Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер


Шоқан Уәлихановтың туғанына - 180 жыл



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата29.01.2017
өлшемі11,28 Mb.
#2963
1   2   3   4   5   6

Шоқан Уәлихановтың туғанына - 180 жыл 

Тағдырдың жазуымен қыршынынан 

ерте қиылған жандарды, халқымыз 

жарқ  етіп  сөнген  құйрықты 

жұлдызға  теңейді.  Өткенге  көз 

жүгіртсек, тамырын тереңге жайған 

қазақтың тарихында есімдері алтын 

әріппен  жазылған  тұлғаларымыз 

бар.  Олар  өмірден  ерте  кетсе  де, 

танымалдылықтың шырқау шыңында 

самғаған  қыран  құс,  жан-жағына 

сәуле  шашқан  шам-шырақ  секілді. 

Солардың  ең  бір  танымалы,  халық 

өміріне  сел-соқ  қарамаған  та-

рихи  тұлға  -  Шоқан  Уәлиханов. 

Отыз  жыл  ғұмыр  кешкен  жазушы, 

географ,  ғалым,  саяхатшы,  ақын 

Шоқанның халқына сіңірген еңбегі мол. 

Оның бір ғана «Қашқарияға саяхат» 

еңбегін  алып  қарасаныз,  болашақ 

ұрпаққа берері мол, өлмес сөздерден, өшпес мұралардан 

құралғанына көз жеткізесіз. Шоқан Уәлиханов жас болса 

да, өзінің жан-жақтылығымен өзге адамдардан ерекше-

ленген, жұлдызы бөлек туған жан.

Шоқан туралы мазмұнды мәліметтерді оның балалық 

шағынан бастаған жөн секілді. Оның туған жылы, туған 

жері туралы жаттанды мәліметтерді айтудан аулақпыз. 

Өйткені, оны әрбір қазақ баласы жатқа білуі тиіс және 

жатқа біледі деген сенімдеміз. 

Шоқан  туралы  тың  деректерді  тарих  қойнауынның 

сарқыншағына айналған жазбаларға сүйене отырып, ұқпаққа 

дәріптеу өнегелі іс. Ендеше, тарих тұнығына, өмір шындығына 

бойлай отырып Шоқан шыңына саяхат жасайық. Дәлірек 

айтқанда бала Шоқаннан, аға Шоқанға дейін. 

Шоқанның өз есімі - Мұхаммед-Ханафия екенін білеміз. 

Анасы Зейнеп бұл есімге тілі келмей, сәбиін «Қанаш» деп 

атап кетті, ал халық «Шоқан» деп құрметтеді. Шоқанның 

алғырлығы, зеректігі бала кезінен-ақ байқалған. Жәңгір 

Бөкеев туралы «Алаша» аталатын рудан шыққан Байтоқ 

жырау былай дейді:

 Бір жасына келгенде,

 Тілі шықты кәләммен.

 Екі жасқа келгенде,

 Қолына қағаз алды қаламмен. 

Сол айтқандай, Шоқанды да бір жасынан сөйлеп кетті 

деген әңгіме бар.

Шоқанның төре тұқымынан, Абылай ханның немересі екені 

мәлім. Төре тұқымында, баланы тілі шыққанша бесікке бөлейтін 

әдеті болған. Шоқанның анасы Зейнеп те сол әдетті Қанашына 

қолданған. Мұны біреу білсе, біреу білмес. Бұл жайында, ертеде 

мынадай ел арасында қызық әңгіме болған екен: Бір күні Зей-

неп бесіктегі «Қанашын» қонақ үйде емізіп отырады да, бала 

ұйықтап қалған соң, тысқа шығып кетеді. Сол аралықта үйге 

қонақтар келіп, меймандар «асығыспыз» деген соң мал сойыл-

май, сүр асылады. Тез піскен тамақ қонақтардың алдына келіп, 

табақты айнала отырған көпшілік ет жеуге кіріседі. Сонда 

бесіктегі Шоқан оянып, таңғышынан бір қолын шығарады да, 

бесіктің жабуын шетінен түріп:

 - Әу, қонақтар, мен аш қалмаймын ба?- дейді.

Дауысқа жалт қараған қонақтар, бесікте бөлеулі жатқан 

баланы көреді.

Р а с   а й т а м ы н ,   е т т е н   м а ғ а н   д а 



б е  р і н   д е р !   –   д е п т і   б а л а .   С о н д а 

 біреу лер:

Алла, мынау не сұмдық?!- деп үрейлене бас тапты.



Олардың ішінде Уақ руының беделді биінің бірі Елембай да бар 

екен. Ол «Керей мен Уақтың қай сорына 

тудың екен?»- деп, қампиған қарнынан 

шертіпті де:

  Жұртты  жеп  үйренген 



хан  тұқымы-ай,  енеңнің  шуынан 

арыл  май  жатып  тамақ  тілейсің-ау! 

С ұ  р а у  ш ы н ы ң   т і л і н   к е с !   - д е п 

еді,  мә,  аса!-деп  аузына  қазының 

ұ л п а с ы н   т ы ғ ы п   ж і б е р  г е н  д е , 

бала әуелі сорып жұтып қойған екен. 

Міне,  бала  Шоқан  ту-



р а л ы   қ ы з ы қ т ы   д е р е к т е р 

оның  өмір  де  ерекше  жаратылыс 

иесі екенін дәлелдей түседі. Бұл оқиға 

өмір  шындығынан  алынған  ақиқат  па, 

әлде аңыз ба? Бұл жағы бізге беймәлім. 

Бала Шоқан туралы деректер ескілікке 

айналса да бүгінгілер үшін құнды естелік. 

Шоқанның балалық шағы қазақ үйінде, 

кең  далада,  жазық  жайлауда  өтті.  Жастайынан  әкесі 

Шыңғыспен жер көріп, ел танып, шұрайлы қазақ даласында 

емін-еркін саяхаттады. Барған жерінен бос қайтпаған 

бала Шоқан бір нәрсені үйреніп, санасына түйіп отырған. 

Жазба дерекетерде Шоқанның атасы Абылай ханға 

ұқсағандығы айтылған. Мінезі өткір, батыл, өз айтқанынан 

қайтпайтын қайсарлығы да болған. Әкесі Шыңғыс өзге 

балаларының ішінде Шоқанды артық көріп, өзінің дәуірі 

жүріп тұрған кезде «осы балам орнымды басар» деп үміт 

артқан. Шоқанның мінезі туралы бірнеше мысал келтірсек. 

 Бірінші мысал: Шоқан ауылда сабақ оқыған бала емес. 

Сөйтіп жүріп мұсылманша хатты кішкене күнінен танып 

кеткені бар. Кейін ғалым болған шақта, Шоқанның өз ай-

туынша: әкесі Шыңғыс, 1841 жылы Күрлеуіт- Қыпшақтан 

шықққан  Жұмақұл  ақынға  «Едіге»  жырын  айтқызғанда, 

Шоқан сол жырды қағазға түсірген. Сол кезде Шоқан алты 

жаста болған екен.

Екінші мысал: Шыңғыстың үйінен сол заманның жақсысы 

мен жайсаңы арылмайды екен. Олардың біразы «айыр көмей, 

жез таңдай» аталатын, сөзге шешен-билер. Сондықтан 

бастары қосыла қалса әзіл-оспақ айтысып отырады. Есі 

кіргеннен бастап, Шоқан олардың да сөздерін тыңдауды 

жақсы көре бастайды. Онысын байқаған біреулер, «ат 

болатын тай саяққа, адам болатын бала қонаққа үйір» де-

гендей, Шыңғыстың мына тентегі, түбінде жақсы адам болып 

кетпегей де!» депті.

Міне, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шоқан 

Уәлиханов бала кезіне-ақ көпшілікке үйір, білімге құмар зерек 

жан болған.

Қазақ әдебиетінде алар орны ерекше тұлға, жазушы, ғалым, 

саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына биыл 

180 жыл толып отыр. Қазақ тарихында Шоқан қалдырған мол 

мұра том-том болып жиылып жатыр. Мол мұраны өз ұрпағына 

мұра етіп қалдырған Шоқан әрдайым ізденісті, талпыны-

сты жанына серік етті. Көп ізденісінің, парасаттылығы мен 

ақылдылығының арқасында жастайынан жетістікке жетті. 

Жас ұрпақ Шоқан Уәлихановтай азаматтан үлгі ала отырып, 

оқу-білімге деген ізденістерін арттырса жақсы емес пе. 

Шоқан Уәлихановтың есімі ел есінде мәңгілікке сақталарына 

сенімдімін. Ол қазақ халқынының маңдайына біткен шам-

шырағы. Шоқан Уәлиханов өзі айтқандай: «Ұзақ жасау 

мақсат емес адамға, ел есінде қалу үшін мәңгілік!». Иә, Шоқан 

біз үшін мәңгілік сөнбес сәулеге айналды. 

Мөлдір АМАНБАЙҚЫЗЫ,

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың қазақ фило-

логиясы мамандығының 3 курс студенті

25

C



M

Y

K



Өмір - өнеге

Іскер азамат



Ильященко Виталий Ильич туралы сөз

Мал шаруашылығы ғылымының докторы, про-

фессор Валентин Иванович Пионтковский ғалым, 

педагог, ғылым докторы Виталий Ильященкомен 

сыралғы дос, сыйлас әріптес болған. Сондықтан 

жақын  досының  естеліктерімен  бөлісіп,  кейбір 

деректерді  көпшілік  назарына  ұсынуды  жөн 

көрдім. 

Өз  басым  Виталий  Ильичті  сырттай  ғана  та-

нитынмын.  Кейбір  мерекелік  іс-шараларда 

кездескеніміз  бар.  Екеуіміздің  кәсіптеріміз  әртүрлі, 

қызығушылықтарымыз да басқа болатын. Сол себепті 

ҚМУ-дың ветеринария факультетінде өткен кездесу 

мен  үшін  қызықты  әрі  маңызды  болды.  Аталмыш 

іс-шара  Виталий  Ильичты  еске  алуға  арналды. 

Шағын  конференция  түрінде  болған  шарада  Илья-

щенко туралы қысқаша фильм көрсетілді. Оның көзі 

тірісінде алған марапаттары, дипломдары көпшіліктің 

назарына  ұсынылды.  Соның  ішінде  «Хрестоматия 

для начинающих»: «Плетение из ивы» атты еңбегін 

ерекше атап өтуге болады. Автор бұл кітапты жазып 

кеткенімен,  оның  жарыққа  шығуына  достары  мен 

әріптестері көмектесті. Басталған істі соңына дейін 

жалғастыру  –  марқұмға  қойылған  ескерткішпен 

тең. 


Шағын конференцияда Ильященко туралы жылы 

лебіздер айтылды. Көпшілік шын жүректен ақтарыла 

сөйлеп,  замандас  туралы  ақжарма  сыр,  өнегелі 

әңгімелерімен  бөлісті.  Факультет  басшылары  еске 

алып отырған азаматтың адамгершілік қасиеттері мен 

іскерлік қырына тоқталды. Сол сәтте залда отырған 

көрермендердің  бірі  «Тебірене  еске  алып  отырған 

азамат шын мәнінде қандай болды екен?» деді.

Иә, Ильященко Виталий Ильич қандай адам болды 

және соңына не қалдырды?

Ол Ұлы Отан соғыс басталған уақытта, 1942 жылы 

Талдықорған облысында теміржолшының отбасында 

дүниеге келген. 1959 жылы мектепті аяқтады. Мектепті 

бітірген соң, Семей қаласының зооветеринария ин-

ститутына оқуға түсті. Ветеринариялық факультетін 

үздік  бағамен  тамамдады.  Жоғары  оқу  орнын  В.И. 

Пионтковскиймен бірге бітіріп, қостанайлық ҒЗВБ-ға 

(ғылыми-зерттеу ветеринарлық бекетіне) жолдама-

мен жіберілді, сонда үш жыл қызметін атқарды. 1967-

68 жылдары Кеңес армиясының қатарында болды. 

Мәскеу әскери дуанында, музыкалық бөлімшесінде 

азаматтық  борышын  өтеген.  Оның  өмірдерегімен 

таныса  отырып,  жан-жақты  азамат  болғанына  көз 

жеткізесіз.

Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, Мәскеу бүкілодақтық 

ғылыми-зерттеу  ЖОО-ның  ветеринарлық  санита-

рия  аспиранты  болды.  1972  жылы  ветеринария 

ғылымының  кандидаттық  диссертациясын  қорғап, 

Қостанай ҒЗВБ-не қайта оралып, ұзақ жыл абырой-

лы қызмет етті. Еңбек жолын ғылыми қызметкерден 

бастап, паразитология зертханасының меңгерушісі, 

ғылыми  жұмыс  басшысының  орынбасарына  дейін 

көтерілді.  Қызметтегі  мансабы  жоғарылағанымен, 

адамдық қасиетін жоғалтқан емес. Виталий Ильичтің 

ерекшелігі  қызметтегі  жетістіктері  не  болмаса 

кішіпейілділігінде  емес,  ол  іскер  азамат.  Ол  өзінің 

мамандығына жан-тәнімен берілген жан. 

Құжаттардағы  деректерге  сүйенсек,  В.Пионт-

ковскийдің  анықтамасында  «В.И.  Илья щенконың 

ғылыми  қызметінің  негізгі  бағыттары  -  мал  мен 

құстардың  архно-энтомоздық  ауруларының  алдын 

алу және күресу жолдарының талдамасын анықтау. 

Қазіргі уақытта ветеринарлық практикаға енгізілген 

«Аэрозоль-циодрин», «Аэрозоль-дифезил», «Валь-

фартол»,  «Вольфазоль»  деген  дәрі-дәрмектердің 

ғылыми  талдамасы  үшін  бес  авторлық  куәлікке 

ие  болды.  Осы  кісінің  бастамасымен  1980  жылы 

Швейцария  елінен  «Ивомек»  дәрі-дәрмегі  әкелінді, 

аталған препарат қазіргі кезде мал мен құстардың 

әртүрлі  паразитарлық  ауруларымен  күресуде 

қолданылады.  Сол  кісінің  арқасында  ҚСРО-да 

саркоптоидтық(қышыма)  кенелердің  түрлі  жастағы 

электрондық  микроскоптан  шыққан  фотосуреттері 

алынып,  жарияланды,  бұл  бастама  паразиттердің 

морфологиясы  және  биологиясы  туралы  жаңа 

мәліметтер білуге көмек берді. Оның зерттеулеріне 

көптеген  шетелдік  ғалымдар  мен  ғылыми-зерттеу 

орталықтары қызығушылық танытты»-деп жазылған.

Виталий  Ильич  күні  бойы  кабинетте  отыратын 

ғалым  болған  емес.  Ол  әріптестеріне  көмек  беру-

ге  әзір  тұратын.  Сондай  сәттердің  бірін  Сұлукөл 

госплемсовхозының бұрынғы бас мал дәрігері Муста-

фин тебірен еске алады. «Бірде қыс мезгілінде, бір 

отар қойда қышыма пайда болды. Совхозға келген 

Ильященко  емдеудің  ерекше  тәсілін  көрсетіп,  осы 

жұмысқа өзі де білек сыбана кірісіп кетті. Сол кісінің 

талабы  бойынша,  желтоқсан  айында  қарапайым 

құралдардың  көмегімен  қойларды  шомылдыруға 

шешім  қабылданды.  Бұл  жұмыс  120-18  метрлік 

қоймада жүзеге асты. Бұл қалай іске асты дейсіз ғой? 

Себебі далада -40 градустық қақаған аяз. 

Мұндай ерекше тәсілді жүзеге асыру үшін Қостанай 

12


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Өмір - өнеге

қаласынан ұшақтарды жылытуға арналған генератор-

лар әкелініп, үш тәулік бойы бір отар қой тоғытылды. 

Ильященко бұл жұмыстың басы-қасында болды. Ал 

қазіргі мамандар қандай? Босқа ақыл айтып, жұмыс 

басталмай жатып кетіп отырады. Ал бұл кісі бәрін өз 

қолымен жасады. Сол уақыттары біз дуст қосылған 

дәрі-дәрмекті қолдандық. Ал қазіргілер аға буынның 

маңдай термен жасаған жұмыстарын білмейді. 

Қазіргі  қойшылар  ақсаусақ  болып  алған.  Ешкім 

қойларды шомылдырмайды. Ильященко қой тоғыту 

жұмысына өзі де кірісіп, өзгелерге үлгі болды».

Ветеринарлық  дәрігер  Мұстафиннің  айтуы  бой-

ынша, Виталий Ильич жаңалыққа жаны құмар жан 

болған.  «Ол  маған  алғаш  рет  кемелерді  көрсетті. 

Бірде: «Ғажап дәрі-дәрмек түсті» - деп айтты. 

- Қандай екен? 

- Тірі тканьдарды жабыстыратын желім. 

- Мүмкін емес. Бірақ біз зерттеу жүргіздік. Жараны 

желімдедік. Керемет нәтиже берді. Жаңалыққа асық 

тұратын азамат талдан тоқыма тоқу өнеріне де жол 

ашқан болатын». 

Ильященко барлығына қызығушылықпен қарайтын. 

Әсіресе, тарихты білуге құмар болды, өлеңдерді кере-

мет оқыды. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын адам еді. Нағыз 

іскер азамат десек артық болмас. Көзі тірісінде 85-тен 

астам  ғылыми  жұмыс  жазды.  «Скорая  ветеринар-

ная помощь» (2005) атты монографиясын ұстаздық 

қызметінің үлкен жемісі деп есептеуге болатындай. 

Ол  Одақ  деңгейіндегі  жоғары  оқу  орны  Қостанай 

ауыл  шаруашылық  институтында  жұмыс  істеді, 

ал  АШИ  мен  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық 

институты  біріккен  соң,  А.Байтұрсынов  атындағы 

ҚМУ-да  еңбек  жолын  жалғастырды.  Осы  жерде 

«Мал шаруашылығындағы азық-түлікті өндеу техно-

логиясы» кафедрасының меңгерушісі болған, кейін 

«Клиникалық  пәндердің  кафедрасын»  басқарды. 

Бірақ  ғылым  туралы  ұмытқан  емес.  Ғылыми 

зерттеулері бойынша 1993 жылы Санкт-Петербургтың 

Ветеринария  институтында  биология  ғылымының 

докторы дәрежесі үшін диссертация қорғап шықты. 

Соның негізінде қатардағы оқытушыдан гөрі, білікті 

ғылыми меңгеруші ретінде танылды. Ұзақ жыл досы, 

әріптесі  болған  В.И.  Пионтковский  былай  деген: 

«Ильященконың  жетекшілігімен  үш  кандидаттық 

диссертация жазылды және қорғалды, студенттердің 

көптеген  ғылыми  және  дипломдық  жұмыстары 

студенттік конференцияларда жоғары бағаланды.

Ақыл-парасаты,  білімі  және  еңбекқорлығының 

арқасында Виталий Ильич Ильященко студенттердің, 

магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың 

және  университет  қызметкерлерінің  құрметіне  ие 

болған.  Ол  біздің  кафедрамыздың  мақтанышына 

айналды. Қиындыққа мойымайтын, шындықты жақсы 

көретін адам».

Ветеринария  факультетінің  қазіргі  деканы,  ве-

теринария  ғылымының  докторы,  профессор  Тегза 

Александра Алексеевнаның айтуынша, В.Ильященко 

оқуға деген ынта-ықыласы бар студенттерді жанына 

жинайтын.  Мысалы,  көп  студенттердің  арасынан 

Любовь Степановнаны өзінің шәкірттерінің қатарына 

қосты. 

«Мен жоғары оқу орнына келгенде, жасым қырыққа 



жақындаған еді. Сонымен қоса көпбалалы анамын. 

Қаншама профессорларға жолықтым, бірақ барлығы 

мені қабылдаған жоқ. Бірде В. Ильященко менен: «Лю-

бовь Степановна, сіз менің оқушым болғыңыз келе 

ме?»-деп сұрады. Осылайша менің еңбек жолым баста-

лып кетті. Көп балалы ана үшін кандидаттық диссерта-

цияны қорғау оңай жұмыс емес. Оған қоса, В. Ильящен-

ко жұмыстың жазылуына қатаң бақылау жасады. Бір 

мәтіннің өзін 7, 10, 12, 14 рет оқып шығатын. Сондықтан, 

диссертацияны  жазбас  бұрын  бір  жыл  бойы  орыс 

тілінің стилистикасын оқып шықтым. Жұбайым Питер 

де маған көмектесті. Диссертация жазылып біткен соң, 

Уфа қаласына барып, қорғадым. Сондай байқағаным, 

Виталий Ильичтен кейін қойылған сұрақтар өте оңай 

болып көрінді. Себебі оның ғылыми көзқарасы терең, 

айтар ойы мағыналы болатын».

Еске алу кешінде айтылған лебіздерден Ильященкоға 

деген  құрмет  байқалды.  Ильященко  өзгелерден 

қызметке адалдығы, нақтылығы сияқты қасиеттерімен 

ерекшеленеді. Мұндай қасиеттер еңбекқор жандарға тән. 

Ол өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында кейінгі толқынға 

үлгі болды және үлгі бола береді де. 

Оқырмандар осы айтылған әңгіменің мәдениет са-

ласына қандай қатысы бар деп ойлауы мүмкін. Мұндай 

сауалдың туындауы орынды. Бірақ, өзге кәсіпті меңгерген 

азаматтардың  еңбек  жолындағы  табыстары  мен 

қызығушылықтарын баяндасақ, әбестік болмас. Оған 

қоса, В.И. Пионтковскийдің сөзін еске алсақ, «Ильященко 

жан-жақты дамыған кісі болған. Баянда, үрмелі аспап-

тарда керемет ойнаған. Суретті тамаша салған тарихты 

жақсы білген».

Ильященко  осындай  жетістіктерімен  ғана 

ерекшеленбейді. Ветеринария оның өмірінің бір бөлігі 

ғана. Оның негізгі ермегі талдан тоқыма тоқу. Тоқсаныншы 

жылдары халықтың күнкөрісі нәшарлап, табыс табу 

қиындап кетті. Сол кезеңде Виталий Ильич талдан 

тоқыма жасау өнеріне жол ашты. Талдан бұйым жасау 

атақты профессордың жанына жақын іс болып шықты. Ол 

өзінің қолөнер бұйымдарын кейбір адамдарға сыйлыққа 

тарту еткен. Кафедрада профессордың қолынан шыққан 

сыйлықтарды алмаған әйел кем де кем.

Ильященко талдан тоқу өнерінің шынайы шебері 

болды. Нәтижесінде 13 мың бұйым жасап шықты. 

Көптеген  туындылары  Германия,  Болгария,  Из-

раиль  сияқты  елдерге  тарап  кетті.  Мұның  бәрі 

шеберханасыз, қарапайым пәтерде жасалды. Вита-

лий Ильич талдан тоқыма тоқу үшін шыдамдылық 

және жас келіншектің нәзік, музыканттың шапшан, 

тері  илеушінің  мықты  қолы  керек  деп  есепте-

ген.  Сондықтан  әрбір  туындыны  жасауда  аса 

мұқияттылық танытқан. 

Талдан тоқыма тоқу өнері ежелден отбасылық 

қолөнер  болып  саналған.  Оны  меңгерген 

жасөспірімдер көшеде бей-берекет жүруден тиылып, 

жаман  әдеттерден  сақтанады.  Уақытының  көбін 

үйде өткізіп, пайдалы іспен айналысады. Сондықтан 

профессордың қызығушылығына айналған тоқыма 

өнерін қазіргі жастарға насихаттасақ ұтарымыз көп. 

Десек  те,  әркімнің  өзінің  айналысатын  сүйікті  ісі 

болады. Виталий Ильич айтқандай, өзінің қабілетін 

дамытпаған  адам  жалғыз  қанатты  құс  секілді. 

Сондықтан, қарым-қабілеттеріңізді шыңдап, табиғат 

берген талантты ұштаудан қорықпаңыздар. 

Ю.Бондаренко,

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры

13

C



M

Y

K



Кәсіподақ – қозғаушы күш

Қолдаушымыз да 

қорғаушымыз да кәсіподақ

Біздің    оқу  ордамыздың 

«Қызметкерлер мен білім алушы-

лар» кәсіподақ  ұйымының тари-

хына келетін болса 1939 жылдан 

бастап жұмыс істеп келеді.

С т у д ен т т е р д і ң   к ө п   б ө ­

лі гіне  осы  ұйымның  жұмы сын, 

міндетін,мақсатын  білу  қызықты 

д е п   ой л а й м ы н.   С ә т і   т ү с і п 

университетіміздің  кәсіподақ 

ұйымының төрағасы Нұрлан Бекен­

таев мырзамен жолығып, ойымда 

жүрген  көкейтесті    сұрақтардың 

жауабын  тауып, ой қорытқан бо­

латынмын.                                                        

Осы аталып өткен ұйымның алды­

на қойған мақсаты,міндеті,жоспары 

бар.Кәсіподақ  ұйымының  негізгі 

міндеті  «жұмыс  беруші  мен 

қызметшілердің»  арасындағы 

келісім­шарт жүргізу, студенттердің 

құқығын  қорғау,әлеуметтік  салаға 

ықпал  ету  және  көңіл  бөлу.Осы 

ұйым ардагер ұстаздар мен ардагер қызметкелердің 

ықпалымен  құрылған.Студенттерге  әлеуметтік 

және  экономикалық  қолдау  танытып,студенттер 

өз  қажеттіліктерімен  қамтамасыз  ететін  кәсіподақ 

ұйымы барынша қолдау көрсетуде.Студенттік өмірді 

бастаған әрбір азамат пен азаматшаның отбасылық 

жағдайына,денсаулығына  байланысты  мәселелер 

туындап  жатса,әлеуметтік  көмек  көрсетіледі.Айта 

кететін болсақ  жағдайы төмен отбасынан шыққан,ата 

­  анасы  жоқ  студенттерге,денсаулығы  нашар 

студенттерге,көп балалы үйден шыққындарға және 

жанұялы  болған  студенттерге  жағдайлар  жасалы­

нады.Оқуды  үздік  оқығандарға,өнерден  құралақан 

емес, студенттерге және спорттан биік белестерден 

көріне  білген  студенттерге  университеттің  арнайы 

шәкіртақылары  мен  елімізден  шыққан  атақты 

ғалым Кенжеғали Сағадиев пен Ахмет Байтұрсынов 

атындағы  шәкіртақылар  беріледі.Оқу  ордамызда 

басқа ұлт өкілінен шыққан студент,қазақ тілінде білім 

алатын болса,ол студентке арнайы жеңілдіктер де бар.

Кәсіподақ  ұйымы білімге деген құштарлығы зор,бірақ 

мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды назардан тыс 

қалдырыпта жатқан жоқ.Осы биылғы оқу жылында 

Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  келген  II  топтағы 

мүгедек 1­курс студенті өзінің дәрігерлік анықтамасы 

бойынша  тіркеуге  тұрып  кәсіп  одақ  ұйымынан 

қолдау  тауып  ,солардың  назарында  болады.Айта 

кететін  болсақ  ол  студентке:  медициналық,әлеуме

ттік,материалдық,қаржылай  көмектер  көрсетілуде.

Оқу  орынымызда  бір  үйден  2­3  бала  білім  алатын 

болса,олар  жатаханада  отбасылық  жанұя  ретінде 

бір  бөлмеден  орын  беріп,әлеуметтік  жеңілдіктер 

жасалынады.Нұрлан Бекентаевтың  биылғы оқу жы­

лында студенттер 100% жатаханамен қамтылғанын 

алға  тартады.Университетімізде  оқу  мен  жұмысты 

бірге алып жүремін деген студенттерге жұмыс беру 

«Жасыл ел құрылыс отряды» бағдарламасы бойын­

ша жүзеге асуда.Кәмелет жасқа толған студенттерге 

қойылатын  басты  талап  оқу  үлгерімінің  нашарлап 

кетпеуі және  басшылық назарында болады.Ол үшін 

әлеуметтік жағдайының  болмаса оқу ақшасын төлеу 

үшін жұмыс істейтіні туралы университет деканына 

өтініш  хат  жазып,жұмыспен  қамтыланады.  Қазіргі 

танда  «кәсіп  одақ»  ұйымы  жастардың  бойындағы 

патриоттық  сезімді  ояту  мақсатында  түрлі  мәдени 

іс­шаралар  жүргізуде.Оқу  орынымызда  Қазақстан 

ассамблясы,Конститутция,Қазақ  хандығының 

550жылдықтары  сияқты  айтулы  мерекелік  мәдени 

іс­шаралар  өткізіліп    жатыр.Қазақстанда  көп  ұлт 

өкілдері  тұратындықтан  елімізде  бибітшілік  пен 

халықтың денсаулығы басты орында тұрады.Ұлтқа, 

ұлысқа бөлінбей,бір үйдің балаларындай бір жағадан 

бас  шығарып,бір  жеңнен  қол  шығарған  универси­

тет  студенттері,кәсіподақ  ұйымымен  біріге  отырып 

өздерінің әлеуметтік­экономикалық  мәселелерін ше­

шуде.Қазіргі таңда кәсіп одақ ұйымы университетте 

және де студенттер арасында маңызды рөл атқаруда.

Қоғамда кәсіподақ ұйымы ерекше орын алады және 

оған оң баға беруге болады.

Университет  құрылғаннан  бастап  жұмыс  жасап 

келе жатқан кәсіподақ ұйымның 75 жылдық тарихы 

бар .        

                                                                                                            

Шаттық  ЖОЛДИЕВ, 

                                               ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс студенті

24


C

M

Y



K

C

M



Y

K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет