамыз.
- Пікірталас ойындарының соңында қандай
да бір нәтижесі болады ма?
- Әрине, нәәтижесі іс болмас. Мәселе, жеңіс
немесе жеңілісте емес. Мәселе пікірталастың
жастарға пайдасында. Турнирлерге қатысу арқылы
ел көреміз, жер танимыз. Осында алған білімді
өмірде кәдеге жаратамыз. Мемлекеттік мәселелерді
ортаға салу арқылы ой пікір айтып, ел болашағына
айтарлықтай үлес қоса аламыз.
- Пікірталасты үш сөзбен сипаттап бере аласың
ба?
- Шешендік. Білім. Достық.
Сұхбаттасқан Аягөз ӨМІРБЕКОВА,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
Суретте: үздік пікірталасшы О.Зейнолла
достарының ортасында.
20
Пікірталас
C
M
Y
K
C
M
Y
K
ӨӨ
ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ
ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ
Біз де студент болғанбыз
оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу
жұмыстарына арналған республикалық конкурсында
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы
бойынша II-дәрежелі дипломға ие болды; - Опина
Гүлмира 2015 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік
орталығымен ұйымдастырлыған Республикалық
«Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми
жұмыстары сайысыныда «Жас зияткер» номина-
циясы бойынша I-орынға ие болды; - Әбжанова
Данагүл 2015 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік
орталығымен ұйымдастырлыған Республикалық
«Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми
жұмыстары сайысыныда III-орынға ие болды; - Опи-
на Гүлмира 2015 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік
орталығымен ұйымдастырлыған Халықаралық
«Сократ» атты ғылыми жұмыстар сайысында «Жас
сарапшы» номинациясы бойынша II-орынға ие бол-
ды; - 3-курс студенті Ишмухамбетова Дина 2015
жылы «ZIAT» Ғылыми- әдістемелік орталығымен
ұйымдастырлыған Республикалық «Ғылым ша-
райнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстары
сайысыныда «Жас зияткер» номинациясы бойынша
I-орынға ие болды; - 2-курс студенті Пирмаханова
Арай «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен
ұйымдастырлыған Республикалық «Ғылым ша-
райнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстары
сайысыныда «Жас зияткер» номинациясы бойын-
ша I-орынға ие болды; - 2-курс студенті Аманжол
Ботагөз «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен
ұйымдастырлыған Республикалық «Ғылым шарайна-
сы» атты студенттердің ғылыми жұмыстары сайысы-
ныда «Жас зияткер» номинациясы бойынша II-орынға
ие болды; - Пирмаханова Арай удостоена почетного
звания Лауреата II степени II- го Международного мо-
лодежного конкурса научных работ «Молодежь в нау-
ке». Студенттерімнің осындай биік дәрежелерге жетуі
мен үшін үлкен қуаныш.
Студенттерімнің осын-
дай жоғары жетістікке қол
жеткізіп жүлдегер атанғаны
үшін мен де бірнеше рет
диплом, мақтау қағазымен
марапатталдым. Тағы да
айтамын, осы технолог
мамандығын таңдағаныма
еш өкінбеймін. Сіздер де
өкінбейтіндей таңдау жасап
үйреніңіздер.
- Дұрыс айтасыз. М а-
мандық таңдау – маңызды
қа дам. Өткен шаққа саяхат
жасасақ. Сіздің кезі ңіздегі
студенттер қандай бол-
ды? Бүгінгі студентпен
салыстырыңызшы.
- Рахмет! Біздің ке зі міз-
дегі студенттер ең алды мен
ізденімпаз болды. Бәрі де
кітап оқып, білім қуып жү ре тін.
Сабақтан соң кітапханадан
шықпайтынбыз. Қазіргінің студенттерімен са лыс-
тырғанда айырмашылығы жер мен көктей. Бүгінгінің
студенттерін кінәлай алмаймын. Мүмкін заман со-
лай шығар. Технологияның қарқынды дамыған кезі.
Бәрінің қолында телефон, кітап оқуды емес әлеуметтік
желіде отыруды қалайды. Ғаламтордың торына
шырмалған. Тіпті дипломдық жұмыс жазар сәтте ғана
кітапхананың қайда орналасқанын біліп үлгеретіндер
де бар. Бұл әрине жылайтын жағдай. Бірақ, көпке
топырақ шашпаймын. Шәкірттерімнің арасында
білімге деген талпынысы зор балалар да жетерлік.
Біз олармен мақтануға тиіспіз деп ойлаймын.
- Сіз қандай студент болдыңыз?
- Шынымды айтсам, мен үздік студенттердің
бірі болдым. Алдыма тек қана оқу деген мақсат
қойдым. Үнемі ізденіп жүрдім. Соның арқасында
ұстаздарыммен де жақсы араластым. Әлі күнге дейін
арамыз суыған жоқ.
- Журналдың оқырмандарына және жастарға
айтар тілегіңіз болса.
- Студенттерге тек қана оқыңыздар деймін.
Ізденсеңдер ғана армандарың орындалады. Ол
үшін білікті де білімді, саналы азамат пен азаматша
болуларың керек. Сондықтан да, ерінбей еңбек етіп,
білімге құштар болыңдар.
«Жас өркен Қостанай» журналының ұжымын
шығармашылық шабыт тілеймін. Сіздерге шын
жү ректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш
тілеймін. Жылдың әр күні Сіздерге және сіздердің
жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік
әкелсін!
- Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ,
ГӘФ журналистика мамандығының
2-курс студенті.
19
C
M
Y
K
Біз де студент болғанбыз
Еңбекқор оқытушы
Иә, ұстаз деген ұлы тұлға. Ол қашанда
қоғам үшін қадірлі жан. Оларды үлгі тұтатын
азаматтар мен азаматшалар да қаншама.
Студенттерінің әр жетістігі олар үшін
мәртебе. Сондай мәртебеге ие болып жүрген,
студенттерінің жетістігін ауыз толтыра айтып
жүруді жөн санайтын, үнемі ғылыми зерттеу
жұмыстарын жазатын, бір сөзбен айтқанда
Ахаң атындағы қара шаңырағымызға еңбегі
сіңген ұстаз, «Аграрлық-биологиялық
факультетінің» оқытушысы Молдахметова
Зәмзәгүл Қорғанбекқызы.
- Зәмзәгүл апай, қайда оқыдыңыз, білім
берген ұстаздарыңыз кімдер еді? Сол шақтар
есіңізде ме?
- Мен Жітіқара қаласындағы №2 қазақ орта
мектебін үздік бітірдім. Мектепте оқып жүргенімде
мені химия пәні ерекше қызықтыратын. Өйткені
химия пәнін бізге мектеп директоры, Қазақстанның
еңбегі сіңген үздік ұстазы Шожанов Мұса Шожанұлы
түсінікті әрі өте қызықты өткізетін. Бірнеше рет
химия пәні бойынша мектеп олимпиадасына
қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Сол се-
бептен шығар, дәрігер болуды армандайтынмын.
Мектепті бітіргеннен кейін Семейдің ет және сүт
өнеркәсібі технологиясы институтының «Ет және
ет өнімдерінің технологиясы» мамандығына
түстім. Химия пәнін «5» ке тапсырдым. Институт-
ты бітіргеннен соң бізге инженер-технолог квали-
фикациясы берілді. Кейін жолдамамен Арқалық
ет комбинатында жұмыс істедім және Қостанай
ет комбинатында мастерден бастап старший
технологқа дейін жоғарыладым. Бұл жұмыс өзіме
өте ұнады. 1990 жылдың басында ет комбинаты
тәулігіне 1000-ға жуық мал соятын, кейін жетісіне
небәрі 10-15 бас мал соятын болды. Сол себептен
ет комбинаты біртендеп жабыла бастады. Бұл
жылдары ауыл шаруашылық институтында «Тех-
нология переработки продуктов животноводства»
мамандығы ашылып, сонда жұмысқа орналастым.
2007 жылы Семей мемлекеттік университетінде
05.18.04 – «Технология мясных, молочных, рыбных
продуктов и холодильных производств» шифры
бойынша «Разработка технологии биологически
активных препаратов и пищевых продуктов с ис-
пользованием яиц» атты кандидаттық диссертаци-
яны ойдағыдай қорғап шығып, 2008 жылы техника
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие
болдым. Ғылыми жетекшім техника ғылымының
докторы, профессор Төлеуов Елемес Төлеуұлы бол-
ды. Ол кісіге деген алғысым шексіз. Қазіргі уақытта
аграрлық-биологиялық факультетінің «Өңдеу тех-
нологиясы және стандарттау» кафедрасында орыс
және қазақ тілінде студенттерге дәріс беремін. Бұл
да мен үшін үлкен жетістік!
- Мамандық таңдауда кімнің ақыл-кеңесіне
құлақ астыңыз әлде жүрек қалауыңыз ба?
Таңдауыңызға өкінбейсіз бе?
- Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде оқу-
өндірістік комбинатында (ол кезде УПК деп аталатын
«учебно-производственный комбинат») «Аспаздық»
бағдарламасы бойынша сабақ жүргізілетін. Бұл
бағдарлама бойынша бізге сабақты өндірістік оқу
жөніндегі мастер Надежда Фефелова берді. Оның
тәжірибесі мол болғандықтан сабақты өте қызықты
өткізетін. Бізге түрлі тағамдар әзірлеудің қыр-
сырларын түсіндіріп, өзінің тәжірибесімен міндетті
түрде бөлісетін. Әлі есімде… бірде сабақ жүргізіп
отырғанда маған қарап: «Замзагуль, почему ты не
хочешь поступить на технолога? У тебя получится,
поступай...» деген болатын. Сол сөздері менің осы
технолог мамандығын таңдауыма себеп болды.
Әрине, таңдауыма өкінбеймін. Өкінуге хақым да
жоқ. Себебі, өзімнің іс-тәжірибемді аянбай үйретуімнің
арқасында студенттерім көптеген ғылыми сайыстарға
қатысып бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып,
мақтау қағаздарымен марапатталды. Солардың
бірегейін айта кетсем, Утитлеева Гүлмира 2011 жылы
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары
студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына
арналған республикалық конкурсында II-дәрежелі
дипломға ие болды; Игесенова Ботагөз 2013 жылғы
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары
студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына
арналған республикалық конкурсында «Азық-түлік
өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша
II-дәрежелі дипломға ие болды; - Опина Гүлмира
2015 жылы Қазақстан Республикасының жоғары
18