Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер
Экономикалық біртектес құбылыстар мен процестердің сапалық өзгерісін, сол көрсеткіштердің орташа дәрежесін салыстыру арқылы сипаттайды. Мысалы, бір аудандағы шаруашылықтардың дәнді дақылдар өнімдерінің орташа өзіндік құнының өзгеруі, немесе бірнеше базарда әр түрлі бағамен сатылған тауардың орташа бағасының өзгеруі және т.с.с.
Сапа бойынша орташа дәрежесінің өзгеруі, осы көрсеткіштің өзіне және жиынтық құрамының өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, біртектес дақылдардың орташа өнімділігінің өзгерісі осы дақылдардың әрқайсысының өнімділігі мен егіс көлемінің өзгеруіне, яғни өзара байланысты екі себептің әсерінен болғандығы байқалады.
Сонымен, экономикалық құбылыстардың орташа керсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оған әсерін тигізетін әрбір себептер (факторлар) жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты жөне өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады. Енді осы индекстердің қолданылуы мен есептелу тәсілдерін жеке қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |