Индек с 75579 Құрметті оқырман! Бар буынның талғамынан шығатын, жас толқынның сырын бірден ұғатын, «Жас өркен-Қостанай» журналына 2016 жылдың екінші жазылуды ұмытпаңыз



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата08.01.2017
өлшемі7,18 Mb.
#1402
1   2   3   4   5   6   7

Ой-толғам

Әріптес әлемі

Еңбек  жолын  енді  ғана 

бастаған  жастар  алдыңғы 

толқын  ағаларына  қарап 

есейетіні  анық.  Соңынан 

ерген  шәкірттеріне  бағыт 

-бағдар  көрсетіп,  темір-

қазықтай жарқырай білген 

жандардың бірі философия 

кафедрасының  аға  оқы-

ту шысы,  доцент  Өміртай 

Досаев  болатын.  Бімізге 

әріптес, енді бірімізге ұстаз 

бола білген ардақты азамат 

туралы  ақжарма  сыр  айту 

артық  болмайтын  секілді. 

Себебі ұлағатты ұстаздың 

өмірдегі  және  қызметтегі 

адалдығы  кейінгі  буынға 

үлгі, өнеге. 

Өміртай Досаев - білікті маман, білімді ұстаз, 

сыйлы  әріптес,  сенімді  дос  бола  білді.  Өз  ор­

тасында  ойып  тұрып  орын  алған  азаматтың 

жоқтығы бүгінде ерекше сезіледі. Оның өмірден 

өткеніне  2016  жылдың  5  мамырында  82  жыл 

болады. Қайран уақыт, десеңізші.

Өміртай Сапарғалиұлы 1957 жылы Қостанай 

педагогикалық  институтының  тарих-филоло­

гия  факультетін  бітірген.  Кеңестік  комсомол, 

партия ұйымдарында жұмыс істеді. 1960 жыл­

дары  Қостанай  педагогикалық  институтында 

қызмет істеп, педагог, ұйымдастырушы ретінде 

мол  табысқа  жетті.  Оқу  орнында  оқытушы, 

тарих  кафедрасының  доценті,  декан  лауа­

зымдарын  жауапкершілікпен  атқарды.  Қазақ 

филологиясы  кафедрасының  доценті,  жары 

Күлжамал Жақыповамен бірге тарих-филология 

факультетінің және жоғары оқу орнының тарихын­

да өшпес із қалдырды.  Сол уақыттары Қостанай 

облысының  ау мағында  Ө.Досаевтың  есімі  кең 

таралып, тұрғындар арасында танымалдыққа ие 

болды. 1970 жылдары декан қызметін атқарған 

Ө.Досаев тарих факультетінің студенттері үшін 

үлгілі азамат еді. Кеңес үкіметі кезінде барлық 

жұмыс кафедра арқылы емес, факультеттің бас­

шысы және деканның өзінің қатысуымен жүзеге 

асатын. 

Кез келген жоғары оқу орнының оқыту, ғылыми 

және  қоғамдық  жұмыстары  студент  жастармен 

байланысты.    Педагог  үшін  студент  жастарды 

тәрбиелеу,  білім  беру  үлкен  жауапкершілік. 

Сондықтан  декан  қызметіндегі  азамат студент­

тер  мен  педагогтарға  үлгі  бола  білуі  керек.  Бұл 

тұрғыда Өміртай Сапарғалиұлы зор табысқа жет­

кен болатын. Ө.Досаев басқарған тарих факультеті 

жоғары  оқу  орнын­

да  белді  де  белгілі 

факультеттердің бірі 

болып  қалыптасты. 

Қазіргі  заңгер  не­

месе  экономистке 

қарағанда  тарих 

м а  м а н д ы ғ ы н ы ң 

мәр тебесі  жоғары, 

сұаранысқа  ие  еді. 

Сол кезде білім алған 

тарихшылардың ара­

сынан бүгінгі облысқа 

келгілі басшылар мен 

құқық  қорғау  ор ган -

дарының қыз мет кер

­

лері шықты.



Студенттердің әр-

қайсысын  назардан 

тыс қалдырмай, олар дың қажеттіліктері мен мәсе-

лелерін білуі және оларға көмектесуге дайын тұруы 

сол кездегі декандардың басты ерекшелігі бола­

тын. Декан әр студенттің отбасылық жағдайын, 

қызығушылығын, ұстанымын және әлсіз тұстарын 

да білетін. Осындай артықшылығының арқасында 

Ө.Досаев студенттер арасында сыйлы болды.

Зейнеткерлікке  шыққаннан  кейінгі  он  жылда 

Өміртай  Сапарғалиұлы  философия  кафед-

расының доценті болып жұмыс істеді. Денсаулығы 

нашарлап,  жасы егде тартқанына қарамастан  

соңынан ерген жас оқытушыларға бағыт-бағдар 

берді. Оның жұмысқа кешігіп келген күні болған 

емес,  оқуға  уақытылы  келетін.  Өз  ісіне  деген 

адалдығы, қызметіне деген жауаптылығы көптің 

есінде қалды. Осындай қасиеттері Ө.Досаевты 

өзгелерден  ерекшелеп  тұратын.    Үзеңгілес  до­

стары  мен  әріптестері  арасында  әзілге  жақын 

азамат  ретінде  есте  қалды.  Ол  өмірде  болған 

қызықты  оқиғаларды  тыңдаушысына  әдемі 

әзілмен  жеткізетін.  Жас  мамандар  айналасын 

қаумалап көпті көрген оқытушыдан ақыл-кеңес 

алуға асық тұратын.

Ө.Досаевтан  білім  алған  шәкірттері  Қазақс-

танның,  Қостанай  облысының  әр  аймағында 

еңбек етуде.  Олар ұлағатты ұстаздарын әрқашан 

еске  алып  отырады.  Артынан  ерген  ұрпақтың 

айтқан  жылы  лебіздері  мен  жан  тебірентер 

естеліктері  біздің  ұстазымыз  әрі  әріптесіміз 

Ө.Досаевқа қойылған мәңгілік ескерткіш  секілді. 

Міне, өмірдегі өшпес із дегеннің өзі осы емес пе!

С.ҚОЛДЫБАЕВ,

Философия кафедрасының меңгерушісі, 

философия ғылымдарының докторы

профессор.

14


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Асыл мұра



Қазақтың әдемі әнімен бірге күйі де бар. Ат 

үс тін де жүріп, көшпелі өмір сүрген ата-бабамыз 

домбыраның шанағынан күмбірлете күй төккен.  

Елдің асыл арманын, басынан кешкен талай қиын 

кезеңдерін күй арқылы бүгінгі күнге жеткізген. Қос 

ішектің бірін тарта, бірін сәл-сәл кем бұрап, сай рай 

жөнеледі. Қара домбыраның құдіретін көр мейсіз 

бе! 

Қостанай облысында ұлттық музыкалық ас-

папты құрметтеп, күй өнерін дәріптеп жүрген 

азаматтар баршылық. Солардың бірі, уни вер-

ситетіміздегі  «Өнер»  студиясының  домбыра 

үйір месінің жетекшісі  Ыбырай Есжанов. Ол Ал-

маты қаласындағы Темірбек Жүргенов атын дағы 

қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 

- Өнер жолына қалай келгеніңіз туралы айтып бер сеңіз. 

- Домбыраға деген қызығушылығым бала ке зім-

нен  басталды.  Мектепте  оқып  жүргенде  анам ның 

сонынан қалмай жүріп музыкалық мектепке бар ғым 

келетінін  түсіндірдім.  Анамның  менің  өнерге  деген 

құмарлығымды біліп, бетімнен қақпай қолдау біл дірді. 

Музыкалық мектепті аяқтаған соң, Арқалық қа ласындағы 

Нәзипа Құлжанова атындағы му зы калық колледжге оқуға 

түстім. Жаңа ортаға бейімделуіме көмектескен, бағыт-бағдар 

берген алғашқы ұстазым да есімде.  Ол – колледж оқы-

тушысы Бораш Қазбекұлы болатын.  Сол кісінің жа сап жатқан 

жұмысына қарап шәкірт тәрбиелеуге қы зықтым. Ұстазыма 

қарап еліктедім десем артық айтпаған болар едім.

- Колледжден кейінгі өміріңіз қалай жалғасты? Сту-

денттік кездің қызықты оқиғалары да көп бол ған шығар? 

- Студенттік өмір – кез келген адамның өмірінде ең 

тәтті  кез  ретінде  есте  қалады.  Мен  үшін  де  со-

лай. Консерваторияға оқуға түсуімнің өзі қызық болды. 

Негізі, Астана қаласындағы Ұлттық өнер академия-

сында оқимын деп іштей дайындалып жүрдім. Жеме 

жемге келгенде сол кезде Алматыда оқып жүрген до-

сым  Мейрамбек  «академияға  түскенің  дұрыс  бо-

лады» деп тандауымды өзгертіп жіберді. Бір ауыз 

сөз қайта шешім қабылдауға себепші болды. Осы-

лайша билет алып, Алматыға жол тарттым. Пойыздан 

түскенімде басқа әлемге тап болғанғай күй кештім. Ты-

ныш, жайбарақат өмірге бой үйреткен адамға Алма-

тының қызу тірлігі осындай әсер қалдырды. Досым 

үйден оқуға дейінгі жүретін жолымның картасын сызып берді. 

Солай үлкен қалаға да үйрендім. 



- Өнер тастап басқа іспен айналысқыңыз кел ген 

сәттер болды ма?  

- Бала кезімде  сабағымды да, музыкалық мек теп тегі 

берген тапсырмаларды да орындамай, фут бол ойнап кететін 

кездер жиі болды. Сон дай сәт тері қолыма алғаш рет домбыра 

ұстатқан ұс тазым Бағым Сейітханқызы үйге келіп, са баққа 

өзімен бір ге ерітіп 

алып кететін. Қазір 

сол күн дерді есіме 

алсам  күлкім 

келеді. Есейе келе 

өнер өмір лік сері-

гіме айналды.  



-  Алматы-

ны  өнер  мен 

мәдениеттің ор-

дасы деп атай-

ды.  Сондай 

ортаны тастап, 

Қостанайға ке-

лу іңіздің мәнісі 

неде? 

- Қайда жүр-

сең де туған жер 

ыстық. Кон сер-

ва ториядағы 

оқуымды  аяқ-

таған соң туған 

жеріме, Ар қалық қаласына қайта оралдым. Бірден 

ұс таздарыммен кездесіп қалғанымда Бораш ағай ым 

“мен  сені  бекер  оқыттым  ба?    Енді  шәкірт  тәр-

би елейтін  кезің  келді  ”  деген  болатын.  Сол  сөз 

ой салды. Өз-өзімді қамшылап, Алматыдағы «Қазақ 

кон цертке» жұмысқа орналастым. Кейін жолым түсіп 

Қостанай қаласына келдім. Қазір алаш арысы А.Бай-

тұрсынов атындағы ҚМУ-дың студенттерін өнерге 

баулып жүрмін. Облыстық филармонияда қосымша жұмыс 

істеймін. 

- Студенттермен жұмыс істеген қалай екен? Жас-

тардың өнерге, соның ішінде домбыраға деген 

қызығушылықтары қандай? 

- Университеттің студенттеріне ризамын. ынтасы 

жоғары.  Күн  сайын  “аға  домбыра  шертуді  үй-

ретіңізші” деп келетін студенттерді көргенде қатты қуа-

намын. Осы уақытқа дейін «Қостанай қаласы орыс-

танып  кеткен»  деген  пікірді  достарымнан  жиі 

еститінмін.  Шын  мәнінде  олай  емес  екен. 

То был жағасындағы қалада нағыз ұлтжанды аза-

маттар жетерлік. Студенттермен бірлесе жұмыс істеу 

қиын емес. Жастармен тез тіл табысып кеттік. Шә кірттерімнің 

жеңістерін көргенде марқайып қаламын. 

- Өнеріңіз өрге жүзсін! 

Сұхбаттасқан Жұпар ҚОЖАХМЕТОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті.

Суретте: домбырашылар ансамблінің 

жетекшісі Ыбырай Есжанов.

15

Екі ішектің бірін қатты



бірін сәл-сәл кем бұра

C

M



Y

K

Ортаға салар ой

Жастар мен студенттердің ислам діні тура-

лы білімдерінің төмен болуы олардың радикалдық 

ағымдарға тартылуының негізі

А.Байтұрсынов  атындағы 

ҚМУ жанындағы Этникааралық 

және  конфес сияаралық  келісім 

мәселелерін зерттеу орталығының 

директоры, т.ғ.к.  Ж. Шаукенов

ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев 

Жастар  саясатын  жүзеге  асыруға 

әрқашан да ерекше назар аударып 

келеді. Мемлекеттік жастар саясатын 

жүзеге асыру еліміз-дің дамуының 

басым бағыты болып келген және бола береді. Қоғам мен 

мемлекет үнемі даму үстінде болса, жастардың талап-

талғамы, ой-өрісі бұданда жоғары дәрежеде дамитындығы  

бәрімізге белгілі. Бүгінгі жастар бұдан 15 немесе 20 жыл 

бұрынғы жастардан мүлде бөлек. Сондықтан да қоғам 

мен мемлекет жастардың мүдделерін үнемі ескеріп қана 

қоймай, заманның жаңа талаптары тұрғысынан оларды 

құқықтық, ұйымдастырушылық реттеулер арқылы шешіп 

отыру тиіс.

Президентіміз    Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  Халқы 

Ассамблеясының ХХ  сес-сиясында «Қазақстан - жас 

ел, әрбір екінші қазақстандықтың жасы 30-ға әлі жет-

кен жоқ дей келе, сіздерден зор үміттер күтемін, менің 

жас отандастарым!» деп көрсетті. Мемлекет басшысы 

осы сөзінде жастар саясатын жүзеге асырудың ке-шенді 

бағыттарын ұсынды.

Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет 

жастардың  келешекте  маңызды  салмаққа  ие  болар 

халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. 

Мемлекет меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен 

кәсіпорындардың жас ма-маңдарды  жұмысқа алуы мен 

жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруға; оларды 

қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуге; 

елдің әлеу-меттік-экономикалық дамуы басымдықтарын 

ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін 

мемлекеттік жүйені дамытуға қосымша ынталандыруды 

пайдаланып келеді. 

Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы 

олардың  шағын  және  орта  бизнес  саласын  белсенді 

араласуын,  жас  кәсіпкерлерді,  әсіресе,  фермерлерді, 

ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді оқыту мен 

қолдауды  көздейді.  Қоғам  мен  мемлекет  тарапынан 

жастардың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 

топтарына айрықша көңіл бөлуді талап етіп келеді.

Қазіргі Қазақстанда жастар деп 14 пен 29 арасындағы 

жас азаматтарды айтады. Болашақта жастардың жас 

деңгейінің көрсеткіші өсуі мүмкін. Жастар оқушы жастар, 

ауыл жастары, қала жастары, жас мамандар, студент 

жастар, жас кә-сіпкерлер, жұмысшы жастар және т.б. 

бөлінеді. Жастар әлеуметтік-демография-лық топ ретінде 

және өзінің әлеуметтік құрамы жағынан біртекті емес.

      Жастар кез келген қоғамның болашағы. Сондықтан 

мемлекет  жастар  ісіне  бейтарап  қарай  алмайды. 

Қазақстандағы жастардың жалпы саны 2008 ж. 1 қаң-тарда 

4,5 млн-ға жуық адамды құрап отыр, бұл есеп бойынша 

қазақстандық қо-ғамның құрылымында жас азаматтар 

ҚР халқының жалпы санының 27,8%-ын құрайды. ҚР 

статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес жұмыссыздар 

арасында жастар үлесі (15-24 жас аралығында) 18,5%-

ды құрайды. Жастар құрылымында студент жастардың 

үлесі аз емес. Студент жастар  –  бұл білім алған соң 

ертеңгі күні экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, 

білім салаларында ұстанымға (позиция) ие болатын жа-

стар тобы, сондықтан ол белгілі бір дәрежеде көптеген 

тоталитарлық  және  деструктивті  дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың басты нысанасы болады. 

«Жастар және Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер» 

атты социологиялық зерттеу жүргізілді. Қазақстанда 

шоғырланған  және  таралып  жатқан  жаңа  діни 

ұйымдарға өздерінің оң көзқарасын респонденттердің 

7,9%  білдірді;  2,1%    дәстүрлі  емес  діни  ұйымдарға 

кіргенін көрсеті. Респонденттердің 9,5% оларға деген 

өздерінің  немқұрайлылығын  білдірді,  егер  20,0% 

дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдар туралы еміс-

еміс  естіген  болса,  бейтараптылық  танытқандардың 

жалпы  саны  29,5%  құрайды;  27,5%  дәстүрлі  емес 

діндерді адам және қоғам үшін қауіпті деп көрсетсе, 

сауал бергендердің 28,5% «барлық діндер қауіпті» деген 

жауап берді; 3,7% жауап беруге қиналса, 0,3% ислам-

нан өзге ешқандай дінді мойындамайтының білдірді. 

Біздің көзқарасымыз бойынша, респонденттердің үштен 

бір бөлігі білдірген дәстүрлі емес діндердің адам және 

қоғам үшін қауіптілігі туралы пікірі, сондай-ақ «барлық 

діндер  қауіпті»  деген  жауап  Сайентология  Шіркеуі 

мен Кришна Санасының Қоғамы төңірегінде болған 

аты шулы оқиғалармен және кез келген дінді, соның 

ішінде  дәстүрлі  діндер  -  ислам  мен  православиені, 

түбегейлендіру (радикализация) қауіптілігін түсінумен 

байланысты.

Жастардың Қазақстан үшін ең тиімді діни жағдайға 

қатысты, атап айтқанда, «барлық діндер еш шектеусіз 

тең  құқыққа  ие  болуға  тиіс  пе»  және  «мемлекет 

дінаралық  төзімсіздікті  насихаттайтын  ілімдерге 

тосқауыл  қоюға  тиіс  пе?»  деген  сауалға  қатысты 

көзқарасы  былайша  бөлінді:  респонденттердің  9,0% 

Қазақстан жеріндн еш шектеусіз барлық  діндер, дәстүрлі 

діндермен қатар жаңа діндер де, тең құқыққа ие болуға 

және толыққанды еркін дамуға тиісті деп санайды; 29,4% 

- барлық діндер, дәстүрлі діндермен қатар жаңа діндер 

де, тең құқыққа ие болуға тиіс, бірақ мемлекет зорлықты, 

дінаралық төзімсіздікті насихаттайтын діни ілімдерге 

тосқауыл қоюға тиіс; 32,5% - Қазақстанда дәстүрлі діндер 

– ислам мен христианшылдық басты орынға қойылып, 

дәстүрлі емес діндердің таратылуына жол бермеу ке-

рек; Қазақстан тек бір ғана дінді басты орынға қойған 

ел болуға тиіс – 20,0% (оның ішінде  исламды – 96,7%,  

христианшылдықты  –  3,3%  көрсетті);  жауап  беруге 

қиналғандар – 8,4%;  немқұрайлылық білдіргендер – 0,3%; 

адамға дін қажет емес деген пікірді 0,3% білдірді.

22


C

M

Y



K

Емтиханға қалай 

дайындалу керек?

Психологтар  емтиханға  дайындалғанда  жұмсақ  креслоға  отыруға  болмайтынын 

ескертеді. Міндетті түрде жазу үстеліне отырып дайындалу керек. Үстел үстіндегі жур-

нал,  диск,  косметика  сияқты  заттарды  алып  таста.  Тек  қана  оқуға  қажетті  құралдар: 

дәптер, сызғыш, қарындаш, қалапсапты қалдыр. Муызканы өшіріп, бар зейініңді салып 

дайындалуға тырыс.

Түстің де  әсері бар. Сары, күлгін түстер мидың белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі. Көгіл дір 

түс көңілді тыныштандырады. Жасыл түс жүйке жүйесінің қызметін реттейді. Қызыл түс 

мидың қызметін күшейтеді. Оқу құралдарында аталған түстердің болғаны дұрыс. 

Өзіңді қинама

Әр 40-45 минут сайын 10 минуттық үзіліс жаса. 

Бірақ, жұмсақ диванға жатып, теледидар көруге бол-

майды. Ыдыс-аяқ жуып, қоқыс төгіп, үйдің ішін ретке 

келтіріп, қимыл-қозғалысыңды көбейткен орынды. 10 

минуттық үзілісте ми демалу керек. 



Көзіңе көңіл бөл

Көздің шаршағаны сезілсе, жаттығу жасау керек. 

Кө қарашығын 25 секунд жоғары, 25 секунд төмен 

қозғап, терезеге 2-3 минут қара. Содан кейін 20 се-

кунд таза ақ қағазға қарау керек. 

Дұрыс тамақтан

Дәрігерлер балық, жұмыртқа және сүт өнімдерін 

көбірек пайдалануға кеңес береді. Бұл тағамдарда 

зат  алмасу  процесін  жақсартатын 

кальций,  фосфор  бар.  Лимон,  ананас 

сияқты тропикалық жемістер есте сақтау 

қабілетін жоғарылатады. 

Емтихан күні сұлы немесе қарақұмық 

ботқасын жеп, қою қызыл шайды лимон 

салып ішкен абзал. Бұл күні шоколоад 

жесеңіз  де  пайдалы.  Таңертең  кофе 

ішсең күні бойы тың жүресің.



Қысқаша анықтама жазып ал

Кітап  оқыған  кезде  керек  тұстарын 

бір  дәптерге  жазып  ал.  Химиялық, 

физикалық  формулаларды,  сызба 

нұсқаларды жазып жүрсең, емтиханға 

дайындалу кезінде көмегі көп.



Ұйықтар алдында қайтала

Кешкілік ұйықтар алдында 20-30 ми-

нут бұрын берілген тапсырманы 2-3 рет 

қайталап оқып шық. Таңертең мәтінді 

бір  қарап  шықсаң  жаттағаның  бірден 

есіңе түседі. 



Емтиханға қатысты ырым-тыйымдар

- Емтихан алдында ешкімге ешқандай затыңды 

берме.  Керісінеше,  жолы  болғыш  немесе  жақсы 

оқитын құрбыларыңнан оқуға қатысты болмаса да 

бір затын сұрап ал.

- Емтиханның уақыты жақын қалғанда қымбат 

бұйым сатып алма.

- Кітабың мен дәптеріңді ашық қалдырма. 

Мұндай  ырымдардың  шынайылығы  нақты 

дәлелденбесе де, оны орындау арқылы көңілің жай-

ланады. Мұның өзі сәттілікке бастар жол емес пе! 

Құрметті  жас  достар,  емтиханнан  сүрінбей 

өтулеріңізге тілектеспіз. 

21

Білгенге – маржан 

C

M

Y



K

16

Қоғамдық дәріс   

Айбек Қалиев: «Шәкіртақы үшін оқудың қажеті жоқ!»

Жастар  мәселесі 

қашанда  бірінші  кезек-

те  болуы  тиіс.  Себебі, 

жастарымыздың  жеке 

тұлға ретінде қалыпта­

сып, белгілі бір маман­

дықтың иесі атануы өте 

маңызды.                                         

Қазіргі қоғамда болып 

жатқан жан түршігерлік 

оқиғаларды  ести  оты-

рып оған ешкім бей­жай 

қарай алмас. Осы орай-

да  университетіміздің 

студенттері тұнғыш рет 

Қостанай  қаласында 

қоғамдық  дәріс  өткізді. 

Іс­шара облыс орталы­

ғындағы  Л.  Толстой  атындағы  әмбебап­ғылыми 

кітапханасында  ұйымдастырылды.  Негізгі  тақырып  

­  жастар  саясаты.  Тұнғыш  рет  өткізілген  дәрісте 

айтыскер­ақын Айбек Қалиев сөз сөйледі. Студент-

тер  көкейлерінде  жүрген  сұрақтарын  қойып,    оған 

тұшымды жауап алды.

Айбек ағамыз өзі туралы біраз ақпарат беріп «Жа-

стар белсенді топ болуы керек, әсіресе, қазақ тілді 

жастар мәселесін көтеретін ұйымдар жоқтың қасы»,­ 

деп  баса  айтты.  Сондай­ақ,  жастар  арасындағы 

еліктеушіліктің  басым  болып  бара  жатқанын  тілге 

тиек етті. «Ғылым мен технологияның жаңалықтарын 

күнделікті өмірде пайдаланған дұрыс. Бірақ, өкінішке 

қарай қазіргі таңда қайда барсаңда әлеуметтік желі, 

ғаламтор  дегенге  қатты  назар  аударып  кеттік.  Кез 

келген  отырысқа  барсаң,  бәрі  телефон  шұқылап 

отырады. Осыны мойындаймыз ба!? Бір үйдің адам-

дары  түптің  түбінде  WhatsApp  арқылы  сөйлесіп 

отыратын шығар. Мен айтты дерсіздер, 5 – 10 жыл-

дан кейін адамдар телефонға тәуелділіктен емделе 

бастайтын болады. Бұл енді психологиялық жағынан 

адамдарға әсер етті. Әр жанұяда табиғи байланыс, 

бір­бірімен сөйлесу жоқ. Осы жаппай ауруға айналып 

бара жатырма деген ой келеді». Ал, екінші мәселеге 

айтыскер «Мәселе студенттердің қандай оқу орнын-

да  оқығанында  емес,  сіз  мейлі  Астанада  оқыңыз, 

Алматы, Қостанайда, Арқалықта бірақ, ең бастысы 

жүректеріңізде  ұлтқа  деген,  мемлекетімізге  деген 

жанашырлық  болсын.  Онда  сіздер  мүндетті  түрде 

бір жерден шығасыздар». Студенттердің оқуға деген 

ынтасы жайында да біраз мәселе қозғалды: «Қазіргі 

таңда,    бәрі  бірдей  болмаса  да,  кейбір  студенттер 

степендия алу үшін оқиды. Жасырын емес. Құдайға 

шүкір  степендияларынызды  көтерді.  Жылап­еңіреп 

келеді, бір балл жетпей тұр деп. Ал біліп тұр едім, 

мына  сұрақтың  жауабын,  бірақ  ана  мұғалім  менің 

баллымды төмендетіп қойды деп келмейді, степендия 

ала­алмайтын болдым деп келеді. Бұл жерде мақсат 

басқаша  болып  тұр.  Сондықтан  алдарыңызға  мен 

сол  сабақты  білсем  екен  деп  мақсат  қойыңыздар. 

Үш алсам степендия ала алмай қалам деген оймен 

оқымаңыздар. Ол білім болмайды». Осындай көптеген 

мәселелерді  қозғай келе, 

30  минуттық  лекцияның 

аяғына да жеттік. 

Айтыскер­  ақын  Ай-

бек Қалиев «Ең бастысы 

білімді болсаңыздар дей­

мін,  білімді  ұрпақ  бәрін 

жеңеді» деп сөзін аяқтады. 

Одан әрі студенттер тара-

пынан сұрақтар қойылып 

лекция  сұхбат  ретінде 

өрбіді. Ең алғашқы қойыл­

ған  сұрақ  «Қыз  тағдыры, 

ұлт  тағдыры»  деген  ге 

қалай қарайсыз?»­ болды: 

«Бүгінгі  қыз,  ертеңгі  ана. 

Ол дұрыс тәрбие алмаса 

ертен  қандай  ана  бола-

ды. Көріп отыр ғой көзіміз. Қазіргі кездегі тастанды 

балалар  туралы  айтам.  Қай  ана  өзінің  құрсағын 

жарып шыққан баласын лақтырып кетеді.  Көрінген 

жерге  тастамай,  балалар  үйінің  жанына  апарып 

қойса  қайтеді.  Сосын  тағы  мынадай  мәселе  бар, 

өзге  ұлт  өкіліне  тұрмысқа  шығу.  Әсіресе,  Алматы 

жағында Қытай ұлтына тұрмысқа шығу көбейіп кетті. 

Олардың  ақшасына  қызығуы  немесе  тағы  басқа.  

Карьера құруға асығады. Ең алдымен бірінші кезекте 

отбасын  құру,  бала  тәрбиелеу  тұруы  керек.  Сосын 

барып    жұмыс.  Немесе  екеуін  бірге  алып  жүруге 

де  болады.  Болашақта  бүкіл  ұлтты  тәрбиелейтін 

сіздер. Сондықтан да қарындастарым, осы туралы 

ойланыңыздар». Бұдан басқа: Мал шаруашлығы ту-

ралы, неге сол кәсіпті дамытпасқа, Қазақ жастарының 

поэзиясы қандай, жастар поэзияны қалай дамытуда 

және қазіргі кезде қандай өлеңдер жазылу керек, Диа-

лект сөздерді көркем әдебиетте қолдану, негізгі әдеби 

тілдің құндылығын жоғалтпайды ма, сонымен қатар 

Серпіндіктер  туралы  да  бірнеше  сұрақтар  болды. 

Мұның бәріне де студенттер толық қанды жауап алды. 

Енді  қорытып  айтатын  болсақ,  лекциядағы 

айтылған  сөздер  мен  қойылған  сұрақтардың  бәрі 

қазіргі  қоғамдағы  жастардың  іс­әрекеттері  тура-

лы  мәселелер  болды.  Және  толығымен  ашыл-

ды.  Тындаған  студенттер  осы  лекциядан  керегін 

алғандай,  ойланып,  ойлағанын  ой  елегінен  өткізіп 

шығатындай  әсер  алды.  Сөз  соңын  айтыскердің 

«Мен үшін осы отырғандардың ішінен, бір адамның 

жүрегіне ұлт жандылықты ұялата білсем, сол үлкен 

еңбек  деп  білемін»  деген  болатын.  Ендеше,  осын-

дай ұлтына жаны ашыйтын, «Халқымның табанына 

кірген шөңгір, менің маңдайыма қадалсын»,­ дейтін 

айтыскер­ақынымыздай адамдар көп болсын. Жаста-

рымыз осындай кісілерден үлгі алса дейміз. Лекция 

соңында  студенттер  өздерінің  алған  әсерлерімен 

бөлісіп, болашақ айтыскерлеріміз өз мәселелерімен 

бөлісіп, естелік суретке түсті. Келесі қоғамдық лекци-

яны асыға күтеміз.



Айтолқын ҚАПАН,

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.

C

M

Y



K

C

M



Y

K

ӨӨ 



ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ

 ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет