Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата29.01.2017
өлшемі11,28 Mb.
#2963
1   2   3   4   5   6

Қостанайда жасалған

C

M

Y



K

ӨӨ 


ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ

 ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ



Ер есімі - ел есінде

болып, айырылып шықпай, қонысына қарай жамы-

рап бөлінген. Қазақ даласында қалған қыпшақтар 

қазақ  болған,  башқұрт  жеріндегі  қыпшақтар 

башқұрт  болған,  өзбек  жеріндегі  қып¬шақтар 

өзбек  болған.  Каңлының  бірсыпырасы  қазақ, 

бірсыпырасы  осман  түркі,  бірсыпырасы  башқұрт 

болған  деп  жоруымыз  керек.  Түріктің  өз  тілінде 

ескі  заманынан  бері  жазылып  келе  жатқан  тарих 

жоқ, түрік тарихы басқа халықтардың жазып кеткен 

кітаптарынан  ғана  құралып,  жазылып  жүр.  Басқа 

халықтар  түріктерді  әрқайсысы  өзінше  атаған. 

Басқа  халықтардьң  ескі  түрік  халқы  тақырыпты 

жазған  кітаптарында  «қазақ»  деген  халықтьң  ай-

тылмауы, ол кездегі қазақ халқын «қазақ» демей, 

өзінше бірдеме деп атауы мүмкін деп жорысақ, XV 

ғасырдан да бұрын қазақ халқы өз алдына ел бо-

лып, қазақ атанып жүрген болар деуге сияды. Бірақ 

бұл екі пікірдің дәлелдерін салыстырғанда алғашқы 

пікірдің дәлелдері салмақтырақ болса керек.

Бұлай  қазақ  халқы  Шыңғыс  ханнан  кейін,  XV 

ғасырдан  бастап  қана  қазақ  атанып,  өз  алдына 

ел  болған  деп  сенсек,  қазақ  тарихын  жазушы 

сол  XV  ғасырдан  бастап  жазуы  керек.  Бірақ  бұл 

күнде «қазақ» атанып жүрген ел XV ғасырдың ар 

жағындағы мүлде жоқ емес, тек басқа түріктерден 

шегі ашылмай, солармен бірдей түрік болып жүрген. 

Сондықтан  қазақ  тарихын  жазғанда,  қазақтың 

бабасы  ескі  түрік  туралы  ештеме  айтпай  кетуге 

болмайды.

Ескі тарихтарда түркі халкы Исадан бұрын VIII 

ғасырларда  Алтай,  Саян  тауларының  арасында, 

Шынсы, Ғансу деген, бұл күнде Қытайға қарайтын 

жерлерде көшіп жүретін ел дейді. Қытай тарихшы-

лары бұл түріктерді «жүн» деп атаған. Бұл жүндер 

көп уақыт Қытайға шабуыл жасап, дамыл берме-

ген.  Түріктің  шапқынынан  құтылу  үшін  Қытайдың 

«Шың-Шиһуанғыты»  деген  патшасы  жерінің  түрік 

жақ  шегіне  ұзындығы  3500  шақырым  тас  қорған 

салдырған.  Бұл  қорғанды  салдырғанда  түрікке 

қарсы  500000  мың  кісілік  әскер  күзетте  тұрып,  4 

миллиондай  адам  қызмет  қылған.  Бірақ  Қытай 

түрікті бұл қорғанмен де тоқтата алмады. Қорған 

салынып  болғаннан  кейін,  үш  жылдан  соң,  Иса-

дан 210 жыл бұрын түрік әскері қорғанды бұзып, 

Қытайды жаңадан шапқан. Бұл дәуір (Исадан бұрын 

III ғасыр) қытайша «Һұн» аталған. Ескі түріктердің өз 

алдына бөлек бірзор патшалық болған дәуірі. Қытай 

жазушылары ескі түріктің түрлі руларын һұн (ғұн) 

патшалығын жасаған. Ең алғашқы һұн ханы (патша-

сы) «Мәті» хан дейді. Мәті ханның билеген түріктері 

Қытай тарихшыларының айтуынша, «тұды» (оғыз), 

«қазақ», «юешши», «ұсын», «қырғыз», «ұйғыр» де-

ген руларга бөлінген. Мәті хан Һұн (ғұн) патшалығына 

негізгі заңдар (патшалық құрылысы, конституция) 

шығарған. Мәтінің заңдары бойынша, патшалық 24 

бөлімге  (губерния  есебінде)  бөлінген.  Әр  бөлімді 

басқаратын  «уаңқы»дейтін  әкімдер  қойылған. 

Әр  уаңқының  қарамағында  мың  үйді  билейтін 

«мыңбасылары», жүз үйді билейтін «жүзбасылары» 

болған. Мәтінің бұл заңдары Мәтіден көп уақытқа 

шейін  түрлі  түрік  патшалықтарында  қалмай 

қолданылып жүрді. Әбілғазы ханның шежіресінде 

әр түріктердің ескі ертегілерінде айтылатын «Оғыз 

хан, тарихшылардың жоруынша, осы Мәті болуға 

тиіс. Өйткені қытай тарихшыларының Мәті хан ту-

расында жазған әңгімелері түгелімен ертегілерде 

айтылатын Оғызға дәл келеді. 

Мәтінің  баласы  Лаушеншуй,  немересі  Гуншеннің 

заманында һұн патшалығы бұрынғысынан да зорай-

ып, түріктің бұрын бағынған басқа руларын да тегіс 

өзіне  қаратып  алған.  Һұн  патшалығына  бағынғысы 

келмей, соғыс ашқан бірсыпыра рулар һұн әскерінің 

тізесіне  шыдай  алмай,  бұрынғы  қоңысынан  босып 

шығып кеткен. Бұлай жерінен айырылып, босып кет-

кен  рулардың  бірі  –  юешши.  Бұлар  Исадан  бұрын 

160-ншы  жылдарда,  Лаушеншуйдің  заманында 

қонысынан айырылып, Алакөл еліне, басты осы күнгі 

даласына  келіп  орналасқан.  Сол  уақыттан  бастап 

қазақ даласы ғундардан қашып шыққан басқа түркі 

руларының қонысы болған юешшилердің артынша, 

солардың  ізімен  қазақ  даласына  үйсіндер  келген. 

Сөйтіп, бірте-бірте қазақ даласына түрлі түрік рулары 

жиыла берген.

Мәтінің заманында ғұн патшасы Қытайды шауып, 

қытай  патшасы  Мәтіге  алым  төлейтін  болып  еді. 

Мәтіден кейін Лаушеншуй, Гүншендердің заманында 

Қытай  ғұндардан  қорғалып,  тыпыр  ете  алмайтын 

еді. Мұнан кейін Исадан бұрын 120-ншы жылдарда 

Қытай  жаңадан  басын  көтеріп,  ғұндардың,  Тарым 

бойындағы жерін тартып алып, ғұн патшалығын екі 

бөліп жіберді. Мұнан кейін ғұндар өзара жанжалда-

сып,  бұрынғы  ғұн  патшалығы  бірте-бірте  кішірейе 

береді.  Ғұннан  бөлініп  шыққан  түріктер  қазақ  да-

ласына жиыла береді. Ақырында қазақ даласында 

күнбатыс  ғұны  аталған  екінші  түрік  патшалығы 

құрылады. Бұл күнбатыстағы ғұн патшалығы зорая-

зорая, Исадан соң IV ғасырда Атилла деген ханның 

заманында  Еуропаға  аттанып,  сол  кездегі  Еуропа 

елін талқан қылған.

Күнбатыс ғұнмен қатар қазақ даласында жиылған 

түріктерден юешши һәм қаңлы патшалықтары болған. 

Юешшилер қазақ даласынан оң тұсқа қарай жылжып 

(Исадан бұрын I ғасыр), Ауғанды шауып алған. Онан 

кейін,  Исадан  10  жылдай  бұрын  Үндістанның  да 

бірсыпыра жерін өзіне қаратқан. Юешшилер Исадан 

кейін VI ғасырға шейін зор патшалық болып тұрды. Ол 

кезде юешшилерге қараған жер күншығыс Түркістан, 

оңтүстік Түркістан, Бактриян, Соғдиян, теріс тұстағы 

шеп Самарқанд еді.

Қаңлы  Мәтіден  көп  ұзамай-ақ  (Исадан  бұрын 

II  ғасырда)  осы  күнгі  қазақ  даласында  өз  алдына 

патшалық  болған.  Қаңлы  патшалығы  зорая  келе 

Еуропаның күншығысында, Орал тауындағы елдер-

ге де әмірін жүргізген. Ол жердегі фин нәсілі «ян», 

«янытсай»  деген  халықтар  қаңлыға  алым  төлеп 

тұрған. Қаңлының ықпалы ол заманда өте күшейіп 

тұрған  Қытайға  да  жүрген.  Тарихшылар  қаңлыға 

келген қытай елшілерін қаңлылар менсінбей, «үйсін» 

елшілерінен төмен отырғызғандарын жазады (Исадан 

бұрын  20  жылдар  шамасы).  Қаңлы  Исадан  соң  VI 

ғасырға шейін осылай аса ірі патшалық болып тұрған.

Бұл  юешши,  қаңлы  патшалықтарымен  қатар, 

Орта Азияда басқа түрік патшалықтары да болған. 

Мәселен,  Тянь-Шань  тауына  шейін  жазылған  үйсін 

патшалығы болған. Үйсіндер тарихшылардың жору-

ынша, қазақтың үйсіні болуға тиіс.

Ескі  түріктердің  ғұндардан  кейін,  сол  ғұн 

патшалығындай,  дұрысында  онан  да  артық  зор 

17


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ер есімі - ел есінде 

пат¬шалық болғаны - оғыздар. Бұларды қытай жа-

зушылары «токио» депті. Бұл «р» –ға тілі келмейтін 

қытайлардың  «түрік»дегені.  Оғыздар  әуелі  ғұн 

патшалығына  бағынып,  Алтай  тауының  оңтүстік 

етегінде  көшіп-қонып  жүретін  еді.  Күншығыс  ғұн 

патшалығы бітіп, күнбатыстағы ғұндар Еуропаға ауып 

кеткен соң, бұлар 500 жылдап сайны, жужан деген 

елдерге  бағынып  тұрды.  Исадан  кейін  VI  ғасырда 

оғыздар жужан патшалығына қарсы көтеріліп, оларды 

жеңіп, әкімшілікті өз қолдарына алды. 560-ншы жыл-

дарда Кегене ханның заманында оғыздарға қараған 

жердің күншығыс шеп Ұлы мұхит, күнбатыс осы күнгі 

қазақ даласы, оңтүстік шегі шамо, теріс тұсы «теріс 

түстік теңіз» (мұны бірсыпыра тарихшылар Байкал 

теңізі болар деп жориды) болған. Жоғарыда айтылған 

юешши, қаңлы осыны һәм басқа өз алдына патшалық 

болып  жүрген  түркі  рулары  ол  кезде  оғыздарға 

бағынған. Қытай патшалығы оғыздарға алым төлеп 

тұрған. Оғыз хандары Ром патшалығымен қатынасып, 

біріне-бірі елші жіберіп, сауда жүргізіп тұрған.

VII  ғасырдьң  басында  бұл  оғыз  патшалығы 

күн¬шығыс оғыз, күнбатыс оғыз болып екіге бөлінді. 

Күншығыс оғыздардың ханы «хан» атанып, күнбатыс 

оғыз  бөлек  патшалық  болғанымен,  соған  бағынып 

тұратын  болды.  Күншығыс  оғыз  630-ншы  жылы 

Қытаймен соғысып, жеңіліп, бірнеше уақ хандықтарға 

бөлініп, біраз уақыт Қытайға бағынып тұрды. 681-нші 

жылы не бар күншығыс оғыздары Елтеріс ханға еріп, 

Қытайға қарсы көтеріліп, оның құлдығынан құтылып, 

Қытайдан  зор  патшалық  болды.  Күншығыс  оғыз, 

әсіресе, Мошо, Күлтегін хандардың заманында өте 

зорайып, көрші елдерге ықпалын жүргізіп, айтқанын 

істеткен.

Күншығыс оғыздардың ол кезде саяси ісіаса ілгері 

басып кетуіне себепші болған, сол кездегі хандардың 

бас  уәзірі  Тоныкөк.  Мұның  істеген  істері  екі  тас 

бағанның  бетіне  жазылған.  Қазақ  тарихын  жазып 

жүрген Шовлушенков Тоныкөкті «түріктің Бисмаркі» 

дейді.

Исадан кейі’н VIII ғасырда оғыздар ішінен бөлініп, 



сонан кейін бұрынғыдай дәуірлей алмай бұлардың 

ішінен  бұзылып,  нашарлауына  соқты,  жаулары  да 

күшейіп, 745-нші жылы күншығыс оғызды қытай мен 

ұйғырлар  қосылыпжаулап  алды.  Күнбатыс  оғыз 

Қытаймен соғысып жатқанда, екінші жағынан арабтар 

келіп, VIII ғасырда бұлар да бітті.

Оғыздан кейін Түркістан мен Иранның көп жерін 

араб  алып,  Орта  Азиядағы  түрік  патшалықтарына 

да көп уақыт арабтардьң ықпалы жүріп тұрды. Ол 

кезде түрік халықтарының өз алдына ел болғандары: 

қырғыз, ұйғыр, тоғыз оғыздар. Бірақ бұлар бұрынғы 

оғыздардай  болып  дәуірлей  алған  жоқ.  Көп  уақыт 

бұлардан  арабтар  үстем болып келді.  X  ғасырдың 

ішінде  тоғыз  оғыздар  күшейіп,  онан  кейін  селжұқ 

түркі  шығып,  аз  уақыт  араб  үстемдігін  басып, 

Орта  Азиядағы  мұсылман  патшалықтарына  өздері 

мұсылман  дініне  кірген  тоғыз  оғыздар,  оның  арты-

нан селжұқтар дегенін істеп тұрды. ХІІ-нші ғасырдың 

ішінде күншығыстан қарақытайлар келіп, бұлардан 

соң Хорезм жұрты күшейіп, мұнан кейін Шыңғыс хан 

дәуіріне  шейін  түріктер  бұрынғысындай  елдерден 

қала алған жоқ.

Шыңғыс хан - шын аты Темучин, моғол халқы¬ның 

Бүршігін руының ханы, Есугей батырдың баласы еді. 

Бұрын Есугейге қараған басқа елдер, Есугей өлген 

соң (әкесі өлгенде Темучин 13 жаста екен) Темучин-

ге бағынбай, әрқайсысы өз бетімен кеткен. Темучин 

алғашқы  кезде  шешесіне  еріп,  соңынан  өз  бетімен 

сол бөлініп кеткен елдермен жауласып, бірінен соң 

бірін  өзіне  бағындырып,  маңайдағы  моғол-түрік 

руларын  жиып,  бір  патшалық  жасап,  27  жасында 

1189-ншы жылы моғол-түріктің ханы атанды. Мұнан 

кейін Темучин көрші рулармен соғысын үдетіп, небір 

моғол-түрік руларын тегіс өзіне қаратты. 1206-ншы 

жылы Темучиннің жиған құрылтайына келген кісілер 

46  ру  елдің  өкілдері  еді.  Бұл  құрылтай  Темучинге 

ханды  лайық  көрмей,  «Шыңғыс»  деп  ат  қойды. 

«Шыңғыс»  моғолша  «тәңірі»  деген  сөз.  Темучин 

Шыңғыс атанғаннан кейін шынымен «Шыңғыс» жер 

тәңірі болуға талап етіп, маңайдағы елдердің бәрімен 

де соғысып, бәрін де өз қол астына жиды. Шыңғыстың 

соғыстарында  өзімен  қатар  балалары,  немерелері 

Шағатай, Үгедей, Жошы, Толы, Хәлеку, Бату бірге 

жүрген.  Соңғы  уақыттарда  бұлардың  әрқайсысы 

бөлек  әскерге  бастық  болып,  әкесінің  қосқан 

елдерін шапқан. Шығысқа қараған жер күннен күнге 

зорайып, өзі өлген соң балаларының, немерелерінің 

заманында  да  өсе  берген.  Шыңғыстың  немересі 

Құбылай хан, оған бүкіл Азия һәм Европаның жар-

тысы бағынған. Құбылай өлген соң 1295-нші жылы 

патшалығы  4-ке  бөлініп,  зор-зор  төрт  патшалық 

болды. Бұлар: 

1) Моғол мен Қытай – бұған Құбылай балалары 

хан болды; 

2) Түркістан – бұл Шағатай балаларына қалды

3) Иран мен Үндістан – мұны Хәлеку балалары 

биледі; 

4)  Қыпшақ  (түрік  халықтары  мен  орыстар)  – 

Жошы балаларының еншісіне тиді. 

Қазақ Жошы балаларына қараған елден бөлініп 

шыққан  Дешті-Қыпшақ  хандығы  (мұны  Алтын 

Орда хандығы деп те атаған) көп уақыт өзіне бүтін 

Русияны,  Орта  Азияның  көп  жерін  (күншығыс  шегі 

Сырдарияға  шейін  созылған)  қаратып,  дәуірлеп 

тұрды.  XIV  ғасырдың  аяғынан  бастап  хан  нәсілі 

мұрагерлері өзара хандыққа таласып, Дешті-Қыпшақ 

бірте-бірте  бөлек  хандықтарға,  ұлыстарға  бөлініп 

нашарлай  береді.    Алтын  Орданың  нашарлауына 

қарсы Шағатай балаларына қараған Түркістан елінен 

аты  шулы  Ақсақ  Темір  хан  шықты.  Ақсақ  Темірге 

сүйеніп Алтын Ордаға Тоқтамыс хан болып, мұның 

арқасында  Дешті-Қыпшақ  бұрынғы  қалпына  түсіп, 

біраз  уақыт  бұрынғысындай  күшейіп  тұрды.  Бірақ 

Тоқтамыс хан Ақсақ Темірмен келісе алмай, жанжал-

дасып, ақырында Ақсақ Темір көп әскермен Дешті-

Қыпшақтың  астын  үстіне  шығарып,  талқан  қылып 

кетті (1395). Ақсақ Темір де Шыңғыс хан секілді тек 

түріктер арасында ғана болатын есіл дерті соғыс, жер 

жүзін өзіне қаратып, жер тәңірісі болуға талап еткен 

хан  еді.  Бұл  әуелде  Шағатай  хандығында  шамалы 

ғана бір әмір болып, бірте-бірте маңайындағы елдерді 

соғысып, өзіне бағындырып, Шағатай балаларының 

хандығын өз қолына алып, ақырында, не бар Дешті-

Қыпшақ, ол заманда өте күшейіп тұрған Осман түркі 

һәм басқа көп елдерді ойран қылып өзіне қаратты. 

Ақсақ  Темір  өзі  мұсылман  болған  себепті  жанына 

мұсылман  ғалымдарын  жиып,  мұсылмандардың 

өнер-білімін арттыруға да көп қам қылған, Ақсақ Темір 

салдырған хан сарайы, мешіттері бар.

(Жалғасы бар)

18

C



M

Y

K



ӨӨ 

ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ

 ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ

«Сұңқардың» саңлақтары                         

Балуан Бағдаулет

Аталған спорт клубының жастары республикалық 

спорт  жарыстарына  қатысып,  облысымыздың  на-

мысын қорғап жүр. Астықты аймақтың атынан талай 

сайыстарда топ жарған спортшыларымыз қаншама. 

«Сұңқар»  спорт  клубының  мақтанышына 

айналған жастардың бірі – Бағдәулет Махсетов. Ол 

гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің журналисти-

ка мамандығының 3 курсында оқиды.

Бағдаулет  -  Сыр  өңірінің  тумасы.  Журналистика 

мамандығында оқып жүрсе де бос уақытында спорт 

залға  қарай  асығады.  Қазақ  күресінің  қыр-сырын 

меңгеру  үшін  жаттықтырушылардың  ақыл-кеңесін 

тыңдауға әзір. Ол үш жылдан бері қазақ күресімен 

айналысуда. Әзірге, республикалық деңгейдегі жа-

рыстарда жүлде алған жоқ. Десек те, балуанымыз 

бабында.  Оның  алар  асуы  әлі  алда  деп  сенеміз. 

Біздің  сөзімізді  Бағдаулеттің  бапкері  Бейсен  мыр-

за  да  қолдап  отыр.  Өйткені,  спорт  сайыстарында 

балуанның  бабы  келіскенімен,  бармақтай  бағы  да 

болуы керек.  

Бағдәулеттің тағы бір өнері бар. Ол рэп жазғанды 

ұнатады.  Музыкаға  деген  қабілеті,  спортқа  деген 

қызығушылығы,  оқуға  деген  ынтасы  жоғары.  Осы 

аталған  қасиеттердің  бәрі  кейіпкеріміздің  бойынан 

табылады.  

Алдағы уақытта балуанымыз 2 турнирге қатыспақ. 

Біріншісі,  қазақ  күресінен  Ахмет  Байтұрсынов 

атындағы  ашық  біріншілік.    Екіншісі,  Қазақстан 

Республикасының  біріншілігіне  іріктеу  кезеңіі.  Қос 

бәсекеде спортшымызға сабыр және сәттілік тілейміз. 

Бабы мен бағы қатар шауып, жеңістің биік тұғырынан 

көрінсін! 

                                           Бөлтірік НҰРТАЙ, 



ГӘФ журналистика мамандығының студенті

А.Байтұрсынов атындағы 

оқу  ордасының  жастары 

«спорт - денсаулық кепілі» 

деп  есептейді.  Сондықтан 

университеттің студенттері 

оқумен бірге спортты қатар 

алып жүреді. Бұл сөзіміздің 

жарқын  дәлелі  ретінде 

жоғары оқу орнына қарасты 

«Сұңқар» спорт клубының 

мүшелерін айтуға болады. 



19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет