Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата29.01.2017
өлшемі11,28 Mb.
#2963
1   2   3   4   5   6

Жемқорлық - жегі құрт

C

M

Y



K

Бәрекелді!

Қос қаламгердің жеңісі



Аударма  —  ха­

лық пен  халықты, 

тілмен  тілді,  әде­

биетпен  әдебиетті 

қ а у ы ш т ы р у ш ы 

дә некер.  Бүгінде 

халықтардың  өза­

ра  достық  қарым­

қ а т ы н а с ы н д а , 

олардың  бір­бі­

ріне  етене  жа қын­

дасуында аударма 

шығармаларының 

орны ерекше. 

Қазақстан  Ре-

спубликасы  Мәде­

ниет  және  спорт 

министрлігі,  Ресей­

дегі  Қазақстан  Рес­

пуб ликасының  ел­

шілігі,  Қазақстан 

Жа зушылар  одағы 

және  «Қазақстан 

КВН  Одағы»  рес­

публикалық  жастар 

қоғамдық  бірлестігі 

«Алтын  көпір»  халықаралық  аудар-

машылар  байқауын  ұйымдастырған 

болатын.  Жақында  осы  байқаудың 

шорт­парқшасы  жарияланды.    Ау-

дармашылар арасында біздің жерлес 

қаламгерлердің мерейі үстем болды. 

«Қазақшадан орысшаға аударылған 

поэзия»  номинациясы  бойынша 

ақын,  аудармашы  Әбдірахман  До-

сов жерлесіміз, белгілі ақын Ақылбек 

Ш а я х м е т т і ң   « А қ с ұ л у »   т а р и х и 

драмасының  аудармасы  үшін  бірінші 

орынға  ие  болды.  Ақын  Ақылбек 

Шаяхмет  «Орысшадан  қазақшаға 

аударылған  поэзия»  номинация-

сы  бойынша  орыс  ақыны  Арсентий 

Тарковскийдің  шығармаларын  ана 

тілімізде сөйлеткені үшін екінші орынға 

ие болды.



Суреттерде:  Проза жанрында 

бірінші орынға ие болған аудар-

машы, жазушы Анатолий Ким 

және ақын Ақылбек Шаяхмет.

Поэзия жанрында бірінші 

орын алған ақын, аудармашы 

Әбдірахман Досов

8


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Шетелдегі қазақтар



Қытайдан келген қандас

Мына  суреттегі  кейіпкеріміздің  аты-жөні  - 

Мүкен  Құнақын.  Қандасымыз  Қытай  Халық 

Республикасының Шыңжаң өлкесінде туып өскен. 

Алтайдың  ар  жағындағы  елде  ержетіп,  мектеп 

бітірді. «Жануарлар ғылымы» мамандығы бой-

ынша жоғары білім алған. Қолына дипломы тиген 

соң, Шыңжаң өлкесі, Қарабұқа қалашығындағы 

әкімшілікте жеті жыл еңбек етті. Биылғы жылдың 

шілде  айынан  бастап  Қостанай  қаласындағы 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да магистратурада 

оқып жатыр. Қытайдан келген қандасымыздың 

таңдауы  Қостанай  қаласына  түсуінің 

өзі бекер емес.  

-  Б а л а   к е з і м нен   Қ а з а қ с т а н ды 

көруді  армандайтынмын.  Сондықтан 

жаз  айларында  Астана  мен  Алматы 

қалаларындағы  туған-туыстарыма 

қыдырып  бардым.  «Атың  барда  жер 

таны, желіп жүріп» демекші, мақсатым 

жер  көру,  ел  тану.  Оның  үстіне,  ата-

бабамыздың шыққан тегін, туған жерін 

білу  перзенттік  парызым,-дейді  Мүкен 

Құнақын.

М ү к ен   Қ а з а қ с т а н н ы ң   б а р л ы қ 

қалалары туралы білгісі келеді. Сондай-

ақ тарихи орындарды өз көзімен көріп, 

құнды деректермен танысуды қалайды. 

Осы мақсатта интернет арқылы ақпарат 

іздеп,  еліміздегі  алдыңғы  қатардағы 

кітапханаларға да барған. Нәтижесінде, 

Қостанай  қаласында  білім  алуға  бел 

байлайды.  

- Қостанайға бірінші рет келуім. Мұнда 

менің  таныстарым  жоқ.  Бұл  қаланың 

табиғаты, тазалығы, мәдениеті туралы 

жақсы пікірлер естідім. Осылайша, То-

был өңірін көруге деген қызығушылығым 

арта  түсті.  «Мың  рет  естігенше,  бір 

рет  көр»  дегендей,  тәуекелге  бел 

байлап  «Қостанай  қайдасың?»  деп 

жолға  шықтым.  Оңтүстік  аймақта  Ал-

матыны - ару қала деп атасақ, солтүстік 

аймақтың  сұлу  шаһары  -  Қостанай 

дер  едім.  Тобыл-Торғай  топырағынан 

А.Байтұрсынов  сияқты  халқының 

жоғын жоқтаған қайраткер шыққан. Бұл 

кісі  қазақ  әліпбиінің  атасы.  Ең  алғаш 

төтежазуды ойлап тапқан алаш зиялы-

сы.  Шыңжаң  өлкесіндегі  қазақтар  әлі 

күнге  сол  төте  жазуды  пайдаланады. 

Қостанайдың  бидайы  халықаралық 

деңгейде танымал. Солтүстік аймақтағы 

үздік  оқу  орны  ҚМУ  да  осы  қалада 

орналасқан. Ендеше, мен таңдау жаса-

уда қателескенім жоқ,-дейді кейіпкеріміз.

Иә,  Қостанай  облысының  тари-

хы  бай.  Астықты  аймақтың  та би-

ғаты  көркем.  Туған  өлкеміздің  мақ-

танышына  айналған  Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Майлин 

сияқты  тау  тұлғалары  қаншама.  Республика 

жұртшылығына  кеңінен  танымал    «Науырзым» 

қорығы тағы бар. Осындай артықшылықтарымен 

ерекшеленетін  Қостанайды  Мүкен  Құнақын 

шетелдегі қазақтарға насихаттасам дейді. Бүгінде 

ҚМУ-дың  ветеринария  факультетінде  оқып 

жатқан магистрант еліміздегі туризм саласының 

дамуына үлес қосқысы келеді. 



Суретте: Мүкен Құнақын

9

C



M

Y

K



Данияр Үсенов: 

«Жемқорлықсыз мемлекет - 

заман талабы»

Сыбайлас жемқорлық 

кез  келген  мемлекеттің 

саяси,  діни,  эко но­

микалық, дамуына кері 

әсерін  тигізіп,  ұлттық 

қауіпсіздікке үлкен қауіп 

төндіретін  қоғамдық 

дерт. Бүгінде жемқорлық 

фактілері  мемлекеттік 

билік  пен  қоғам  үшін 

аса үлкен мәселе болып 

отыр. 

  Елімізде  2014  жылы 



қабылданған  Сыбай­

л а с   ж е м қ о р л ы қ қ а 

қар  сы  Стратегияда 

жемқорлықты  түп  та­

мырымен жоятын, мем­

лекет пен қоғам өмірінің 

түрлі  салаларында  сы­

байлас жемқорлықты ту­

дыратын жағдайлардың 

алдын  алатын  кешенді 

шараларға  баса  мән 

берілген. Осы бағыттағы 

жұмысты  күшейтіп, 

жауаптылықты  арт­

тырғанына қарамастан, 

шенеуніктер  тек  бір 

мақсат­жеке  табыс 

табу  немесе  ақшалай 

сыйақы  алуды  ой­

лап,  коммерциялық 

ұйымдардың мүдделерін 

қорғап, қылмыс жасау­

ды жалғастыруда.   

Мемлекеттік  мүлікті 

пайдалану,  бюджеттік 

қ а р а ж а т т а р ы н ы ң 

шы  ғыны,  құрылыс, 

әлеуметтік  объектілерді 

жөндеу,  транспорттық 

к о м м у н и к а ц и я   с а ­

лаларында  сыбайлас 

жемқорлық  жиі  орын 

алады. 

Тәжірибе  көрсет­



кен дей,  бюджет  қара­

жатының  кірісі  мен 

ш ы ғ ы с ы н а   ж а у а п ­

ты  шенеунік  көп  жағ­

д а й л а р д а   б и з н е с 

өкілдерімен байланыса­

ды. Соның нәтижесінде 

лауазымды  тұлғалар 

қолдайтын  кәсіпкерлер 

еркінсіп,  салықтық, 

бюджеттік,  өзге  де 

заң намаларды  бұзып, 

мемлекеттік  органның 

қызметтік  ақпаратын 

еркін пайдалануға мүм­

кіндік алады. 

Мемлекеттік  сатып 

алулар нәтижесі бойын­

ша шарттар конкурстық 

құжаттамаға  сәй кес 

келмейтін    қатысу шы­

лармен  жасалып  жа ­

тады.  Сонымен  қа тар, 

ш е н е у н і к т е р   м е м ­

лекетке  тиімсіз  ин­

вестициялық  жоба­

ларды  жүзеге  асырып, 

түрлі  бағдарламаларды 

қаржыландыру арқылы 

сыбайластарына  бюд­

жет  қаражатын  субси­

дия,  несие  ретінде  та­

ратады.  

Бұл  әрине,  бюджет­

ке  кесірін  тигізіп, 

мемлекеттік,  салалық 

б а ғ д а р л а м а л а р д ы ң 

жүзеге  аспай,  тоқтап 

қалуына  әкеледі.  Ең 

өкініштісі,  халықтың 

билікке  деген  сенімін 

төмендетіп,  әлеуметтік 

мәселелердің  ше шіл­

меуіне  әкеліп  соғады. 

Мұндай  іс­әрекеттер 

кәсіпкерлердің  де  абы­

ройына  кері  әсерін 

тигізетінін

тәжірибе  көрсетіп 

отыр.  Қызметін  асы­

ра пайдаланып, заңсыз 

жолмен  ақша  табуды 

ойлаған  кәсіпкерлердің 

бизнесі  алысқа  ұза­

майды. 

28

Жемқорлық - жегі құрт



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Жай ғана айтылғандай болып естілгенімен, осы 



сөздерді қаншама құрмет жатыр десеңізші! Иә, бұл сөзді 

мен де естідім. Маған да арналып айтылды. Ол кезде 

ұстазға деген көзқарас өте жақсы деңгейде болды. Гүл 

алуымыз да сирек. Ата-аналар да жиналысқа түгел 

келіп, оқыған баяндаманы тыңдап, шыға сала "ұстаздың 

айтқаны жөн, баламды осылай тәрбиелеуім керек 

екен" деп бірін-бірі қостап, отбасында да осы әңгіме 

жалғасын табатын. Шәкірттеріміз де үйлерінде "ұстаз" 

болып ойнайды екен. Ал, қазіргі таңда сыныптардың 

басым көпшілігінде ата-аналар жиналысқа келмейді, 

ұстаздарға қарсы сөйлеп жататыны да шындық. 

Осындайда, ұстаз беделі төмендеп бара ма деген ойда 

қаласың. 

Қазіргі ұстазға талап жоғары, бәсекеге қабілетті бо-

луы керек деп жатады. Марапаттау да көп. Ол кезде 

талап жоғары болмады ма, болды. Еңбектері де еленді. 

Біздің уақытта "еңбек адамының төрге шыққанын "ком-

мунист" атануынан білетін едік. 

Қай заманнан бері айтылып келе жатса да, бүгінде 

ұмыт бола бастағандай ма, қайдам?.. Қазір "Ұстаз келе 

жатыр" десе де шәкірттеріміз қаймықпайтын болды. 

Менің алғашқы еңбек еткен жылдарымда осы сөзге 

шәкірті түгіл, ата-анасы да елең ете қалушы еді. 

1986 жыл. Балауса арманымның бүр жарған шағы. 

Қазіргі таңда жас мамандар "Дипломмен - ауылға" бару 

үшін үй-жаймен, қаржымен қамтамасыз ету жөнінде 

шарт жасайды. Ал біз, жолдамамен жіберген жерге 

бара беруші едік. Мен алғашқы еңбек жолымды "Аққұм" 

ауылынан бастадым. Есіктен кіре, төр менікі демедім. 

Мектеп алды даярлық тобында мұғалім болдым. Мек-

теп директоры Қойшығара Оспанов еді. «Әп» дегеннен 

қатал тәртіпке үйретті. Жалқаулыққа жаны қас еді. 

Жаны рухани қазынаға толы білікті басшы болатын. 

Бірдің ғана емес, мыңның тілекшісі екенін ұғындырып, 

"нәзік жантанушы" болуға баулыды.

1987 жыл. Жанкелдин ауданында Ы.Алтынсарин 

атындағы орта мектепте кемел ұстаздарды шын мәнінде 

көрдім. Қос орденнің иегері Балдай Тұрмағанбетова, 

Базаркүл Тарбақова, еңбек озаттары Қонақбай Алин, 

Исанхан Хамзабаев, Ғалымбек Әбілқайыров, Бәтима 

Қосылбаева. Иә, айта берсем шексіздікке ұласады. 

Олар шыншыл мінезді, кең жүректі, қайсар, еңбекқор, 

іскер, нағыз ұстаздар еді. Өмірімде осы қасиеттердің 

бірі бойымнан табылып жатса, ол осындай ұлағатты 

ұстаздардың тәлімі. Мұғалім мамандығы адам жан-

дүниесінің ең нәзік, ең күрделі қыр-сырына қызмет 

ететін адамтану екендігін де осы әріптестерім үйретті. 

Ол кезде педагогикалық кеңесте интерактивті тақта 

пайдаланбаса да, тәжірибелі мұғалімдер білім сапасы 

туралы келелі ойлар қозғайтын. Жөнсіз дауласу жоқ, 

үнемі бір ымыраға тоқтайтын. Баға әділ, үлгірімі төмен 

оқушыларды бүркемелейтін, "екі" қойылады. Бірақ, "екі" 

сол қалпында қалмайды. Келесі жолы азаяды. Әрине, 

тынымсыз дайындықтың арқасында. Қазіргідей "ре-

петитор" болып қаржы табуға ықыластанбайды, алып 

қалып қосымша білім беруді өзінің міндеті санайтын. 

«Адам баласы өмірге келген соң, ұрпақ тәрбиелеп, 

артында ізігілікті іс қалдыруы керек. Меніңше, өмірде 

талантсыз бала туылмайды, тек талантты көре ал-

майтын ұстаз болады», – дейтін өз мамандығына адал 

сол ұстаздар. Мінекей, мамандыққа деген адалдық деп 

оысндайда айтса керек. 

Мынау суреттегі әріптестерімнің бейнелері жүрегімнен 

өшпестей болып орын алған. Оларды ойлағанда мы-

надай аңыз еске түседі. Бағзы заманда қаһарынан 

ел сескенетін бір патша өмір сүріпті. Оның бетіне 

ешкім қарсы сөз айта алмайды екен. Бірде сарайына 

қарапайым киім киген адам баса-көктеп кіріп келіпті. 

Патшаның жауынгер жасағы әлгі кісіні тоқтатпақ 

болғанда, патша өзі тағынан тұрып, басын иіпті де: 

«Жолына бөгет болмаңдар, ұстаз келе жатыр, ұстаз!» 

депті. Осыдан кейін елде ұстазға деген құрмет артып, 

олардың алдында хан да, қара да бас иетін заман ор-

напты дейді. Ал сіздер, оқырмандар, ұстаздарыңызды 

ұмытқан жоқсыздар ма?

Роза ЖАРҚЫНБЕКОВА.

Рудный қаласы №15 орта мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі

27

Ой айтамын

C

M

Y



K

«Серпін-2050»

Сапалы білім – жарқын 

болашақ кепілі

«Серпін»  әлеуметтік  жобасы  туралы  әсіресе, 

студенттер  әртүрлі  сауалдар  қояды.  Көпшілікті 

ойландырған сұрақтарға жауап беру мақсатында, 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дағы «Жастар ба-

стамаларын дамыту орталығының»  директоры 

Болат Қалиевтен сұхбат алған едік.

-  Сәлеметсіз  бе,  сұхбатымызды  «Серпін» 

бағдарламасына түсінік беруден бастасақ. 

- «Серпін» - әлеуметтік жоба. Бұл жобаның басты 

мақсаты  -  Қостанай,  Көкшетау,  Петропавл,  Павло-

дар сияқты халқының саны аз қалаларға еліміздің 

оңтүстігіндегі  түлектерді  тарту.  Осылайша,  әртүрлі 

салаларға жаңадан жұмысшы күші қосылады. Өзге 

өңірлердегі жастардың жұмыспен қамтылуына да зор 

мүмкіндік береді. 

Мен  «Серпін» бағдарламасын насихаттау бары-

сында  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  барлық  ау-

дан-ауылдарын аралап шықтым. Сонда байқағаным, 

Оңтүстік  Қазақстан  мен  Қостанай  облыстарын 

салыстыратын  болсақ,  мектеп  бітірген  түлектер 

саны біздегі көрсеткіштен 10-15 есе көп. Біріншіден, 

Оңтүстік  облыстардағы    жоғары  оқу  орындарында 

дәл сонша түлекке жоғары білім беруге мүмкіндік аз. 

Екіншіден,  топтағы  студенттердің  саны  көп  болған 

сайын,  білім  сапасына  кедергі  келтіруі  мүмкін. 

Үшіншіден, ҚМУ-дағы «Серпін» бағдарламасы инду-

стрияландыру бағыты бойынша жүзеге асуда. Осы 

бағыт бойынша Қостанайда көптеген зауыттар жұмыс 

істейтіні белгілі. Атап айтқанда, «Агромашхолдинг» 

АҚ, «СарыарқаАвтпорм» автопром» АҚ және басқа 

да өнеркәсіп орындары бар. Қостанай аграрлы аймақ. 

Сондықтан бізде  ауыл және мал шаруашылықтары 

мен машина құрастыру бағыттары жақсы дамып келе 

жатыр. Ал бағыт дамыған сайын, онда жұмыс істейтін 

мамандар қажет. Сол мамандарды оқытып шығару - 

негізгі міндетіміз. Сондықтан, біз оңтүстіктің түлектерін 

Елбасы ұсынған«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына 

сәйкес, жоғарыда аталған бағыттар бойынша оқытуды 

қолға  алдық.  «Серпін-2050»  бағдарламасы  өндіріс 

орындарындағы маман тапшылығын жоюдың бірден 

бір жолы. 

Аталмыш  бағддарламаның  тәрбиелік  жағы  да 

бар.  Мысалға бір адамның Америка Құрама Штат-

тарында үйі, өзге штатта жұмысы бар делік және ол 

бір  штаттан  екіншісіне  күнбе  күн  қатынауы  мүмкін. 

Неліктен?  Себебі  қызмет  сондай,  талап  сондай. 

Ал  бізде  Қазақстанда  халқымыздың  қалыптасқан 

менталитеті бар. Ұлтың қазақ болмауы мүмкін, бірақ 

Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлттың осы жердегі 

менталитетке үйреніп қалғаны рас. Ол – өз үйімде 

болсам,  туған-туыстарымның  қасында  отырсам 

деген менталитет. Біз баламызды алысқа жіберуге 

қорқамыз, өзіміз де жыраққа кетпеуге тырысамыз. Ал 

бүгінгі заман талабы басқа, қазір олай істеуге болмай-

ды. Сондықтан баламызды өзге елге жібермесек те, 

Қазақстанның бір түпкірінен екінші түпкіріне жіберуіміз 

керек. Біріншіден,өзге ортадан білмегенін үйреніп, көзі 

ашылады, таным көкжиегі кеңейеді. Екіншіден, бәріміз 

біртұтас ел екендігімізді ұғынады. 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ға биыл 450 түлек 

келді. Арман қуып келген жастардың дені Қостанайды 

бұрын-соңды  көрмеген.  Осы  450  жас  өзінің  туған 

жеріне барып «Қостанай да кәдімгі өзіндік дәстүрлері 

қалыптасқан, ауа-райы, тазалығымен ерекшеленетін 

көркем  шаһар,  Отанымыздың  бір  бөлшегі  екенін 

түсінеді. 

- Кейбіреулер «Серпін» - қазақтандыру саяса-

ты» деп жатады, бұған не дейсіз?

- Мен «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстікті 

аралап  шықтым.  Сондағы  байқағаным,  аталған 

аймақтың бір бөлігіндегі тұрғындардың өзбек, кейбірі 

ұйғыр, енді бірі араб халықтарының менталитеттеріне 

еліктеп кеткендігін аңғаруға болады. Ал біздің облыс 

туралы өзгелер «орыстанып кеткен» деген пікір айта-

ды. «Орыстанып кетті» дегенді қалай түсінуге керек? 

Басқа  ұлттың  жақсы  жағын  алу,  орыс  тілді  жетік 

меңгеру орыстанып кетті дегенді білдірмесе керек. 

Ұлттық тәрбиеңнен ажырап қалмасаң болғаны. Менің 

айтпағым, «Серпін» бағдарламасына қазақыландыру 

саясаты деп баға беруге болмас. 

-  «Серпін»  бағдарламасымен  білім  алып 

жатқан студенттер маман ретінде Қостанайда 

қалуына мүмкіндік бар ма? Қандай мамандықтар 

бойынша?

- Оқу орнындағы негізі төрт факультет: ақпараттық-

10


C

M

Y



K

C

M



Y

K

«Серпін-2050»

технология, ветеринарлық және мал шаруашылығы, 

агробиологиялық  және  инженерлік-технологиялық. 

Мұның барлығы индустрияландыру бағыты бойынша 

білім береді.

Ал «қаншалықты қалады» деген сұраққа, «дені» 

деп  жауап  беруге  әбден  болады.  Бізде  жақсы 

сөз  бар  «Қостанайға  келгенде  екі  рет  жылайсың, 

біріншісі  «келмеймін»  деп,  екіншісі  «кетпеймін» 

деп».  Оңтүстіктің  тұрғындары  Қостанайдың  ауа 

райын  суық дейді де, кеййін бейімделіп кетеді. Ауа 

райының  ерекшелігі  Қостанайға  келушілерге  теріс 

пікір  қалыптастырмайды  деп  ойлаймын.  Және  сту-

денттер  индустрияландыру  бағыты  бойынша  оқып 

жатыр.  Осы  бағыттағы  зауыттар  бізде  бар.  Мыса-

лы,  Қызылордада  күріш  егу  кәсібін  оқып,  игеріп, 

Қостанайға  жұмыс  істеуге  келмейсің  ғой.  Себебі 

солтүстікте  күріш  екпейді.  Сол  сияқты  біздің  об-

лыста  оқып,  мамандығың  бойынша  диплом  алған 

соң,  жұмыстың  жайын  ойлайды.  Ал  сол  жұмыс 

Қостанайдан  табылады.  Төрт  жыл  оқыған  қала, 

үйренген  орта,  студенттік  шақтағы  құрбы-құрдас, 

жолдастар  кімнің  де  болмасын  өмірінде  мәңгіге 

сақталары анық. 

-  «Серпіндіктерге»  не  береміз?  Яғни, 

бағдарлама  бойынша  білім  алып  жатқан  сту-

денттерге  қандай  мүмкіндіктер,  жеңілдіктер 

жасалған? 

-  Біз  сапалы  білім  береміз.  Бойларындағы 

жасқанушылық қасиетті жоямыз, олар ашылады. Бұл 

жобаның талаптары бар. Сол талаптарды барынша 

елеп-ескереміз. «Серпіндіктер» жатақханаға орнала-

стырылады.  Қаладағы  спорт  кешендерімен  келісіп, 

салауатты  өмір  салтын  ұстанудың  мүмкіндіктерін 

жасауымыз  керек.  Оларға  медициналық  қызмет 

көрсету жағдайын жасап, асхана бөлуіміз керек. Олар 

шәкіртақы алып тұрады, студент тегін оқиды. Жылына 

екі рет жол картасының ақысы бар, мемлекет тара-

пынан өте керемет жеңілдіктер жасалған. Шынында 

да тамаша мүмкіндік емес пе! Бұл балалардың да 

бізге  берері  көп.  Олар  бізге  жаңаша  көзқараспен, 

тың идеялармен келген жастар. Жанарлары жанып 

тұрған жігерлі жандар. Осы ортадан бар мүмкіндігімді 

салып суырылып шығамын, көшбасшы боламын де-

ген жастар. Сондай идеялар жерде қалмай жүзеге 

асуы  керек.  Ал  біз  жалынды  жастарды  қолдаудан 

қашпаймыз. Ең бастысы, оңтүстік жастарына жақсы 

идеология  беріп,  дұрыс  бағыт  көрсетсек  біздің 

мақсатымыздың  орындалғаны.  Негізі,  тәрбие  беру 

дегеніміз  -  ең  ауыр,  жауапкершілігі  мол  жұмыс. 

Мұндай жауапты істе «Серпіндіктердің» де белсенді 

болғаны жөн. 

Спортқа  келер  болсақ,  біз  студенттердің 

қызығушылығын,  икемін  байқаймыз.  Олар-

дан  спорттың  қандай  түрімен  шұғылдануды 

қалайтындарын сұраймыз.  Көпшілік қалаған спорт 

түрін  дамыту  біздің  міндетіміз.  Ал  жатақханадағы 

жағдай тіптен тамаша.  Түлектер біздің өңірге келмей 

жатып, біз алдын-ала 450 орын дайындап қойдық. 



-  Университетіміздің  студенттеріне  деген 

тілегіңіз болса.

-Студенттік кез нағыз білім алатын уақыт. Сондықтан, 

оқып, үйренуден, ізденуден жалықпаңыздар деймін. 

Сапалы білім алып, ата-аналарының үмітін ақтауына 

шын жүректен тілектеспін. Ата-ана де, оқытушылар 

да  балаға  жамандық  тілемейді.  Түсінген  жанға, 

осы  бір  ауыз  сөздің  астарында  үлкен  мән-мағына 

жатыр.  Сөзімді  қорыта  айтқанда,  жастардың  ата-

аналарының үміттерін ақтауын тілеймін!

                                                  



 сұхбаттасқан Гүлдана Әбдібаева, 

ГӘФ журналистика мамандығының 2 курс 

студенті 

11

C



M

Y

K



Жас қалам

Б ү г і н   Е р м е к т і ң   к ө ң і л і 

жабырқау.  Ештеңеге  зауқы 

жоқ. Айналасына қарап, көпір 

үстінен Тобыл өзенінің тентек 

толқындарын тамашалап қана 

тұр.  Бірін-бірі  қуып,  жете 

алмай,  ақыры  қайта  кейін 

қайтысып жатқан толқындар. 

 

Біресе  жағаға  соғып,  біресе 



кейін қайтып әуре. Ермек сол 

мазасыз толқындардың арасы-

нан әлдекімді іздейтін секілді. 

Ұзақ уақыт далада тұрып, 

тоңып қалғанын Ермек жаңа 

ғана  сезгендей.  Оның  үстіне 

к ү з д і ң 

қара  су-

ығы тұла 

б о й ы н 

а я з  

д а й 


қ а р ы п 

к е т  


с е 

к е  


р е к . 

Қарысып қалған қолдары әрең 

жазып,  умаж 

далған  бір  уыс 

қағазды  ашып,  дір-дір  етіп 

оқыды. 


 «Көкешім, жаным көкем, ба-

уырым...» Ермек өксігін басып, 

терең тыныс алды да хатты 

әрі қарай оқуын жалғастырды. 

«...  Шамаң  жетсе  сен  мені 

кешіруге  тырыс.  Мен  бұл 

тағдырдың  мазағына  көндіге 

алмайды екенмін. Көкетайым! 

Сен,  сен  қайсар  жігітсің 

ғой. Сондықтан тағдырыңмен 

күрес,  түбі  бағың  жанарына 

сенемін.  Бұл  өткінші  сынақ, 

сен тек төзе біл, сағыңды сын-

дыра көрме, көкешім. Ал менің 

орным  анамның  жанында... 

Білемін,  мені  ешкімнен  кем 

қылмай, барынша қамқоршым 

бола білдің. Мен сені мақтан 

етемін.  Бірақ,  көке,  қызбала 

үшін  ананың  орны  бір  бөлек 

емес  пе!  Соңғы  уақыттары 

анам түсіме кіріп жүр. Бала 

күнімізде  жиі  баратын  көк 

шалғын  есіңде  ме?  Міне,  сол 

жақтан  анам  үнемі  қолын 

бұлғап шақырады да тұрады. 

Мен  жете  бергенде  көкке 

ұшқандай көз алдымнан ғайып 

болып  кетеді. 

Қысқасы,  мен 

анамды сағынып 

жүрмін.  Бұдан 

артық  шыдай 

алар  емеспін. 

Мен... Кетемін...

Әкем...  Әкеме 

бас-көз бол, көке. 

Оны түзу жолға 

салуға екеуміздің құдіретіміз 

жетпегені өкінішті. Теріс жол-

да  жүрсе  де,  тірі  жүрсінші. 

Қанша жерден арақ ішсе де, 

қанша  жерден  көше  кезсе  де, 

қалай дегенмен ол бізге өмір 

сыйлаған  әке  ғой.  Қыстыгүні 

көше кезіп жүріп, үсіп кетпесін. 

Сен оны тауып ал да жылы 

киім  бер.  Аш  қалдырма, 

біреудің ренжітуіне жол берме. 

Оның қаңғыбас, қорғансыз емес 

екенін сен білесің ғой, көке. Сен 

әкеміздің қылығына өкпелеме. 

Анамыздың  аяқасты  қазасы 

о ғ а н   д а 

ауыр тиді 

ғой.  Оны 

т ү с і н у г е 

т ы р ы с . 

Қ а н ш а 

қырсықса 

да, ол біз-

ді  әлі  де  бұрынғыдай  жақсы 

к ө  

р е д і .   Т е к   б і л д і р м е й д і . 



Түсінесің бе? Мен оны сеземін. 

Күндердің  бір  күнінде  ол 

үйге оралар. Сол кезде сен де 

жалғызсырамайтын  боласың. 

 

Көкешім, мен сені амалсыздан 



тастап  барамын.  Өтінемін, 

мені  айыптай  көрме.  Ерте 

ме, кеш пе мен бәрібір...

Бұл дерт мені сенің қасыңда 

м ә ң г і г е   қ а л д ы р м а й д ы . 

Сондықтан  мен  өмірден  өз 

еркіммен  кетуді  ұйғардым.» 

 

Соңғы  сөйлемді  оқығанда 



Е р м е к т і ң   к ө з і н і ң   а л д ы 

 

қарауытып,  басы  айналды. 



Не істерін білмей қара жер-

ге отыра кетті. Сол-ақ екен 

құлағына таныс дауыс естілді. 

Бұл  кім  еді?  Өзінің  туған 

қарындасының даусы екен ғой. 

«Көкешім,  мені  іздеме!  Мен 

анамды сағындым»-дейді әлгі 

дауыс. 


-Жо, жоқ, болмайды!

Ермек  өзінің  даусынан  өзі 

ш о ш ы п   к е т т і .   Ж і г і т т і ң 

жанайқайын естіген бір топ 

көгершін  жан-жаққа  быты-

рап,  үркей  ұшты.  Жағаға 

қарай талпынған Тобылдың 

толқындары да кейін қайтты. 

Жүрегінен  жарып  шыққан 

ж і г і т   с ө з і н   т о т ы қ ұ с ш а 

қайталады жаңғырық. 

Гүлдана СЕЙІТҒАЗИНА,

ГӘФ журналистка 

мамандығының 2 курс студенті

Жанайқай 

26


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Аққан жұлдыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет