Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет3/8
Дата14.04.2022
өлшемі269 Kb.
#31062
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Индекстік т сіл индекстер туралы жалпы т сінік Жеке индекстерді

3. Жинақтық индекстерді есептеу.

Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жинақтық индекстер деп атайды. Осы құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге боалды. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін есептеу үшін жиналған астықтың мөлшеріне апарып мал басын қосуға болмайды. Оны есептеу үшін осы өнімдердің әр бөлігіне өздеріне тән бағаны немесе өзіндік құнды қолдану арқылы олардың жалпы құндық көрсеткіштерін ақша есебінде есептейміз. Сонымен, өнімнің жалпы мөлшерін есептеу үшін бағаны немесе өзіндік құнды негіз етіп алып, барлық көрсеткіштер бір өлшем бірлігіне келтіріледі және ақша түрінде көрсетіледі.

Статистикады жинақтық индекстерді латынның үлкен «І» әрпімен белгілейді және нені зерттейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның таңбасы бірге қосылып жазылады (Ip, Iq, Iz, Iqp, Iqz және т.б.).

Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайды. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдері жалпы индекске, ал өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдері топтық индекстерге жатады. Сондай-ақ топтық индекстерге халық шаруашылық салаларының әрқайсысында өндірілген өнімдердің түрлері де жатқызылады.

Статистикады жинақтық және топтық индекстердің экономикалық талдау жасау кезіндегі атқаратын рөлі жоғары. Бұл индекстер арқылы зерттеуге жататын объектілердің өзара байланыстылығы мен оларға әсерін игізетін түрлі себептерді толық анықтауға болады. Сондықтан, индекстік әдіс топтау тәсіліне тікелей байланысты. Ал жеке индекстерімен салыстырғанда жинақтық немесе топтық индекстерді есептеу күрделі болады.

Есептеу әдістемесіне байланысты жинақтық немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа индекстерге бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет