Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет4/8
Дата14.04.2022
өлшемі269 Kb.
#31062
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Индекстік т сіл индекстер туралы жалпы т сінік Жеке индекстерді

Агрегаттық индекстер. Агрегатты деген сөз латынның «aggrego» терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда «қосамыз» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең. Егер, осы қосындының алымы мен бөлімі арасындағы айырмыашылықты қарастыратын болсақ, нақты өзгерісті және оған әсерін тигізген себепті анықтауға толық мүмкіндік туады. Егер, алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылық теріс сан болып шығатын болса, онда түрлді себептерге байланысты ақша үнемдегеніміз, ал оң сан шығатын болса, онда артық жұмсағанымыз көрсетіледі. Сонымен, агрегатты индекстер экономикалық жинақтық индекстердің негізні және көп тараған түрі болып саналады. Мысалы, жалпы өндірілген немесе сатылған өнімнің құнын табу үшін. Оның санын өзінің бағасына көбейтіп, шыққан сандық мәндерді бір біріне қосамыз. Ал егер жалпы өнімге кеткен шығынды есептейтін болсақ, онда өнімнің санын өзіндік құнына көбейтіп, одан шыққан шамаларды бірбіріне қосамыз. Содан кейін екі мерзімдегі есептелінген жалпы көрсеткіштердің алымын бөліміне бөлу арқылы индекстерді есептейміз. Бұл есептелінген андекстер құбылыстың уақытқа байланысты қалай өзгергенін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ол өзгерістерге қандайц себептер әсерін тигізгенін де сипаттайды. Мысал ретінде қарастырайық:

Кесте 3 – Базарда сатылған тауарлардың көлемі мен бағасы



Тауар

Сатылғаны, кг

1кг тауар бағасы, теңге

Сатылған тауарлардың жалпы құны, теңге

Базалық кезең

Ағымдық кезең

Базалық кезең

Ағымдық кезең

Базалық кезең

Ағымдық кезең

Ағымдағы кезеңнің бағасы бойынша

Базалық кезеңнің бағасы бойынша

Ағымдағы кезеңнің бағасы бойынша

Базалық кезеңнің бағасы бойынша




q0

q1

p0

p1

p1q0

p0q0

p1q1

p0q1

Ет

450

500

100

130

58500

45000

65000

50000

Қаймақ

300

350

150

200

60000

45000

70000

52500

Қияр

460

400

40

35

16100

18400

14000

16000

Барлығы













134600

108400

149000

118500

Кестеде көрсетілген сандық көрсеткіштер бойынша жалпы құнның қалай өзгергендігін және оған сатылған тауардың көлемі мен бағаның тигізген әсерін анықтаймыз. Ол үшін екі мерзімдегі сатылған әр тауардың көлемін өзінің бағасына көбейтіп, одан шыққан шамалардың қосындысын, яғни ағымдағыны базалық кезеңге бөлеміз. Мұнда, тауар айналымының жалпы индексін есептейміз және оны мына формула бойынша көрсетуге боалды:

мұнда Iqp – тауар айналымының жалпы индексі, және - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны.

Осы формуланың алымы мен бөлімінің орнына кестедегі мәндерді қойып, төмендегідей көрсеткіштер аламыз:



Бұл индекс ағымдағы кезеңде сатылған тауарлардың жалпы құны базалық кезеңмен салыстырғанда қалай және қаншаға өзгергенін сипаттайды, яғни тауар айналымының 37,4 процентке өскенін немесе 40600 теңгеге көбейгенін көрсетеді.



Тауар айналымының мұндай өзгеруіне екі түрлі себеп әсерін тигізген. Біріншіден, екі кезеңдегі сатылған тауарлардың сандық мөлшері өзгерсе, екіншіден, олардың бағасы өзгерді. Бірақ, осы себептердің әрқайсысы жалпы өзгеріске қаншалықты, қалай ықпалын тигізгенін жеке есептеуге болады. Оны анықтау үшін осы берілген көрсеткіштердің біреуін екі кезең бойынша тұрақты етіп алып, ал екінші көрсеткішті өзгермелі түрде аламыз. Мысалы, сатылған таур көлемінің өзгеруі жалпы тауар айналымына қалай әсерін типгізгенін анықтау үшін, оның екі мерзімдегі көлемін тұрақты бір салыстырмалы бағаға көбейтіп, одан шыққан қосындылардың шамасын бір-біріне бөлеміз. Демек, тауар айналымының көлемдік жалпы индексін есептейміз:

Енді осы формулаға кестедегі мәндерді қойып, тауар айналымының физикалық көлемінің жалпы индексін есептейміз:



Мұнан, ағымдағы кезеңде базалықк кезеңмен салыстырғанда тауарларды саты саны орташа есеппен 9,3 процентке өскенін немесе соның салдарынан тауар айналымының 10100 теңгегң көбейгенін көруге болады. Сонымен, жалпы тауар айналымы 37,4 процентке өскен болса, онда оның 9,3 проценті тек қана сатылған тауарлар санының өзгеруі салдарынан, ал қалғаны басқа себептерге байланысты болған.



Жалпы тауар айналымына сатылған тауарлар санының өзгерісіне орай, олардың бағаларының өзгеруі де әсерін тигізеді. Оның ықпалын білу үшін сатылған тауарлардың жалпы құнын білуіміз керек. Оны есептеу үшін екі мерзімдегі бағаны өзгертіп, ал сатылған тауарлардың санын тұрақты түрде ағымдағы кезеңмен аламыз. Содан соң тауарлардың санын бағаларынан көбейтіп, одан шыққан екі мерзімдегі тауар айналымын бір-бірімен салыстырамыз. Демек, алымын бөліміне бөлеміз. Мұны бағаның жалпы индексі деп атайды. Кейде бұл индексті оның авторының атымен Пааше индексі деп те атайды. Статистикада бағаның жалпы индексі мына формула арқылы өрнектеледі:



Кестедегі мәліметтер бойынша:

Соынмен, ағымдағы кезеңде сатылған тауарлардың жалпы бағасы базалық кезеңмен салыстырғанда орташа есеппен 25,7 процентке өскен. Соның салдарынан халық сатып алған тауарлары үшін 30500 теңге артық жұмсаған.



Статистикада осы есептелген үш индекстердің арасында мынадай өзара байланыс бар: тауар айналымының жалпы индексі әрқашан көлемдік жалпы индекс пен бағаның жалпы индексінің көбейтіндісіне тең болады: яғни, .

Біздің есептлеген көрсеткіштеріміз бойынша бұл теңдестік мынаған тең: 1,374=1,093*1,257.

Индекстердің осындай өзара байланысы арқылы есептелген көрсеткіштерді тексеруге өте қолайлы болса, екіншіден, екі индекстің көрсеткіштерін қолдана отырып, үшінші индексті есептеуді жеңілдетуге толық болады. Мысалы, тауар айналымы мен көлемдік жалпы индекс арқылы бағаның жалпы индексін немесе тауар айналымы мен бағаның жалпы индексі арқылы көлемдік жалпы индексті оңай есептеуге болады.

Осы индекстер негізінде есептелген нақты шамалар да өзара байланыста болады. Біздің мысалымыз бойынша ағымдағы кезеңдегі тауар айналымы базалық кезеңмен салыстырғанда 40600 теңгеге артқан, оның ішінде сатылған тауар санының өзгеруі салдарынан 10100 теңгеге, ал бағаның өзгеруі салдарынан 30500 теңгеге көбейген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет